Арба астында қалшылдап иіріліп тұр, Кеше қырыққан жүнсіз қой арық - тұрақ

Көп уақыт жаңбыр көрмей, қурап, күйіп,
Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық,
Шөлдеген сол қатарда жан - жануар
Аузына тұра алмаған тілі сыйып.
Айналған Сарыарқамен қоштасуға,
Бір жаңбыр жібермесе құдай иіп,
Садақа неше беріп, жаңбыр сұрап,
Намазды неше оқыған жұрт жиылып.
Көп уақыт зарықтырып, ақырында,
Күнбатыстан қара бұлт жауды құйып.
Сіркірей, шүмектеп, күн жалтылдаған.
Көк жерге құлағандай шартылдаған.
Кей уақыт жердің беті аппақ болды,
Жұмыртқадай бұршақпен сартылдаған.
Ыстық жерге өршитін жылан - шаян
Жан сақтауға ін таппай қалтылдаған.
Таулардан бейіл кеңін ағып бұлақ,
Кей үйлер талқан болып жатыр құлап.
Сонда кемпір от үріп, тұтата алмай,
Шалына төрде отырған айтты жылап:
Тезек су, кешегіден сүт шикі тұр,
Тілек қылған ел ақымақ жаңбыр сұрап;
Арба астында қалшылдап иіріліп тұр,
Кеше қырыққан жүнсіз қой арық - тұрақ.
Бір жағынан жалтылдап зәрені алып,
Күркіреуден міне тұр тынып құлақ.
Бір үргенде жанатын тезек майдай,
Жаңбырдан маған артық ыстық шуақ!
Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң тез,
Келген заман бостандық жаңбырмен тең,
Уақтыма тезек құрғақ болмады деп,
Кемпірдей қашпа құдай рақыметінен.
Жаңбырдан соң көгерген Сарыарқадай,
Бостандықтың күшімен көгерсін ел,
Дейсіңдер тыныш кетті, күнде сайлау ,
Кемпірден жоғарғы айтқан қай жерің кем?



Ұқсас жұмыстар

Қарасанмен ауырған мал еті
Еңсеп. Әңгіме
СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының тілінің стилдік ерекшелігі
Торғай диалектілерін топтастыру
Қарасан кезінде қолданылатын биопрепараттар
Қарасан ауруының анықтамасы, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, емі, алдын алу шаралары.
Қарасан кезіндегі биопрепараттар жайлы
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
ТОҚТАРБАЙҰЛЫ ҚОБЫЛАНДЫ
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау