Географиялық және экологиялық түртүзілумен танысу
Сабақтың тақырыбы
Түртүзілу жолдары мен жылдамдығы. Географиялық және экологиялық түртүзілу (11-сынып).
Сабақтың мақсаты
- Түртүзілу жолдары мен жылдамдығын сипаттау.
- Географиялық және экологиялық түртүзілу түрлерімен танысу.
- Түртүзілуге әсер ететін сыртқы экологиялық факторларды түсіну.
Күтілетін нәтиже
- Түртүзілу жолдары мен жылдамдығын сипаттайды.
- Географиялық және экологиялық түртүзілу ерекшеліктерін ажыратады.
- Сыртқы экологиялық әсерлердің түртүзілуге ықпалын түсіндіреді.
- Топта жұмыс істеп, қарым-қатынас құзыреті дамиды.
- Бірлескен оқу арқылы жаңа білімді меңгереді.
Түйінді идея
Оқушылардың сыни ойлауы күшейіп, негізгі ойды дәл әрі нақты жеткізу дағдысы қалыптасады.
Бағалау
Табыс критерийлері бойынша: бағалау шарты мен бағалау парағы қолданылады.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Қолданылатын әдістер
- Ой қозғау.
- Домино ойыны арқылы топтастыру.
- Жеке және топтық жұмыс.
- «Кім жылдам?» әдісі.
- Блиц-турнир сұрақтары.
- Блум таксономиясы: білу, түсіну, талдау, жинақтау, қорытындылау, бағалау.
Ресурстар
Сабақ құрылымы оқушының белсенді қатысуын, ынтымақтастықта жұмыс істеуін және дәлелді пікір айтуын қолдауға бағытталған.
Сабақтың барысы
Кіріспе
СтартПсихологиялық ахуал
Мұғалім оқушылармен амандасып, түгелдейді. Сабақты Төле бидің нақыл сөзімен бастайды:
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, үйренгеннен ештеңең кетпейді».
«Кім жылдам?» сұрақтары
- Бейімделушіліктің қандай түрлері бар?
- Бүркеніш рең дегеніміз не?
- Сақтандырушы рең дегеніміз не?
- Қауіп төндіруші реңге мысал келтір.
- Түйсік-сезімдік бейімделу дегеніміз не?
- Ұрпағына қамқорлық жасауды қалай түсінесің?
Таныстырылым (Блум: білу, түсіну)
Ой қозғауЖаңа тақырыпты ашу
Мұғалім тақтадан бірнеше сөздер мен суреттер көрсетіп, оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қояды. Осы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты бірлесе айқындалады.
Топтастыру және мәтінмен жұмыс
«Домино» әдісі арқылы түрлі-түсті парақтармен топқа бөлінеді. Әр топ парақтағы тапсырмаға сәйкес мәтінмен жеке жұмыс жасап, кейін топ ішінде мәтінді бөлімдерге бөліп талдайды.
Назар аудару
Мақсат — ұғымдарды жаттау емес, түртүзілуге әкелетін негізгі механизмдерді (оқшаулану, өзгергіштік, сұрыпталу) себеп-салдар байланысымен түсіндіру.
Негізгі бөлім (Блум: талдау)
10 минутТоптық жұмыс
Мұғалім жаңа тақырып бойынша мәтінмен жұмысты ұйымдастырады. Топтарға негізгі мәселені ашатын постер дайындау тапсырмасы беріледі.
- Түртүзілу жолдарын салыстыру
- Жылдамдыққа әсер ететін факторларды көрсету
- Мысалдармен негіздеу
Сергіту сәті: «ЗЗ» ойыны
Ойын оқушыларды ынтымақтастыққа, сыйластыққа және бірін-бірі тыңдап, түсіне білуге үйретеді. Мұғалім ойынның шартын түсіндіреді.
Жоба қорғау
«Білгенге маржан…»Әр топ постерін қорғайды: ұғымдарды нақтылап, дәлел келтіріп, қорытынды жасайды.
Қалыптастырушы бағалау
Топтық жұмыс «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады: түсінікті, ішінара, қосымша түсіндіру қажет деңгейлері бойынша кері байланыс беріледі.
Қорытынды (қорытындылау, бағалау)
Сабақ соңында білім жүйеленіп, негізгі ұғымдар нақты бекітіледі. Оқушылар жауаптары дәлелді әрі қысқа тұжырымдалуына назар аударылады.
Блиц-турнир сұрақтары
- Түртүзілу үдерісіндегі географиялық оқшаулану дегеніміз не?
- Түр түзілу түр тармағы арқылы жүзеге асатынын кім анықтаған?
- Мутация ілімінің негізін кім қалаған?
- Дивергенция дегеніміз не?
- Аллопатриялық түртүзілу деп нені айтамыз?
- Симпатриялық түртүзілу қалай аталады?
Үй тапсырмасы
- §25 тақырыпты мазмұндау.
- Ерекше тапсырма: түртүзілуге байланысты хабарлама немесе презентация дайындау.
Кері байланыс
Стикер арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» немесе қысқа диалог формасында ұсыныс пен пікір қалдырылады.
Астана қаласы, №84 мектеп. Биология пәні мұғалімі: Сулейменова Зуара Байгараевна.