Абайдың анасы

Сабақ тақырыбы

М. Дулатов «Қырдан келген жас қазақ»

Түрі

Аралас сабақ

Типі

Жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • «Бес жолды өлең»
  • Топтастыру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға Шоқан Уәлиханов және әңгіменің авторы Міржақып Дулатов туралы түсінік беру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын өз сөзімен жүйелі айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Оқу мен білімге қызығушылықты арттыру; байланыстырып сөйлеу тілін, оқу техникасын дамыту; сөздік қорды молайту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ақылды, білімді, өз елін және ұлтын сүйетін, адамгершілік қасиеті жоғары азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Шоқан Уәлихановтың суреті
  • Міржақып Дулатовтың суреті
  • Сөзжұмбақ
  • Плакаттар
  • Парақшалар
  • Кесте, сызба
  • Слайд

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Старт

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу үдерісіне жұмылдыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

а) Жатқа айту

Абай «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа айту.

Сұрақтар

  • Абай кім?
  • Қай жылдары өмір сүрген?
  • Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

ә) Сөзжұмбақ

  1. Абай туралы жазған жазушы.
  2. Ақын қыстауы.
  3. Абайдың әкесі.
  4. Абай дүниеге келген облыс.
  5. Абайдың анасы.
  6. Абайдың әжесі.

Жауап үлгісі

МҰХТАР • ЖИДЕБАЙ • ҚҰНАНБАЙ • СЕМЕЙ • ҰЛЖАН • ЗЕРЕ

б) Қорытынды сұрақтар

  • Адам баласының білімді болуы үшін не қажет?
  • Ғылымға, білімге ұмтылуға кедергі болатын нәрселер қандай?

III. Жаңа тақырыпты таныстыру

1) Кіріспе: автор туралы

Автор
Міржақып Дулатов
Лақап аты
Мир Якуб
Туған жері
Сарықопа уезі, Торғай облысы
Туған күні
25 қараша, 1885 жыл
Қайтыс болған күні
5 қазан, 1935 жыл (49 жас)
Ұлты
Қазақ
Әкесі
Дулат
Шешесі
Дәмеш

Негізгі қырлары

  • Көркемсөз шебері, ақын
  • Ағартушы, жазушы
  • Қоғам қайраткері
  • «Бақытсыз Жамал» романының авторы

2) Түсіндірме: Шоқан туралы

Мұғалім Шоқан Уәлиханов туралы қысқаша мәлімет береді: оның ғалым, зерттеуші, саяхатшы әрі тарихшы ретіндегі еңбегіне тоқталады.

3–5) Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  • Мазмұнын түсіндіреді.
  • Оқушылар мәтінді іштей оқып, тізбектей дауыстап оқиды.

IV. Жоспар бойынша сұрақ-жауап

  1. Оқуға түскен Шоқан
  2. Зерек Шоқан
  3. Достоевский мен Дуров
  4. Потаниннің пікірі
  5. Елін сүйген Шоқан

V. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Қысқа сергіту жаттығуларын орындау.

VI. Шығармашылық тапсырма

Күннің суретін салып, ортасына «Шоқан» деп жазыңдар. Әр сәулесіне қызыл түспен белгіленген қасиеттерді орналастырыңдар.

Ақылды Ақжүрек Зерек Суретші Білімді Ұлтын сүйетін

Проблемалық сұрақ

Күнге тағы қандай сәулелер қосар едің?

VII. Ой-толғаныс

«Бес жолды өлең» үлгісі

1-жол: Шоқан

2-жол: Зерек, ұлтын сүйетін

3-жол: Оқыды, үйренді, пайда келтірді

4-жол: Халқына қызмет жасады

5-жол: Ойы, пікірі тез ашылды

VIII. Сабақты қорытындылау

Парақшаларды таратып, төмендегі тіркестер арқылы оқушылардың жауабын тыңдап, қорытынды жасалады.

  • Кадет корпусында
  • Білімді адамдардың арасында
  • Суретін салып беретін
  • Қазақ халқы үшін қызмет жасау
  • Ғылымға ұмтылу, қазақ халқына пайда келтіру

IX. «Түртіп алу» стратегиясы

Оқушылар кестені толтырады: «Білемін / Білмеймін / Білгім келеді».

Білемін Білмеймін Білгім келеді
Шоқан Уәлиханов — ғалым, саяхатшы, тарихшы. Отбасы туралы толық дерек. Шығармалары мен еңбектері туралы көбірек білу.

X. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
  • Шоқан Уәлиханов пен Міржақып Дулатов туралы қосымша мәлімет жинап келу.

XI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, жауаптарының нақтылығы және шығармашылық тапсырмадағы белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.