Шолпан жұлдызы
Сабақ тақырыбы
С. Сейфуллин — «Дала» өлеңі.
Мақсаты (білімділік)
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет беру арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашуға жағдай жасау.
Мақсаты (дамытушылық)
Оқушының ізденімпаздық қасиетін дамыту; ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; білім, білік-дағдыларын арттыру.
Мақсаты (тәрбиелік)
Отансүйгіштікке, сыйластыққа және ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақты игеру.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау, суреттеу, пікір айту, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, маркер, плакат, портрет, қосымша материалдар.
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн сәттілікке толсын!
Біздер алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Психологиялық дайындық
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
Топқа бөлу
-
1-топ
Раушан
-
2-топ
Түймедағы
-
3-топ
Қызғалдақ
Ұйымдастыру
- Топпен танысу
- Топ ережелерімен таныстыру
- Топ басшыларын сайлау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Үй тапсырмасын сұрау
Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» әңгімесі бойынша сұрақтар.
-
1. Бала таңға жақын неге далаға шықты?
-
2. Бала Шолпан жұлдызын қалай таныды?
-
3. Баланың көңілінде қорқыныш пен үрей неліктен болды?
-
4. Таңның атқанын көрген кездерің бар ма?
Өткенді пысықтау: «Жұлдыздар жұмбағы» ойыны
Шарты: жұлдыздар туралы жұмбақтар мен сұрақтарға жауап беру арқылы жасырынған жаңа сабақтың атауын табу.
1) Темірқазық жұлдызы
Темірқазықты Жетіқарақшының шеткі екі жұлдызы арқылы табуға болады. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы түнгі бағытты және түн мезгілдерін айыруда Темірқазықты айнала қозғалатын Жетіқарақшыны жиі пайдаланған.
Сұрақ: Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?
2) Жетіқарақшы
Жетіқарақшы — Солтүстік жарты шардағы шоқжұлдыз. Жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Ең жақсы көрінетін айлары — наурыз, сәуір.
Сұрақ: «Өзен» өлеңінің авторы кім?
Сұрақ: «Аясында» сөзі нені білдіреді?
3) Күн
Күн — Жерге ең жақын жұлдыз. Оның төңірегінде (Жерді қоса есептегенде) тоғыз ірі аспан денесі айналып жүреді. Ол да өзге жұлдыздар сияқты лаулап жанып тұрған газды шар.
Сұрақ: Мемлекеттік рәміздерді ата.
Сұрақ: Киіктің лағы қалай аталады?
4) Шолпан жұлдызы
Шолпан — Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар әрі ең ыстық планета. Бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, себебі ол қалың бұлтпен қапталған. Сондықтан «таңғы жұлдыз» және «кешкі жұлдыз» деп те аталады: таң атарда және ымырт түскенде аспанда алғаш болып жарқырап көрінеді.
Сұрақ: «Шыбынсыз жазды» автор қай жерден кездестірді?
Сұрақ: Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Жұмбақтың шешуі: дала
Ой толғау
«Дала» дегенде көз алдыңа не елестейді?
Жаңа сабақ: Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңі
Өлең авторымен танысу
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894–1938) — Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, драматургі және көрнекті қоғам қайраткері. Оның «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары, «Тар жол, тайғақ кешу» романы және «Наурыз», «Туған ел» өлеңдері бар.
Дәптермен жұмыс
- Сәуірдің он жетісі
- Сәкен Сейфуллин
- «Дала»
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
Іштей оқу
Топпен талдау
Топтық жұмыс: «Ойланайық, талдайық, пікірлесейік»
Раушан тобы
- Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімдерге теңейді?
- Ана сен үшін кім?
Түймедағы тобы
- Жазғы даланы неліктен кестелі жібек көрпеге теңеген?
- Егер сен туған жерден жырақта жүрсең, сағынышыңды қалай басар едің?
Қызғалдақ тобы
- Ақын нені көк ала кілемге теңейді?
- Өз ауылыңды көгалдандыруға өз үлесіңді қалай қосар едің?
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Шығармашылық жұмыс (топтық)
Раушан тобы
Постермен жұмыс: «Даланы неге теңейсіңдер?»
Түймедағы тобы
«Ойшыл балалар»: Венн диаграммасы арқылы табиғат пен ананы салыстыру.
Қызғалдақ тобы
«Ақындық өнер»: көктем тақырыбында бір шумақ өлең құрастыру.
Сабақты бекіту және қорытындылау
Бекіту
Негізгі ойлар мен тапсырмалар бойынша қысқаша қорытынды жасалады.
Үй тапсырмасы
«Дала» өлеңін жаттау.
Кері байланыс және бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланып, кері байланыс алынады.