Сен бақытты ұлансың топтастыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тасымал тақырыбын меңгерту; өлеңді шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуға үйрету; өлеңнің мағынасын ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту; байланыстырып сөйлеу дағдысын, есте сақтауын, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту; сұраққа нақты әрі толық жауап беруге жаттықтыру.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру; әдемі, таза, сауатты жазуға және ұқыптылыққа баулу; отбасы мүшелерін қадірлеуге, құрметтеуге, Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Дәстүрлі сабақ.
Типі
Аралас сабақ.
Әдістері мен көрнекіліктері
- Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
- Көрнекілік: тірек-сызба, тест тапсырмалары, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу, зейінін сабаққа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтінді оқыту, мазмұнын айтқызу.
- Оқушылардың сұрақ қоюы және жауап беруі.
- Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айтқызу.
Үй тапсырмасын бекіту: тест сұрақтары
-
1. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша не болады?
- а) буын
- ә) әріп
- б) сөйлем
-
2. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
- а) тая-қ
- ә) жұ-мырт-қа
- б) дә-п-тер
-
3. Бір буынды сөзді тап.
- а) қарағай
- ә) таға
- б) шөп
-
4. Екі буынды сөзді тап.
- а) аспан
- ә) үй
- б) долана
-
5. Мына сызба (Δ–Δ) бойынша берілген сөзді тап.
- а) ба-тыр
- ә) да-на
- б) а-қын
Жұптық тексеру: тест кілті ілінеді, нәтижелер өзара салыстырылады.
Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
3) Жаңа сабақ
Көркем жазу минуты
Тт — табиғат
Табиғат қандай тамаша!
Талдау сұрағы: «Қарындаш» сөзінде неше буын бар?
Буынға бөлу үлгісі: қа-рын-даш.
67-жаттығу
- Үлгі бойынша үш қатарға үш сөзден орындату.
- «Қарағай», «ұшқыштар», «автобус», «дөңгелек» сөздеріне сөйлем құрату.
- Сызба бойынша сөздің қалай бөлінгенін және не себепті солай бөлінгенін талдату (оқушылардың пікірін тыңдау).
Ереже: тасымал
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Тасымалданған бөліктен кейін қысқа сызықша (дефис) қойылады.
Жұмыс түрі: жекелей оқыту және түсіндіру.
№1 дәптер: 1-тапсырма орындалады.
М. Қуанышбеков — «Сен бақытты ұлансың»
- Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
- Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы.
- Тізбектей оқыту.
- Өлеңнің жалпы мағынасын түсіндіру.
Талдау сұрақтары
- Өлеңде кімдер туралы айтылған? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- а) Ата туралы айтылған жолдарды тап.
- ә) Аға туралы айтылған жолдарды тап.
- б) Ел–Отан туралы айтылған жолдарды тап.
- Өлең мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?
4) Сабақты бекіту
1. «Сен бақытты ұлансың» тақырыбы бойынша топтастыру
Негізгі ойды ашатын тірек сөздерді жинақтап, мағыналық байланысын көрсету.
2. Дидактикалық ойын: «Өз үйіне орналастыр»
Ойын мақсаты: берілген сөздерді екі «үйге» бөліп орналастыру: дұрыс тасымалданған және дұрыс тасымалданбаған.
Берілген сөздер
Ер-тегі, қ-ант, дәрі-гер, дом-быра, асх-ана, қаһар-ман, жа-палақ, қай-ық, жаңал-ық, қарын-даш.
Дұрыс тасымалданған
Оқушылар осы бөлікке дұрыс нұсқаларын орналастырады.
Дұрыс тасымалданбаған
Оқушылар осы бөлікке қате нұсқаларын орналастырады.
5) Үйге тапсырма
- М. Қуанышбековтің «Сен бақытты ұлансың» өлеңін мәнерлеп оқу.
- 68-жаттығу: сөздердің бір немесе бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазу.
6) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы, мәтін/өлеңді оқу мәнері және тасымал ережесін қолдануы бойынша бағалау.