Қосындының компоненттерін қайталау

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Өрнектерді өзара салыстыруды үйрету.
  • Теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Құрастыру және есептеу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық

  • Танымдық тапсырмалар мен ребустар арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

  • Зейінділікке тәрбиелеу.
  • Тапқырлыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын!

Күлші, кәне, досым,

Бүгін жұма күн міне,

Сәттілікке толсын.

«4» пен «5» бағалар

Күнделікке толсын!

Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

III. Тірек білімдерін жетілдіру (қайталау)

  • Айырманың компоненттерін қайталау.
  • Қосындының компоненттерін қайталау.
  • Кесінді, үшбұрыш және шаршы ұғымдарын қайталау.
  • Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру.

IV. Жаңа сабақ (жаңа материал)

Оқушыларды белсенді қатыстыра отырып, практикалық жұмыс жүргізіледі. Тақтаға алдымен 3 ұл және 3 қыз шақырылады, олардың саны жазылады. Содан кейін 4 ұл және 4 қыз шақырылып, екінші қатарға тұрады.

Тақтадағы жазылым

3 + 4 = 4 + 3

Бір ұл мен бір қызға орындарына отыру ұсынылады.

Талқылау сұрақтары

  • Енді өрнектерді жаза аламыз ба?
  • Не шықты?
4 + 3
3 + 2

Қорытынды: екі өрнекті салыстыру үшін алдымен олардың мәндерін табу керек.

Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма (ауызша)

Дөңгелектерді саната отырып, өрнектерді талдап түсіндіру және орындау.

4 + 2
4 + 1
6 − 2
6 − 1
6 − 2
4 + 1

№2 тапсырма

Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.

№3 тапсырма

Қалып қойған сандарды ата:

… 5 …
7 …
… 5
4 … 6
0 … 2

№4 тапсырма (дәптерге)

Тапсырманы дәптерге орындау. Өтілген материалды бекіту.

V. Өздік жұмыс

№4 (63-бет). Таңбасын қойып салыстыр:

3 + 1 * 1 + 2
3 − 2 * 3 − 1
4 − 2 * 2 + 2
4 − 3 * 1 + 1

Ескерту: «*» орнына <, > немесе = таңбасын қойып, теңдік/теңсіздік құрастыр.

VI. Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егемен ел көрдік.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Әдемі етіп жазайық.

VII. Дәптермен жұмыс (салыстырудың екі тәсілі)

№1 тапсырмада алдымен сурет бойынша өрнектер құрастырылады. Оларды тақтаға немесе дәптердегі суреттің астындағы торкөздерге жазған дұрыс. Суретке сәйкес өрнектерді міндетті түрде дауыстап оқыту ұсынылады. Содан кейін балаларға өрнектерді салыстыру тапсырылады.

1-тәсіл

Алдымен өрнектің мәнін тап (қажет болса, үстіне жазып қоюға болады), содан кейін салыстыр.

2-тәсіл

Өрнектің құрамын салыстыр: мысалы, сол жақта 2-ге 1-ді қостық, ал оң жақта 2-ге 2-ні қостық. Демек, сол жақтағы өрнек кем.

VIII. Сабақты қорытындылау

Сабақ соңында негізгі ережені бекіту: өрнектерді салыстыру үшін олардың мәнін табу және нәтижені дұрыс таңбамен көрсету.

IX. Мадақтау

Жақсы жұмыс істеген оқушылар мадақталады.