Оркестр командасына берілетін сұрақтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр және композиторлардың оркестрге арналған шығармалары туралы алған білімдерін қорыту.
Дамытушылық
- Өз бетімен оқып-үйренуге ықпал ету, музыкалық шығармалардың ерекшелігін талдай білуге дағдыландыру.
- Жеке және топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын еркін жеткізуге қалыптастыру.
- Ұжымдық, шығармашылық жұмысты ұйымдастырып жүргізе білуге баулу.
Тәрбиелік
Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық тұрғыда сезінуге тәрбиелеу. Халық аспаптарының үнділігі мен саздылығын, көркем-эстетикалық қырларын терең талдау арқылы оқушылардың ұлттық көзқарасы мен санасын оятып, Отанның нағыз азаматы болуға баулу.
Сабақтың ресурстары мен ұйымдастырылуы
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
- тірек-сызба
- электрондық оқулық
- компьютер
- күйтабақ
- Венн диаграммасы
- сөзжұмбақ
- ребус
- ойын құралдары
- музыкалық аспаптар
- Yamaha
- бағалау парағы
- жауап үлгілері
- қанатты сөздер
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Қорыту және бекіту сабағы
- Әдіс-тәсілдер
- зерттеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, интеллектуалдық ойын, өзін-өзі бағалау
- Пәнаралық байланыс
- тарих, әдебиет, математика, информатика
Сабақ жоспары (уақыт бөлінісі)
-
Ұйымдастыру кезеңікіріспе, сабаққа дайындық
-
Интеллектуалдық «Бақытты сәт» ойыны20 минут
-
А. Жұбанов — «Ақ көгершін» әнін үйрену10 минут
-
Шығармашылық жұмыс10 минут
-
Қорытынды5 минут
Сабақтың басталуы
Сабақ мектеп домбырашылар оркестрінің орындауындағы халық күйі «Жастар» (Модуль №3, 4-сабақ) шығармасымен ашылады.
Интеллектуалдық «Бақытты сәт» ойыны
Құрал-жабдық
- Ноталар
- Ортақ бағалау парағы
- Фишкалар
- Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақтан)
- Конкурс тапсырмалары
- Жауап үлгілері
Ойын ережесі
- Сынып екі командаға бөлінеді; әр команданың атауы мен капитаны болады.
- Ойын 5 геймнен тұрады.
- Әр гейм тапсырмаларын орындауға 5 минут беріледі.
- Жауаптар фишка арқылы бағаланады; дұрыстығын қарсы команда үлгі парақпен тексереді.
- Ойынға кіріспе ретінде «Домбыра» ребусы мен «Оркестр» сөзжұмбағы шешіледі.
«Оркестр» сөзжұмбағы (көлденеңінен)
1. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын аспап
Шанқобыз
2. Үш ішекті шертіп ойнайтын аспап
Шертер
3. Ішекті аспаптардың негізгі бөлігі
Ішек
4. Көп ішектен тұратын музыкалық аспап
Жетіген
5. Қурайдан жасалатын аспап
Сыбызғы
6. Сілкіп ойнайтын аспап
Асатаяқ
7. Халқымыздың көне шежіресі атанған музыкалық аспап
Домбыра
I гейм — «Бой сергіту» (сұрақ-жауап)
Әр командаға 10 сұрақ беріледі. Талдауға 5 минут. Бір өкіл жауап береді, қарсы команда жауап үлгісімен тексереді. Дұрыс жауаптар фишкамен бағаланады.
Ортақ сұрақтар (екі командаға)
- Оркестр дегеніміз не? — Дыбыс бояуы мен диапазоны әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттар ұжымы.
- Оркестрдің қандай түрлері болады? — Симфониялық, камералық, эстрадалық, үрлемелі және халық аспаптар оркестрі.
- Симфониялық оркестр дегеніміз не? — Ішекті, үрлемелі және ұрмалы аспаптардан тұратын, опера, балет және симфониялық шығармаларды орындайтын жетілдірілген оркестр.
- Үрлемелі аспаптар оркестрі қандай аспаптардан тұрады? — Фагот, гобой, тромбон, саксафон, валторна, труба.
- Халық аспаптар оркестрі қандай аспаптардан тұрады? — Домбыра, қобыз, сырнай, бас домбыра, бас қобыз, ұрмалы аспаптар.
- Эстрадалық оркестрге қандай аспаптар жатады? — Гитаралар, барабандар, синтезатор (Yamaha).
- Камералық оркестр дегеніміз не? — Негізінен ішекті аспаптардан тұратын оркестр.
- Симфониялық музыка дегеніміз не? — Симфониялық оркестрге арналған музыка.
- «Симфония» сөзі қандай мағына береді? — «Дыбыстар бірлестігі».
- «Жайлауда» симфониялық поэмасының авторы кім? — Қапан Мусин.
«Оркестр» командасына арналған сұрақтар
- Халық аспаптар оркестрі қай жылы құрылды? — 1934 жылы.
- Тұңғыш дирижері және ұйымдастырушысы кім? — Ахмет Жұбанов.
- А. Жұбановтың ғылыми еңбектері қандай кітап болып шықты? — «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Құрманғазы».
- Ахмет Жұбанов кім? — Ұстаз, профессор, академик, ғұлама ғалым, музыка зерттеушісі, композитор.
- Халық аспаптары қандай түрлерге жіктеледі? — Ішекті, үрмелі, ұрмалы, сілкіп ойнайтын.
- Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? — Домбыра, қобыз, шертер, жетіген.
- Ұрмалы аспаптар қалай аталады? — Дабыл, дауылпаз, даңғыра, кепшік.
- Үрмелі аспаптар қандай? — Сазсырнай, үскірік, сыбызғы.
- Сілкіп ойнайтын аспаптар қандай? — Асатаяқ, қоңырау.
- 2006 жылы ЮНЕСКО аясында 100 жылдығы аталып өткен композитор кім? — Ахмет Жұбанов.
II гейм — «Клавиштер сөйлейді»
Команда мүшелері конверттен ноталарды алады. Жүргізуші нөмір бойынша сұрақты оқиды. Топ ішінде талқылағаннан кейін капитандар жауап береді.
«Оркестр» командасының тапсырмалары
- Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармаларын топтастыр.
- Симфониялық оркестрге арналған композиторлардың шығармаларын топтастыр.
-
Мына өлең жолдарының авторын анықта:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ — домбыра.
Қадыр Мырзалиев
- Нота мысалындағы динамикалық таңбаларды анықта.
- Есеп шығар.
«Домбыра» командасының тапсырмалары
- Халық аспаптар оркестріне арналған композиторлардың шығармаларын топтастыр.
- Қапан Мусиннің шығармаларын топтастыр.
-
Мына өлең жолдарының авторын анықта:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Мұқағали Мақатаев
- Нота мысалынан динамикалық таңбаларды анықта.
- Есеп шығар.
III гейм — «Жұмбақтас»
Электрондық оқулық бойынша тапсырма. Жүргізуші сұрағына кім жылдам жауап берсе, сол команда ұтады. Жауап дайын болғанда команда скрипка кілтін көтереді.
IV гейм — «Көңілді ноталар»
Музыка тыңдалып, оның атауы мен авторы анықталады.
V гейм — «Көсемдікке ұмтылу»
Барлық ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа командаға 1 балл қосылады. Ең көп балл жинаған команда жеңеді.
Динамика терминдері (V гейм сұрақтары)
1. «Динамика» сөзі грек тілінде нені білдіреді?
Күшейту
2. Forte дегеніміз не?
Қатты, күшті
3. Piano дегеніміз не?
Ақырын, жай
4. Mezzo-forte нені білдіреді?
Орташа күшпен
5. Mezzo-piano дегеніміз не?
Орташа ақырын
6. Pianissimo дегеніміз не?
Өте ақырын, жай
7. Fortissimo нені білдіреді?
Өте күшті, қатты
8. Crescendo дегеніміз не?
Бірте-бірте күшейту
9. Diminuendo сөзінің мағынасы?
Бірте-бірте бәсеңдету
10. Sforzando дегеніміз не?
Кенеттен күшейту
Ойын соңында «Бақытты сәт» интеллектуалдық ойынының қорытындысы шығарылады.
«Ақ көгершін» әнін үйрену (А. Жұбанов)
Жаттығу және орындау реті
- Дауыс жаттықтыру.
- До минор гаммасын айту.
- Мұғалімнің орындап беруі.
- Нотамен, дирижерлау арқылы айту.
- Әр тармақтың сөзін жеке меңгеру.
- Әнді толық орындау.
Назар аударатын тұстар
- Динамикалық белгілерді дәл сақтау.
- Фразаны дұрыс бөлу, тынысты орнықты алу.
- Сөз бен әуеннің үйлесімін сезіну.
Шығармашылық жұмыс
Зерттеу тапсырмасы
Қазақтың халық аспаптар оркестрінің құрылу тарихын зерттеу.
Салыстыру тапсырмасы
Симфониялық оркестр мен халық аспаптар оркестрінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
«Музыканың шарықтау шыңы» ойыны
Оқушылар музыкалық терминдердің ішінде «кульминация» сөзін табады және оның мағынасын түсіндіреді.
Оркестрді тану тапсырмалары
Халық аспаптар оркестрінің орналасу тәртібі туралы сұрақтар мен шығармаларды сәйкестендіру.
1. Нұрғиса Тілендиевтің шығармасы
«Ата толғауы»
2. Кенжебек Күнісбековтың шығармасы
«Фараби сазы»
3. Мәкәлім Қойшыбаевтың оркестрге арналған шығармасы
«Қазақстан»
4. Еркеғали Рахмадиевтің симфониялық күйі
«Дайрабай»
5. Евгений Брусиловскийдің симфониялық поэмасы
«Сарыарқа»
6. Ахмет Жұбановтың сюитасы
«Абай»
7. Әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттар тобы
Оркестр
8. Қандай халық аспаптар оркестрлерін білесің?
Оқушы жауабы
9. Фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерді ата
Оқушы жауабы
Қорытынды бөлім
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Елімізді көрегенділікпен алға бастап, айқын бағдар ұстанған Елбасы ұсынған мақсаттардың бірі — «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу.
Сендердің мақсаттарың — «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақта» деген қағиданы басшылыққа алып, жан-жақты дамыған, мәдениеті жоғары, тәрбиелі әрі өнерлі тұлға болып қалыптасу.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушылардың білімі бағаланады, үй тапсырмасы беріледі.
Сабақтың аяқталуы
Сабақ мектептің фольклорлық ансамблінің орындауындағы халық күйі «Салтанат» шығармасымен қорытындыланады.