Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы
Елімен бірге — Елбасы
Түрі
Саяхат сабағы
Мақсаты
- Қазақтың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мағлұмат беру.
- Отанды, халықты сүюге, нағыз азамат әрі шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
- Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Әдісі
- Баяндау
- Топтық жұмыс
- Постер қорғау
Көрнекілігі
Сабақ барысы
- I Ұйымдастыру бөлімі
- II Топқа бөлу (5 топ)
- III Сергіту сәті
- IV Ой түрткі
- V Н.Ә. Назарбаев туралы қысқаша мәлімет
- VI Елбасына арналған өлең шумақтары
- VII Топтық жұмыс: «Елбасы туралы бірер ой»
- VIII Шығармашылық жұмыс
- IX Кері байланыс
Ой түрткі: негізгі сұрақтар
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып 5 топқа бөлінеді. Әрі қарай төмендегі сұрақтар арқылы тақырыпқа бағыт беріледі:
Талқылауға арналған сұрақтар
- Отан дегеніміз не?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
Неліктен 1 желтоқсан?
Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда аталып өтеді, себебі 1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті.
Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7% басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша дерек
Туған жері және есімінің қойылуы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында, Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге келді.
Сәбиге ат қою кезінде әжесі Мырзабала: «Немерем екі бірдей есімді алып жүрсін» деп, оның есімін Нұрсұлтан деп ұсынғаны айтылады. Әжесі немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген.
Киноүзінді
Елбасының туған-өскен жері — Үшқоңыр жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіледі.
Отбасы және жеке қызығушылықтары
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы. Ол Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарған.
Үш қызы:
- Дариға — саясат ғылымдарының докторы, «Хабар» агенттігі Директорлар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарған.
- Әлия — «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарған.
Бос уақыттағы әдеттері
Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақытты көп қалдырмайды. Дегенмен сирек үзілістерде Нұрсұлтан Назарбаев өзіне демалыс әрі көңіл сергіту саналатын істерге уақыт бөлуге тырысқан:
- табиғат аясында болу;
- спортпен шұғылдану;
- музыка тыңдау;
- кітап оқу.
Білім жолы және еңбек қызметі
Білімі
- 1960 — Днепродзержинск техникалық училищесін бітірді.
- 1967 — Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын тәмамдады.
- 1976 — КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді.
Еңбек және қоғамдық қызмет
- 1960 — Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып еңбек жолын бастады, домна пешінің аға газдаушылығына дейін көтерілді.
- 1969–1973 — Теміртау қаласында партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Президент болып қайта сайлануы
1999 жылғы 10 қаңтар
Жалпыхалықтық сайлауда 79,78% дауыс алып, Президент болып қайта сайланды.
2005 жылғы 4 желтоқсан
Сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Президент болып қайта сайланды.
Өлең шумақтары және сергіту сәті
Арнау (үзінді)
Лебізі шәкірттердің аса мәнді,
Арналса әр адамға ол да сәнді.
Шәкірттерім арнамақ жылы лебіз,
Елбасына тани білген әрбір жанды.
Оқушылардың қатысуымен (тақпақ айту).
Тәуелсіздік туралы (үзінді)
Тәуелсіздік — рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен — тәуелсізбін, азатпын.
Елбасы — туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін тұлға.
Топтық және шығармашылық жұмыстар
Оқушылар Елбасының өмірі мен қызметі туралы білетін мәліметтерін ортаға салады. Одан кейін топтарға шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.
1–2-топ
Елбасына арнап құттықтау хат жазу.
3–4-топ
Елбасына арнап өлең шығару.
5-топ
Елбасына арнап құттықтау хаттама/ашықхат әзірлеу.
Ән
«Көк тудың желбірегені»
Кері байланыс
Тапсырма
Ойды қысқа әрі нұсқа жеткізу: 1 сурет, 3 сөз.
Нәтиже
Сабақ соңында әр оқушы өз әсерін жинақтап, ең маңызды ойларды белгілеу арқылы қорытынды жасайды.
Қорытынды
Тәрбие сағаты Елбасының сөзімен түйінделеді:
«…Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты — толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев