Топтарда толтырған кестелер арқылы пікір алысу
Сабақ тақырыбы
С. Торайғыров — «Кедей»
Сабақтың мақсаты
СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері
- Білімділік: өлеңнің негізгі ойы мен идеясын меңгерту, тарихи кезеңдерге тоқталу, автор туралы мәлімет беру.
- Дамытушылық: сөздік қорды молайту, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Тәрбиелілік: Отанды сүюге, батылдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Көрнекілігі:
- суреттер топтамасы, сюжетті сурет, кестелер.
- Типі:
- аралас сабақ.
- Түрі:
- топпен жұмыс.
- Әдісі:
- СТО стратегиялары, түсіндіру, тірек-сызба.
Сабақ барысы
1) Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында...
2) Үй тапсырмасын тексеру («Оқу түбі – тоқу»)
I топ
Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінің мазмұнын айту.
II топ
Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
III топ
Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
3) Үй тапсырмасын қорытындылау (тест)
-
1. Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
- А) соғыс жылдары
- Ә) ашаршылық жылдары
- Б) жоңғар шапқыншылығы
-
2. Ашаршылық қай жылдары болған?
- А) 1941–1945 жылдары
- Ә) 1936 жылы
- Б) 1930–1932 жылдары
-
3. «Жырлағаным – кедейдің жыры, сырлағаным – кедейдің сыры. Сырым да бір, жырым да бір – мен де сол кедейдің бірі». Бұл кімнің сөзі?
- А) Б. Майлин
- Ә) Қабанбай батыр
- Б) Б. Соқпақбаев
4) Ой қозғау
Тесттің 3-сұрағындағы өлең шумағында қайталанған сөз қандай? — «Кедей».
«Кедей» сөзін естігенде көз алдыңызға кімдер елестейді?
5) Мағынаны тану
Өлеңді оқу және мағынасын ашу
Кедей
Күзгі түн шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым талай жасқа.
Жұмыс түрлері
- Іштей оқу және тізбектеп оқу.
- Алдын ала таратылған парақтардағы белгілерді пайдалану: + (білемін), v (жаңа ақпарат), ? (түсінбедім/білмеймін).
- Топ ішінде кесте толтырып, пікір алмасу.
- Түсініксіз ұғымдар мен ақпаратты бірлесе анықтау, талдау.
- Сергіту сәті.
6) Ой толғаныс (топтық жұмыс)
Әр топ берілген тапсырма бойынша кесте толтырады: ойды дәлелдеп, өмірден мысал келтіреді.
7) Еркін жазу
Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді.
I топ
Ақын бұл өлеңді неліктен «Кедей» деп атаған?
II топ
«Кедей» деп кімдерді атайды?
III топ
Кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?
Қосымша ақпарат: тарихи дерек
Тарих бетіне үңілсек, қазақ даласында аштықтың бірнеше ірі толқыны болған.
Аштық жылдары
- 1921–1922 жылдардағы аштық
- 1930–1932 жылдардағы аштық
Болу себептері
- 1921 жылы жаздағы қуаңшылық салдарынан малдың шамамен 80%-ы қырылды.
- Мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, үлкен шығын болды.
- Ұжымдастыру қарсаңында 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 4,5 млн ғана қалды.
Зардаптары
- Демографиялық жағдай күрт қиындады.
- Халық саны шамамен үштен бірге дейін азайды.
- 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.
- Қазақ халқының саны тек 1969 жылы ғана толық қалпына келді.
1930–1932 жылдардағы аштық тарихта «Ұлы жұт» деген атпен белгілі.
8) Автор туралы мәлімет
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
9) Бейнесюжет көру
Ашаршылық кезеңіндегі адамдардың тұрмысы мен кескін-келбетін көрсететін бейнематериал қаралады.
Суретке байланысты мақал
Тауда туған құлынның екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болар...
10) Венн диаграммасы
Оқушылар екі мәтінді салыстырып, ұқсастықтарын анықтайды.
Мәтін 1
Негізгі ойлар мен деректер.
Ұқсастығы
Ортақ тақырыптар, ортақ белгілер.
Мәтін 2
Негізгі ойлар мен деректер.
11) Бекіту: «Бес жолды өлең»
- 1. Кім? — Кедей
- 2. Қандай? — аянышты, жұпыны
- 3. Не істеді? — қой бақты
- 4. Не үшін? — күнін көру үшін
- 5. Түйін: жоқшылық туралы ой қорытындысы
12) Қорытынды
Ел тәуелсіздігі тақырыбына тоқталып, бүгінгі күнге баға беріледі. Гүлденіп келе жатқан Қазақстан туралы ой қорытылады.
13) Бағалау
Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады. Әр топ жалаушалармен марапатталады.
14) Үй тапсырмасы
С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңін жаттау.