Үлестірме қағаздармен жұмыс
Сабақтың тақырыбы
Мақсат және себеп–салдар үстеулері.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі
Блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру.
- Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі үстеулердің мағыналық ерекшелігімен таныстыру.
Дамытушылық
- Сауатты жазу дағдысын арттыру.
- Есте сақтау қабілетін, жүйелі ойлауын, тіл байлығын дамыту.
- Үстеулерді сатылай-кешенді талдауға үйрету.
Тәрбиелік
- Білімге құштарлыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
- Ел тарихына үңіле білуге баулу.
Көрнекіліктер
Сызба-кесте, үлестірмелі қағаздар, бағалау жетондары.
Слайд және білім тексеруге арналған техникалық дыбыстық құрал.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу мақсатын нақтылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып: мөлшер үстеуі және күшейткіш үстеу.
- 286-жаттығу.
- Теориялық сұрақтарға жауап беру.
III. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша)
Білім
Мақсат және себеп–салдар үстеулері.
Түсіну
Жаттығу жұмысы, сызба-кесте арқылы түсіндіру.
Қолдану
287-жаттығу, үлестірмелі қағаздармен жұмыс.
Талдау
Мақал-мәтел, жұмбақ арқылы «Кім жүйрік?» ойыны. Сатылай-кешенді талдау.
Жинақтау
Терме диктант: үстеулерді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажырату.
Бағалау
Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан не ұқтым?»
Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі үстеулер
Көне түркі ескерткіштерінде үстеулердің мағыналық жағынан төмендегі түрлері жиі кездеседі:
Мақсат үстеуі
арқада
мағынасы: «кейінде»
Мезгіл үстеуі
күн түз
мағынасы: «күндіз»
Амал үстеуі
ебру
мағынасы: «кері»
Жаттығулар мен тапсырмалар
287-жаттығу (Түсіну)
- Үстеулерді тауып, тіркескен сөзімен бірге жазу.
- Сұрақ қою арқылы себеп–салдар және мақсат үстеулерін ажырату.
287-жаттығу (Қолдану)
әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыру.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс
1) Құрылысына қарай жіктеу
| Түрі | Мысалдар |
|---|---|
| Негізгі үстеу | кешке, биыл, әрең, әдейі |
| Туынды үстеу | босқа, бұлбұлша |
| Күрделі үстеу | жаздыгүні, емін-еркін |
2) Үстеулерді сәйкестендір
Үстеулер
- Әдейі
- Жорта
- Лажсыздан
- Шалқасынан
- Құр босқа
Тіркестер
- қасақана айтты
- келіспеді
- қайтты
- көнді
- жасады
- құлады
Тапсырма: мағынасына қарай жұптастырып, сөйлемде қолданып көр.
Семантикалық карта
Үстеулерді төмендегі мағыналық түрлерімен сәйкестендір:
«Кім жүйрік?» ойыны
I топ
- … төрт аяқты, … екі аяқты, … үш аяқты. Жауабы: сәби, жастық, кәрілік.
- … бәрі қашады, … аспанды басады. Жауабы: жұлдыз.
-
Синонимдерін үстеумен жаз:
Кірпік қаққанша — тез, лезде, шапшаң.
Тайға таңба басқандай — дәл, анық.
II қатар
- Еріншекке (қашанғыдан? қашанғы?) оңай?
- (Қашан?) тұрған жігіттің ырысы артық?
-
Синонимдерін жаз:
құр, босқа, бекерге
әдейі, жорта, қасақана
III қатар
- … шілде болғанда көгорай, шалғын, бәйшешек ұзартып өсіп толғанда.
- … құмарланып шаттанба, ойнап, … күлуге.
-
Үстеумен ауыстыр:
Осы жыл — биыл.
Жерге арқасын бере жығылу — шалқасынан.
Ертеңнен арғы күн — арғыкүні.
Сатылай-кешенді талдау
Талдауға берілетін үстеулер: босқа, қасақана, биыл, шалқасынан.
Үлгі: босқа — үстеу, туынды. Сұрағы: неге? Мағынасы: себеп–салдар үстеуі.
Шығармашылық тапсырма (толықтыру)
Ұйқас берілген жолдардағы көп нүктенің орнына мағынасына сай үстеулерді қойып, мәтінді толықтыр.
Ұйқас дайын болса, біз дайын. ............. өткізіп уақытты. Сабақтан ....... қаласың. Аяғынан Жақыптың, .......... шаласың. .......... тіпті тынымсыз, ......... қандай боласың? Мұның бәрін тастасаң, .......... бала боласың.
Бағалау және рефлексия
Баға
Бағалау жетондары арқылы қорытынды баға шығару.
Не ұқтым?
Сабақ соңында қысқаша ой түйіндеу.
Үй тапсырмасы
- 289-жаттығу — I–II топ.
- 290-жаттығу — III топ: үстеудің мағыналық түрлеріне сөзжұмбақ құру.
- «Серуенде» тақырыбында мәтін құрастыру.