Тиісті сөздерді орнына қою

Сабақтың мақсаты

Тақырып: сөзжасам және грамматикалық тұлғалар (септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғаулар).

Сабақ түрі

Түрлендірілген аралас сабақ

Сабақ барысы

Құрылымы оқушылардың белсенді қатысуына негізделген: сұрақтар, талдау, жаттығулар, тексеру және қорытындылау.

1) Ұйымдастыру

Бастапқы кезең
  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа қатысуды тексеру.

2) «Миға шабуыл» — сұрақтарға жауап

Қайталау
  1. 1. Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?
  2. 2. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
  3. 3. Біріккен сөздер деген не?
  4. 4. Кіріккен сөздер деген не?
  5. 5. Қос сөздің қандай түрлері бар?
  6. 6. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз.
  7. 7. Тіркесті сөздердің емлесін айтыңыз.
  8. 8. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауы қайсы?
  9. 9. Жуан-жіңішке буындарға бірдей жалғанатын және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікі?
  10. 10. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?
  11. 11. Тәуелдік жалғауының синонимін атаңыз.

3) Схема

Көрнекілік

Сөзжасам және грамматикалық тұлғалар бойынша негізгі ережелер мен байланыстар сызба арқылы түсіндіріледі.

4) Септік жалғаулары (өлең арқылы)

Мысал

Атау

Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.

Ілік

Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын ұнаттым.

Барыс

Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа.

Табыс

Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.

Жатыс

Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.

Шығыс

Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.

Көмектес

Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!

(Қ. Мырзалиев)

5) «Кім тапқыр?» — септік жалғауларын дұрыс қойыңыз

Оқулықпен жұмыс
  • Бала жүгірді.
  • Асқар… компьютері.
  • Су… сылдыры.
  • Әкесі… қарады.
  • Екі ай… созылды.
  • Сурет… көрді.
  • Інісі… кездестірді.
  • Тау… өседі.
  • Күз… жауады.
  • Анасын… бар.
  • Беті… сүйді.
  • Кірпіш… қалады.
  • Үй… шықты.
  • Былтыр… білемін.
  • Балта… шапты.
  • Сөз… жеңді.
  • Гүлнұр… бірге істеді.
  • Көл… шомылды.
  • Кітап… алды.

6) «Кім жылдам?» — өлеңдерден жіктік жалғауын табу

Талдау
Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөндіксің,
Мен өгіз терісі талыспын.
Бұқар жырау
Сен бір жапанға біткен шынарсың,
Қазаң жетіп сынарсың.
Мен бір қалың қара тоғаймын,
Табылуға оңаймын.
Тілекші би
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылымын.
Көктемгі қызғалдақтай қызық заман,
Қайта туып жасарған балғынымын.
Жамбыл

7) Өздік жұмыс — қай сөздер жіктеледі?

Жеке жұмыс

Берілген сөздерді талдап, жіктелетін сөздерді анықтаңыз:

Заңгер құжат заң зейнетақы зейнеткер ғарыш ғарышкер үйрек бүркіт бүркітші қой жылқышы ар тілек тілекші Арман Қанат Сәуле

8) Семантикалық карта №1

Жіктеу
Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау Тәуелдік жалғау Жұрнақ
Тиісті сөздерді орнына қойып, кестені толтырыңыз.

9) Схема

Жүйелеу

Жаңа материал мен өткен тақырыпты байланыстыратын қорытынды сызба құрастырылады.

10) «Ойланыңыз, ізденіңіз, табыңыз» — сатылай кешенді талдау

Терең талдау

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күзеуді елден ерекше ерте алды.

Тапсырма: сөйлемдегі сөздердің құрамын және грамматикалық мағыналарын сатылай кешенді талдаңыз.

11) Семантикалық карта №2

Сөз түрлері
Негізгі түбір Туынды түбір Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
Тиісті сөздерді орнына қойып, кестені толтырыңыз.

12) Сөзжұмбақ

Бекіту

Сөзжасам тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешіңіз.

13) Дұрыс-бұрысын анықтау

Тексеру

Берілген тапсырмалар бойынша дұрыс және бұрыс тұжырымдарды ажыратыңыз.

14) «Тапқыр болсаң тауып көр» — графикалық диктант

Күрделі сөздер

Тапсырма: күрделі сөздерді тіркестіре отырып, графикалық диктантты орындаңыз.

Қорытынды ой: тәуелсіз еліміздің болашағы — жастардың қолында. Білімді, жан-жақты оқушы ғана өз арманына жетіп, білім көгіне көтеріле алады.

15) Тест сұрақтары

Қорытындылау

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

16) «Сәйкестікті тап» — біріккен сөздер

Жұптау

Біріккен сөздер бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындаңыз.

17) Үй тапсырмасы

[6], 109–111-беттер.

18) Бағалау

Оқушылардың білімін жинақтап, белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

Дәлдік Жылдамдық Талдау Қатысу