Сендер қандай түсті гүлді тандадыңдар

Шаттық шеңбері

Тренинг қатысушыларды бір ортаға жинап, жылы атмосфера қалыптастырудан басталады.

Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық.

Жүректегі жылуды
Бір-бірімізге сыйлайық.

I. Ойын: «Пойыз»

Қозғалыс + бірігу

Балалар «пойыз» болып тізіліп, бөлме ішінде қозғалады. Бұл ойын топқа жылдам бейімделуге, бір-бірін сезінуге және ортақ қарқынмен әрекет етуге көмектеседі.

II. «Есте сақта және боя»

Есте сақтау + түс

Мақсаты

Балалардың түстер туралы түсінігін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілетін анықтау.

Өту барысы

  1. 1 Балаларға үлестірмелі материал беріледі (алмалар бейнеленген сурет).
  2. 2 Балалар алма суреттерін үлгіде көрсетілгендей етіп бояйды.
  3. 3 Тапсырмадан кейін балалармен қысқа талқылау жүргізіледі: қандай түстерді таңдады, нені есте сақтау оңай болды.

III. Ойын: «Атомдар және молекулалар»

Қысымды түсіру

Мақсаты

Қысымды түсіру, топты біріктіру, балалардың өзара қарым-қатынасын бақылау және көңіл күйін көтеру.

Нұсқаулық

Балалар бөлме ішінде еркін қозғалады (қаласа билеуге де болады). Психолог былай дейді: «Сендердің әрқайсыларың — атомсыңдар. Жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан екіден, содан кейін үштен бірігіңдер».

IV. «Көбелектер әлемі» (релаксация және қиял)

Тыныштандыру

Мақсаты

Баланы тыныштандыру және қиялын дамыту.

Жаттығудың барысы

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ-қолдарын еркін созады. Көздерін жұмып, жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендей елестетеді. Дәл қазір көз алдарыңда ғажайып көбелек гүлден гүлге ұшып жүр. Оның қанаттарының қимыл-қозғалысына назар аударыңдар: жеңіл әрі әдемі қалықтайды. Енді әрқайсыларың осы көбелектің үлкен, керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдер. Қанаттарыңның баяу төмен-жоғары қалықтағанын сезініңдер. Алдарыңнан жайқалып тұрған гүлдер кездесті: қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түсті гүлге барып қоныңдар. Иісі қандай керемет! Жұпар иісімен демалыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Көзімізді жаймен ашамыз.

Талқылау сұрақтары

  • Көз алдарыңа көбелек елестеді ме?
  • Қандай түсті гүлді таңдадыңдар?
  • Енді көбелектеріңді өздеріңе ұнаған гүлге «қондырыңдар» (таңдауын белгілеу/жапсыру/салу).

Түстер мен көңіл күй байланысы

Қызыл

Қуанышты көңіл күй

Алқызыл

Ұнамды көңіл күй

Сары

Жағымды көңіл күй

Күлгін

Алаңдатушы көңіл күй

Қара

Күш-қуаттың төмендеуі

Ақ

Анықталмаған көңіл күй

Көк

Суық көңіл күй

V. «Шарларға баулар байла»

Топтастыру

Мақсаты

Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету (қызыл, сары, көк, жасыл), түсті қабылдауын және түс туралы түсініктерін жетілдіру.

Өту барысы

  1. 1 Әртүрлі түсті шарлар (немесе шарлардың суреттері) және сол түстерге сәйкес баулар дайындалады.
  2. 2 Балалар әр шарға сәйкес түстегі бауды таңдап, байлайды немесе сәйкестендіреді.
  3. 3 Соңында түстерді атап, жұптастырудың дұрыс орындалғанын бірге тексереді.

VI. Қорытынды: «Тілек шоғы»

Сабақ соңында балалар бір-біріне жылы тілек айтып, күннің әсерімен бөліседі. Бұл бөлім тренингтің эмоционалдық нәтижесін бекітіп, топтағы бірлікті күшейтеді.

Автор туралы

Аты-жөні
Мырзахметова Гүлназ Анарбаевна
Лауазымы
Әдіскер-психолог, «Балапан» бөбекжайы
Өңір
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылы