Жуан сұрақтар
5-сынып, қазақ әдебиеті
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең»
Сабақтың типі
Білімді жинақтау сабағы
Пәнаралық байланыс
Тіл, тарих, география
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Талдау, жинақтау
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері
- Шығармашылық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі
- Қабдеш Жұмаділовтің портреті
- Тірек сызбалар, кестелер
- Суреттер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру және әңгіме мазмұнын талдау арқылы тақырыпты терең меңгерту.
Тәрбиелік
Адами сезімді қастерлеуге баулу, адал достыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру, жеке пікір айту мәдениетін дамыту және шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу, реттілік
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, тәртіп пен назарды жинақтау.
2) Тренинг — «Таныстыру»
Оқушылар шеңберге тұрып, есімдерінің бас әрпін сын есіммен байланыстырып айтады.
- Үлгі: Мен — ақылды Аружанмын.
- Мен — жібектей Жұпармын.
- Мен — батыл Бекжанмын.
- Мен — әдепті Әлібимін.
3) Топқа бөлу
Үш түрлі кәмпит таңдату арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
1) «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар
«Қозыкүрең» әңгімесі бойынша үш топ бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақтар екі түрге бөлінеді:
Жуан сұрақтар
Оқушыны ойландыратын, өз пікірін дәлелдеуді талап ететін сұрақтар.
- Ағыбайдың бөтен елге баруы дұрыс па?
- «Әке аманаты» дегенді қалай түсінесің?
- Ауылда Саяқбай сияқты жылқыны жақсы білетін адамдар бар ма?
Жіңішке сұрақтар
Жауабы мәтіннің ішінде нақты берілетін, жеңіл сұрақтар.
- Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған қандай жағдай еді?
- Әңгімедегі Ержан мен Ерқанаттың Ағыбайға қандай туыстығы бар?
- Қозыкүреңдегі өзгерісті алдымен кім байқады?
2) «Түсініктеме күнделігі»
«Қозыкүрең» әңгімесі бойынша түсініктеме күнделігін толтыру. Әр топ мәтіндегі маңызды ойларды, өз әсерін және дәлелді пікірін жазады.
Ескерту:
Жауап үлгілері топтың жұмыс нәтижесіне қарай тыңдалып, талқыланады.
Мәлімет
- Білім беру ұйымы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі
- Пән мұғалімі: I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ихсанова Шолпан Қуанышқызы