Абай ауылында

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов атындағы ауыл

№103 мектеп, бастауыш сынып мұғалімі — Тоқсанбаева Биғанша (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Бала Мұхтар мен Абай»

Бүгінгі сабақта Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» әңгімесін оқимыз. Мәтінді топтарға бөліп оқып, мазмұнын әңгімелейміз, негізгі ойды анықтаймыз және сөздік жұмыс жүргіземіз.

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білім беру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу дағдысын жетілдіру. Шығармадағы негізгі ойды табуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялды, жүйелі ойлауды дамыту. Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.

Тәрбиелік

Дана жазушының ұлылығы мен кемеңгерлігін дәріптеу. Оқушыларды өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Ой шақыру, сөздік әдіс
  • Сұрақ-жауап
  • Ішінара ізденушілік әдіс
  • Сызба құру, салыстыру
  • Мадақтау, тәрбиелеу

Көрнекіліктер

Мұхтар мен Абай суреттері Сөзжұмбақ Тест сұрақтары Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Топтық тапсырма

«Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін» суреттейтін жолдарды мәтіннен тауып, мәнерлеп оқу.

Жалпы сыныпқа сұрақтар

  • A) Мәтін неше бөлімнен тұрады?
  • Ә) Бөлімдерге қандай ат қойдық?
  • 1-бөлім: Мұхтар ауылының көрінісі
  • 2-бөлім: Абай ауылында
  • Б) Ұлттық ойындарды ата.

Сөзжұмбақ

Тақырыпқа қатысты сөзжұмбақты шешу арқылы бұрынғы білімді белсендіру.

  • 1)Қазақтың ұлы күйшісі — __________
  • 2)«Қыз жебе» атанған бала — __________
  • 3)«Бала Тұрар» әңгімесінің авторы — __________
  • 4)Әуезов — Мұхтардың кімi? — __________
  • 5)Мұхтардың әкесі — __________

Түйінді ой: білімді, адал, талантты, ақылды болу; алға қойған мақсатқа жету; мағынасына терең үңілу.

3) Жаңа сабақ

«Бала Мұхтар мен Абай» әңгімесін топтарға бөліп оқып, негізгі оқиғаларды ретімен баяндау. Кейіпкерлер әрекетін талдап, мәтіннің негізгі ойын анықтау.

Сөздік жұмыс

Сыз
Дамқыл, ылғал су.
Белдеу
Киіз үйдің туырлығының сыртынан бастырылып байланатын арқан.
Мініс ат
Мінетін ат, көлік.
Тал-түс
Дәл түс, шаңқай түс.

Автор сұрақтарына жауап

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, дәлелді пікір айтуға үйренеді.

«Кім зерек?» ойыны

Қысқа сұрақтар арқылы жылдам ойлау, есте сақтау және мазмұнды түсіну деңгейін тексеру.

4) Қорытындылау

Сабақта қарастырылған негізгі ойларды жинақтау: Абай тұлғасының биіктігі, білімге ұмтылыс және туған жерді құрметтеу құндылықтары.

Тест жұмысы

  1. 1. Қазақтың ұлы ақыны кім?

    A) Ыбырай Ә) Абай Б) Шоқан
  2. 2. «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған кім?

    A) М. Әуезов Ә) Ш. Мұртаза Б) Ж. Жабаев
  3. 3. «Көксерек» әңгімесін жазған кім?

    A) Абай Ә) Шоқан Б) М. Әуезов

5) Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • «Көктем» тақырыбына сурет салу.

Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, жауаптарының дәлдігі, топтық жұмыстағы белсенділігі және тәртібі ескеріледі.