Шешеннің айт
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі
Мұғалім
Б. Е. Айтқалиева
Сабақтың тақырыбы
Есімшенің түрленуі
Сабақтың өту барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижені нақтылау, зейінді шоғырландыру.
-
II
Тіл жаттығулары
Алдыңғы білімді белсендіру, сөйлеу дағдысын дамыту.
-
III
Үй тапсырмасын тексеру
Меңгерілген тақырыпты қорытындылау және қателермен жұмыс.
-
IV
Жаңа сабақты түсіндіру
Есімшенің түрленуі, жұрнақтары және сөйлемдегі қызметі.
-
V
Деңгейлік тапсырмалар
І–ІІІ деңгей бойынша бекіту, түрлендіру және талдау.
-
VI
Оқулықпен жұмыс
167-жаттығу бойынша есімшелерді тұлғасына қарай талдау.
-
VII
Танымдық тапсырма
Семантикалық карта және «Венн» диаграммасы арқылы салыстыру.
Негізгі ұғым: есімше
Есімшенің ерекшелігі
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Ол сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады: бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарады, ал енді бірде есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады.
Түрлену мүмкіндіктері
- Септеледі (есім сөздерше)
- Көптеледі
- Тәуелденеді
- Жіктеледі (етістікше)
Есімшенің жасалу жолдары (жұрнақтар)
1) -ған, -ген, -қан, -кен
айт-қан, жаз-ған, көр-ген, кет-кен
2) -ар, -ер, -р; болымсыз тұлғадан кейін -с
айт-ар, жаз-ар, көр-ер, көр-ме-с
3) -атын, -етін, -йтын, -йтін
бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін
4) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
бар-мақ, кел-мек, жаз-бақ, без-бек, шаш-пақ, төк-пек
Мақал-мәтелдер арқылы мысал
Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар.
Талдау үлгісі (қысқаша)
жүгірген: түбірі — жүгір, жұрнағы — -ген; қимылдың белгісін білдіреді.
жетпес: түбірі — жет, болымсыз жұрнағы — -пе, қосымша — -с; қимыл, іс-әрекетті білдіреді.
ойнаған: түбірі — ойын (зат есім), -а — зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ, -ған — есімше жұрнағы; қимылдың сапасын білдіреді.
озар: түбірі — оз, жұрнағы — -ар; қимылдың сапасын білдіреді.
Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар үш деңгейге бөлінеді. Оқушылар тапсырманы өз мүмкіндігіне қарай орындайды.
I деңгей
1) Етістіктерді есімшеге айналдырыңдар
Үлгі
Соғылған қоңырау
- Қоңырау соғылды.
- Ақындар айтысты.
- Ақша төленді.
- Тас қаланды.
- Шам сөнді.
2) Көп нүктенің орнына тиісті есімше жұрнақтарын қойыңдар
Төре ауылы кел... де, сары бала сондай қуан.... Ақыл айт... ту... дар. Тоқтама... — дүниенің дөңгелегі. Шешеннің айт... дары, көпке кет....
II деңгей
1) «Баратын» сөзін септеңдер
| Септік | Тұлға |
|---|---|
| Атау септік | баратын |
| Ілік септік | ... |
| Барыс септік | ... |
| Табыс септік | ... |
| Жатыс септік | ... |
| Шығыс септік | ... |
| Көмектес септік | ... |
2) «Айтар» сөзін жіктеңдер
Жекеше
- I жақ: мен айтар
- II жақ: сен / сіз ...
- III жақ: ол ...
Көпше
- I жақ: біз ...
- II жақ: сендер / сіздер ...
- III жақ: олар ...
III деңгей
«Білген» сөзін тәуелдеңдер
Оңаша тәуелдеу
- I жақ: біл-ген-...
- II жақ: біл-ген-...
- III жақ: біл-ген-...
Ортақ тәуелдеу
- I жақ: біл-ген-...
- II жақ: біл-ген-...
- III жақ: біл-ген-...
Қосымша тапсырма
Есімшені көсемшемен салыстырып, ортақ белгілерін анықтаңдар (семантикалық карта, «Венн» диаграммасы).
Оқулықпен жұмыс
167-жаттығу: қарамен берілген есімшелерді тұлғасына қарай талдаңдар.
Қорытындылау
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Есімшенің түрленуі және оның сөйлемдегі қызметі.
Сабақта не істедік?
Ережені қайталадық, жұрнақтарды ажыраттық, мысалдар арқылы талдадық.
Қандай тапсырмалар орындадық?
Етістікті есімшеге айналдыру, жұрнақ жалғау, септеу, жіктеу, тәуелдеу және салыстыру тапсырмалары.