Мейірімділік ережесі

Қазалы қаласы • Ғ. Мұратбаев атындағы №17 мектеп

Әлеуметтік педагог: Ұ. Бисенбай

Пән

Өзін-өзі тану

Тақырып

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Түрі

Дөңгелек үстел

Типі

Жаңа материалды меңгерту

Қатысушылар

Ата-аналар, оқушылар

Мақсаты

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты байқау, «Өзін-өзі тану» пәніне деген жағымды көзқарас қалыптастыру және рухани құндылықтарды күнделікті өмірмен ұштастыру.

Шаттық шеңбері және танысу

Кездесуді жылы атмосферада бастау үшін қатысушылар «шаттық шеңберіне» жиналып, танысу тренингін орындайды.

Танысу тренингі

  • Ата-ананың сүйікті ісі (хобби): әр қатысушы өзін қысқаша таныстырып, қызығушылығын айтады.
  • Жылы байланыс: баланың және ата-ананың бір-біріне жақын тұстарын байқауға мүмкіндік береді.

Тренинг ережелері

Қатысушылар келісетін ортақ ережелер анықталып, топтық жұмыстың мәдениеті қалыптастырылады.

Негізгі қағидалар

  • Тыңдау әдебі
  • Өз пікірін ашық білдіру
  • Регламент сақтау
  • Ұйымшылдық пен белсенділік
  • Сыйластық және жақсы көңіл күй

Ата-анаға арналған шағын сұрақтар

1) Балаңыздың бойындағы сіз мақтан тұтатын қасиет қандай?

2) «Өзін-өзі тану» пәнінен балаңыз нені үйренсе дейсіз?

Ой қозғау сұрақтары

  1. 1 Сенің ата-анаң қандай адам?
  2. 2 Жанұяң сені жиі мадақтай ма?
  3. 3 Ата-анаңмен жиі әрі шынайы сырласасың ба?

«Мен қандаймын?» — өзіңе сенім туралы ой

Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да —
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Ә. Тәжібаев

Тыныштық сәті

Ішкі тыныштықты сезіну үшін қысқа медитациялық жаттығу орындалады:

  • Арқаны тік ұстап, ыңғайлы әрі еркін отырыңыз.
  • Денеңізді толық босаңсытып, қолды денеге жайлап қойыңыз.
  • Алаңдамау үшін көзіңізді жұмсаңыз.

Фромм әдісі: өзіндік көзқарасты анықтау

Қатысушылар берілген сипаттамалар арқылы өз көзқарасының басым бағытын байқап көреді (ауызша талқылау немесе қысқаша жазба түрінде).

Бағдарлар

  • Балаға және отбасына деген көзқарас
  • Қоғамға деген көзқарас
  • Өзіне деген көзқарас

Сипаттамалар

  1. 1) Өз ісінде ішкі қарама-қайшылығы байқалатын адамдар
  2. 2) Тік мінезді адамдар
  3. 3) Сабырлы, байыпты адамдар
  4. 4) Тәртіпті талап ететін адамдар

Шығармашылық жұмыс: «Тәуелсіз елдің жарасымды отбасы»

Уақыты

10 минут

Тапсырма: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай балаңызды неге теңер едіңіз?

Нәтиже күтілімі

  • Баланың ата-ана өміріндегі баға жетпес байлық екенін дәлелдеу.
  • Ата-аналарға «Өзін-өзі тану» пәнінің мәнін тереңірек түсінуге қолдау көрсету.

Ұсынатын формат

Қысқаша мәтін, теңеу, шағын әңгіме немесе отбасылық құндылықтарды сипаттайтын 3–5 сөйлемдік ой-толғау.

Қорытынды

Өзіңе сен, өзіңнің жүрегіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент бекітіліп, табысты жүзеге асырылды.

Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогтер мен ата-аналар қауымының белсенді қолдауына ие болды.

Мейірімділік ережесі

  1. 1

    Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап ұрпағымызды жүрек жылуымен аялауға дағдыланайық.

  2. 2

    Оларда үлкенге де, кішіге де деген сүйіспеншілік пен ізет сезімін тәрбиелейік.

  3. 3

    Балаларымызға көңіл көтеретін жылы сөз айтуға жалықпайық.

  4. 4

    Баламызы қорғайық: ұрып-соғудан, балағаттаудан аулақ болайық.

  5. 5

    Баланың жанын түсінуге ұмтылайық: сезімін сыйлап, талабына қанат бітірейік.

Қатысушылар құрамы

Ата-аналар, оқушылар.