Ине жіпті пайдалану іскерлік дағдыларын қалыптастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Саласы
Таным
Тақырыбы
Сүлгіні кестелеу (шашақ жасау)
Бөлімі
Қол еңбегі
Негізгі идея
Матамен ұқыпты жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және еңбекті қадірлеу
Мақсаттары
Оқыту мақсаты
Балаларды сүлгінің шетін кестелеуге үйрету; матаның сапасымен таныстыра отырып, сүлгінің шетіндегі жіпті иненің ұшымен біртіндеп суырып, шашақ жасау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ине мен жіпті дұрыс пайдалану іскерлігін дамыту; инені алға жылжыта отырып тігуге дағдыландыру; жұмыс кезінде ережелерді сақтауға үйрету.
Тәрбиелік мәні
Тігіншілердің еңбегін құрметтеуге, ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
Құралдар
- Ине мен жіп
- Қайшы
- Дайындалған үлгі суреттер
Көрнекіліктер
- Тігіс түрлері бейнеленген суреттер
- Шашақталған және шашақсыз сүлгі (салыстыру үшін)
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Тәрбиешінің іс-әрекеті
- Шаттық шеңберін ұйымдастырып, балаларды бір-бірімен амандастыру.
- Мамандықтар туралы суреттерді көрсетіп, әңгіме жүргізу.
- Тігінші мамандығына тоқталып: әдемі киім тігетін мамандарды «тігінші апайлар» деп атайтынымызды түсіндіру.
Айтылатын өлең
Біз көңілді баламыз, Шаттық әнге саламыз. Би билейміз дөңгелеп, Біз өнерлі баламыз.
Балалардың іс-әрекеті
- Жылы лебіздерін білдіреді.
- Суреттер бойынша әңгімелесуге қатысады.
- Тігінші еңбегі туралы өз ойларын айтады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Жұмбақ
Өзі жүріп отырады, Ізі тігіп отырады. Бұл не, балалар?
Жауабы: ине
Түсіндіру
- Ине-жіппен жұмыс жасайтынымызды нақтылау.
- Тігістің түрлерімен қысқаша таныстыру.
- Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелерін еске салу.
Қауіпсіздік ережелері
- Инені кез келген жерге тастама; инеқапқа (ине салғышқа) салып қой.
- Инені ешқашан аузыңа салма.
- Жіпті инеге сабақтағанда аузыңа салма.
- Жіпті тісіңмен тістеме: ол тісті бүлдіреді.
- Тот басқан инені пайдаланба.
Ине туралы өлең
Бой дегенің тым қысқа, Бар болғаны үш елі. Төрешілік етеді, Кіріскенше жұмысқа. Ине алдынан өткендер — Ауыры оған тиеді, Құшақтасып кетеді.
Сергіту сәті (М. Әлімбаев, «Он саусақ»)
Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды... Өнерлі екен он саусақ: Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмыс барысы
- Әліппе-дәптердегі үлгі бойынша жұмыс жасау.
- Сүлгінің бір шетінен иненің ұшымен бір жіптің ұшын шығарып, үзбей біртіндеп суырып шашақ жасау тәсілін көрсету.
- Инені ұқыпты ұстап, бір-біріне кедергі келтірмей жұмыс істеуді қадағалау.
- Балалардың жұмысына бағыт беру, қажетіне қарай көмек көрсету.
- Шашақталған және шашақсыз сүлгіні салыстырып, айырмашылығын бағалату.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Ерінбеген — етікші болады.
- Еңбек ер атандырады.
Қимылды ойын
«Ине мен жіп» ойыны: балалардың бірлігі, ептілігі және топпен үйлесімді әрекет етуі дамытылады.
3) Рефлексивті-түзетуші кезең
Қорытынды әңгіме
- Жалқаулық — жаман әдет.
- Барлық мамандық қажет.
- Ұқыпты әрі жинақы болу маңызды.
Сабақты аяқтау
- Сабақты қорытындылау.
- Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын.
Болуы керек
Өз бетімен жұмыс жасау дағдысы.
Жасай білуі
Матамен ұқыпты жұмыс жасап, сүлгінің шетінен жіпті суырып, шашақ жасай білуі.