Хормен айту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны

Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Алға селосы

Пәні мен сыныбы

Әліппе, 1-сынып

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз

Сабақ тақырыбы

Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды Ү дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

  • Сөз ойлап табуға және сөйлем құрап айтуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер

Біледі

Ү дыбысы мен әрпін ажыратады, дыбыстық сипатын айтады.

Қолданады

Ү дыбысы бар сөздер құрастырады, сөйлем құрап айтады.

Негізгі ресурстар

Плакат Маркер Бағалау парақшасы Қима қағаздар Интербелсенді тақта

Кіріктірілетін модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

Сабақ барысы

Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында мұғалім оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекше болатынын айтып, қонақтардың келуіне байланысты бұл сабақтың ашық сабақ екенін түсіндіреді.

Сабаққа дайындық

Сәлемдесу, тәртіпті тексеру

Оқушылардың зейінін жинақтау

Сандар арқылы 4 топқа бөлу

Сынып тазалығы мен жұмыс орнының дайындығы

Үй тапсырмасын пысықтау: сұрақ қою және қайта сұрақ қою

Оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру үшін сұрақтар қойылады. Бұл бөлімде негізгі ұғымдар нақты әрі қысқа жауаптар арқылы қайталанады.

Жалпы сұрақтар

  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деген не?
  • Буын неден құралады?
  • Сөйлем неден құралады?

Топтық тапсырмалар

I топ

Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

II топ

Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қатаң дауыссыздарды ата.

III топ

Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Ұяң дауыссыздарды ата.

IV топ

Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Үнді дауыссыздарды ата.

Өткен сабақпен байланыс

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
  • Ө қандай дыбыс?
  • Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
  • «Бөпешім» өлеңін жатқа айту.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: «Миға шабуыл»

Интербелсенді тақтадан қысқа бейнебаян көрсетіліп, бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздері болжайды. Одан кейін мұғалім жұмбақ жасырып, бүгінгі дыбысты табуға жетелейді.

Жұмбақ

Жарықта соқырмын,

Ұша алмай отырмын.

Жауабы: үкі. (Слайдтан үкінің суреті көрсетіледі.)

Үкі туралы қысқаша мәлімет

Үкі — түн құсы. Ол көбіне орманды жерлерді мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда қанатын дыбыссыз қағады.

Буынға бөлу

Ү-кі (екі буын)

Келесі жұмбақ

Баласын ертіп соңынан,

Сүңгіп, жүзіп, үйретті.

Су жұқпайтын тонына,

Кім білмейді ...?

Жауабы: үйрек. (Слайдтан үйрек суреті көрсетіледі. Үйрек — үй құсы.)

«Үкі» және «үйрек» сөздерінің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? Оқушылар Ү дыбысын анықтайды және екі сөздің ұқсастығын табады.

Табиғатқа жанашырлық

Күн салқындағанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді, өйткені қыста жем азаяды. Сондықтан қыстап қалатын құстарға үнемі қамқорлық жасау қажет: құстар — біздің досымыз.

Халық болжамы

Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.

Түсіну: Үү дыбысы мен әрпі

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі. Оқушылар дыбысты хормен қайталап айтып, айтылу ерекшелігін байқайды.

Дыбысталу

Ү дыбысын айтқанда ерін алға созылады, тіл ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.

Түрі

Ү — дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік дыбыс.

Әріппен танысу

Ү әрпінің бас және кіші түрі көрсетіліп, баспа және жазба нұсқаларының жазылу емлесі түсіндіріледі.

Бекіту: ойындар мен әдістер

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

«Ортадағы қаламсап» әдісі қолданылады: қаламсап кімнің қолына тисе, сол оқушы Ү дыбысы бар сөзді тез айтып үлгеруі керек.

Мақсат

Жылдам ойлау, дыбысты сөзден табу, сөздік қорды байыту.

Әдіс: «Аквариум»

Қарамен берілген сөздер тізбектей оқылады. Оқушылар мағынасын талқылап, қажет болған жағдайда сөздікпен жұмыс жасайды.

Нәтиже

Дұрыс оқу дағдысы қалыптасады, мағынаға мән беру күшейеді.