Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мәлімет беру.
  • Дара және күрделі етістіктің жасалу ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Ойын анық жеткізіп, пікірін еркін айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Ізденімпаздыққа баулу және сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

Тірек сызбалар Интерактивті тақта Венн диаграммасы Таратпа материалдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

1) Психологиялық дайындық

Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы. Осы сабаққа қандай дайындықпен келдіңдер?

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, балақай,

Күліп шықсын күн бүгін!