Жақсылық көрсең асыр

Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»

Сабақтың мақсаты

Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушылардың бұл ұғым туралы түсінігін кеңейту және жақсылықты құндылық ретінде қабылдауға бағыттау.

Оқытудың мақсаты

Жаңа тәсілдерді қолдана отырып сыни ойлауды дамыту, өз бетінше жұмыс жүргізуге және қорытынды жасауға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, мейірім мен жақсылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылар «жақсылық» және «жақсылық жасау» туралы білімін кеңейтеді.
  • Жақсылық жасауға қатысты іскерліктері мен әрекет дағдылары дамиды.
  • Мейірімділікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиеленеді.
  • Топпен жұмыс арқылы ойы толығып, әрекетті сыни бағалауды үйренеді.

Сабақтың құрылымы

Негізгі кезеңдер

  1. Ұйымдастыру
  2. Мағынаны тану (мәтінмен жұмыс)
  3. Шығармашылық жұмыс (ой толғау)
  4. Сергіту сәті
  5. Топтық жұмыс (топтастыру, дәйексөз талдау, дәптермен жұмыс)
  6. Қорытынды (ой түйіндеу, бағалау, рефлексия, кері байланыс)

Сабақтың өзегі

Оқушылар жақсылықтың мәнін түсініп қана қоймай, оны нақты әрекетке айналдырудың жолдарын талқылайды: жақсы сөз айту, көмектесу, қолдау көрсету, адал болу, сыйластық сақтау.

Сабақ барысында қолданылатын тәсілдер: топқа бөлу, сахналау, мәтін талдау, кластер құрастыру, эссе жазу, өзара бағалау.

1) Ұйымдастыру

Жылы атмосфера құру

Мұғалім оқушылармен амандасып, жағымды орта қалыптастыру үшін шеңбер құрып, қол ұстасып «Армандастар» әнін бірге орындайды.

Топқа бөлу (жақсы мінездер арқылы)

Оқушылар «жақсы мінездер» жазылған карточкалар арқылы төрт топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Ақылдылар
  • 2-топ: Мейірімділер
  • 3-топ: Тәртіптілер
  • 4-топ: Әдептілер

Топ басшысын сайлау (мақал-мәтел арқылы)

Әр топқа жасырын сөзі бар мақал-мәтел беріледі. Жасырын сөзді тауып, мәтелді толықтырған оқушы топ басшысы болып сайланады (АКТ арқылы көрсетіледі).

1-топ мақалдары

  • Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
  • Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді. Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді.

2-топ мақалдары

  • Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр.
  • Жақсы туса – ел ырысы, жауын жауса – жер ырысы.

3-топ мақалдары

  • Жақсының сөзін айт, нұры тасысын.
  • Достың ескісі, тонның жаңасы жақсы.

4-топ мақалдары

  • Жақсы адам алысты жақын етер.
  • Сырласуға дос жақсы, сыйласуға жат жақсы.

Сынып ережелері

  • Уақытты тиімді пайдалану
  • Тыныштық сақтау
  • Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу

2) Мағынаны тану

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы сұрақтар негізінде әңгімелесу ұйымдастырылады. Әр топ берілген сұрақтарға ақылдасып жауап береді.

Талқылау сұрақтары

  1. «Жақсылық» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
  2. «Жақсылық жасау» дегеніміз не?
  3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
  4. Жақсылық жасау адамның парызы ма?

Мәтінмен жұмыс

Ойды толықтыру үшін оқулықтағы «Жақсылыққа — жақсылық» ертегісі сахналанады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды.

Негізгі назар: кейіпкерлер әрекеті, себеп-салдар байланысы, жақсылықтың нәтижесі.

3) Шығармашылық жұмыс (ой толғау)

Оқулықтағы ертегілерден үзінді оқылып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білуіне және өмірде жақсылық жасаудың маңызын ұғынуына бағытталған шығармашылық тапсырма беріледі: аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыру.

1-тақырып

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

2-тақырып

«Арыстан мен тышқан» ертегісі

4) Сергіту сәті

Оқушылардың тынысын реттеп, сергектігін арттыру үшін шеңберге жиналып, аудиожазба арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биі орындалады.

5) Топтық жұмыс

Дәйексөз талдау және дәптермен жұмыс

«Жақсы сөз – жарым ырыс»

Осы нақыл сөзді басшылыққа алып, оқушылар өздері жасаған жақсылық туралы шағын әңгіме (эссе) жазады.

Жұмыс түрі: жеке жұмыс.

Топтастыру стратегиясы (жұптық жұмыс)

  • Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңіне талдау жасау.
  • Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдары бойынша кластер құрастыру (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы).

6) Қорытынды: ой түйіндеу, бағалау, рефлексия

«Жақсылық ағашы» арқылы түйін жасау

Оқушылар «Жақсылық ағашы» суретіндегі алмаға жазылған сөздерді пайдаланып, «жақсылық» тақырыбына қорытынды ой айтады және топтар постер арқылы қорғайды.

Мысал: Қайырымдылық — жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.

Бағалау және кері байланыс

Әр топқа бағалау парақшасы таратылады. Сабақ бойындағы жұмыстар бойынша топтар бір-бірін бағалайды, сондай-ақ оқушылар өзін-өзі бағалауды жүргізеді. Соңында рефлексия мен кері байланыс алынады.