Зат есімнің жекеше, көпше түрін ажырату
Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың түрі
Бекіту
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Топтастыру стратегиясы
- Сұрақ–жауап
- Кестемен жұмыс
- Топпен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Зат есімдердің жекеше және көпше түрде қолданылатынын түсіндіру. Оқушыларды жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыра білуге және тиісті қосымшаларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Сауаттылықты арттыру, сөздік қорды молайту, танымдық қабілеттерді дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, әдептілікке, өнер-білімге баулу және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру және қызығушылығын ояту
Топқа бөлуОқушылар 3 топқа бөлінеді, әр топ өз атауын таныстырып, қорғайды:
- I топ: Бәйшешек
- II топ: Қарлығаш
- III топ: Терек
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Ереже + 4-жаттығу- Ережені жатқа айту.
- 4-жаттығу: әр топ 2 сөйлемнен оқиды.
I топ
- Бақалар судан жағаға шықса, күн жауады.
- Бозторғайлар күн ашылғанша, қар астында жатады.
II топ
- Салтшылар қыста аңға шығады.
- Аңдарды тормен де ұстайды.
III топ
Қалың қар жауғаннан кейін, қасқырларды ізге түсіп аулайды.
-
3) Мағынаны тану
Семантикалық картаСемантикалық картаны толтыру арқылы зат есімнің жекеше және көпше түрлерін ажырату.
Зат есім Жекеше Көпше Оқушылар — ✓ Ұстаз ✓ — Түймелер — ✓ Аспаздар — ✓ Үйшіктер — ✓ Қоян ✓ — Дәріхана ✓ — Достар — ✓ Кезекші ✓ — -
4) Дәптермен жұмыс
1-жаттығуЖекеше
- Қайық
- Сыпырғыш
Көпше
- Гүлдер
- Дәрілер
- Шеберлер
-
5) Оқулықпен жұмыс
Ауызша (2-жаттығу)Оқулықтағы 2-жаттығу ауызша орындалады.
-
6) Тақтамен жұмыс
3-жаттығу3-жаттығу тақтада орындалады.
-
7) Сергіту сәті
Қимылмен көрсетуҚимыл арқылы бейнелеу: қоян, аю, бақа, жылан, сиыр, бүркіт, балық, жорға және «ау тарту».
-
8) «Жалғауын тап» ойыны
Сөздерге тиісті жалғауларды тауып, көпше/жекеше түрлерін дұрыс қолдану.
-
9) Топтастыру
«Зат есім» ұғымына қатысты топтастыру (кластер) жасау.
-
10) Үйге тапсырма
4-жаттығу4-жаттығуды орындау.
-
11) Бағалау
- Әр топтың жинаған ұпай санын анықтау.
- Жеке оқушыларға баға қою.