Ұшақпен ауа - райын бағдарлаймыз Ойынның шарты
Сабақ паспорты
Бағыты
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Ұшақ
Мақсаты
Балалардың ұшақ туралы білімін жетілдіру; ұшақ құрылымын таныстыру; ұшақ ұшып-қонатын орынды аэропорт деп атайтынын бекіту; ұшақ пен тікұшақты салыстыруға үйрету; «ұшақ» ұғымына қатысты сөздерді топтастыру жұмысына қатыстыру және ұшақ суретін бейнелеуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу
- Мультимедиялық құралдарды қолдану
- СТО: «Топтастыру», «Галереяны шарлау» стратегиялары
- Үлгіге қарап бейнелеу (теледидар/бейне үзіндісі арқылы)
Көрнекіліктер
- Ұшақ және тікұшақ макеттері, ойыншық түрлері
- Мультимедиялық құрал
- Ойынға қажет қағаздан жасалған ұшақтар
- Суретті көрнекіліктер: ұшқыш, су, жер, әуе көліктері
Билингвалды компонент
- Ұшақ
- самолёт
- Тікұшақ
- вертолёт
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру-ояту кезеңі
Жұмбақ
Көзді ашып-жұмғанша,
Апарады ұшырып.
Қай жолменен жүргенін,
Жата алмайсың түсініп.
Тәрбиеші: жыл мезгілін, апта күнін және ауа райын сұрайды.
Балалар: жұмбақты шешіп, оның ұшақ екенін айтады; сұрақтарға жауап береді.
2) Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі
-
Ойынға кіріспе
Сабақ ойын түрінде өтеді. Барлығымыз белсенді қатысамыз.
-
Қиял-ұшу
Балалар көзін жұмып, қиялмен ұшаққа «отырады». Тәрбиеші ұшақ дыбысын тыңдатып, бағытталған қиял мәтінін оқиды.
-
Суреттер арқылы әңгімелеу
«Ұшақ» дегенде нелер елестейді? Ұшақтың құрылысында қандай бөліктер таныс?
Топтастыру үлгісі
Аспан: бұлттар, ұшақ, құстар, ұшқыш
Ұшақ бөліктері
2 қанаты, терезелері, есігі, тұмсығы, баспалдағы, дөңгелегі
-
Негізгі сұрақтар
- Ұшақ не үшін керек?
- Ұшақ — әуе көлігі ме, жер көлігі ме, су көлігі ме?
- Ұшаққа мініп көрдіңдер ме?
- Ұшақты жүргізетін адамды кім деп атаймыз?
- Ұшақ пен тікұшақты Венн диаграммасы бойынша салыстырайық.
- Ұшақ пен тікұшақ қандай жәндіктерге ұқсайды деп ойлайсыңдар?
Ұшақ ұшып-қонатын жерді аэропорт деп атаймыз. Ұшақты жүргізуші — ұшқыш.
3) Қимылды ойын: «Ұшақпен ауа райын бағдарлаймыз»
Ойын шарты: балалар ұшақ болып «қанат жайып» ұшады. Тәрбиеші қала атауын айтқанда тоқтап, сол қаладағы ауа райын қимылмен бейнелейді.
Орал
Қар
Ақтөбе
Боран
Атырау
Бұлт
Алматы
Жаңбыр
Өскемен
Тұман
4) Танымдық бөлім: Байқоңыр және ғарышкерлер
Тәрбиеші Байқоңыр — ғарыш айлағы екенін түсіндіреді және қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екенін еске салады.
5) Бейнелеу жұмысы: ұшақ суретін салу
Тәрбиеші ұшақтың суретін салу үлгісін көрсетіп, балаларды ретімен бейнелеуге бағыттайды.
Назарда ұстау
- Пішіндерді қарапайым геометриялық бөліктерден құрастыру
- Қанат, терезе, дөңгелек сияқты бөлшектерді нақтылау
- Ұқыпты бояу және кеңістікті дұрыс орналастыру
6) Ойын: «Не қайда өмір сүреді?»
Балалар нысандарды мекен ету ортасына қарай жылдам ажыратады.
Суда
Балық, сегізаяқ, крокодил, бақа, жылан, қайық, кеме т.б.
Аспанда
Ұшақ, тікұшақ, бұлт, ай, күн, жұлдыз т.б.
Жерде
Машина, мысық, ағаш, қоян, шөп т.б.
7) Мультфильм көру
«Ұшақ» мультфильмінен үзінді көрсетіледі. Балалар қызығушылықпен тамашалап, жалғасын күннің екінші жартысында көреді.
8) Өлең-тақпақ
Мен ұшақпын, ұшамын,
Ақ бұлттарды құшамын.
Асқар таудан асып,
Бәрінен де озамын.
Тоқтар ағам — жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағамнан,
Аумай қалғым келеді.
Рефлексия және бағалау
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша балалардың суреттері тақтаға ілінеді. Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап, қай сурет ұнағанын айтып, бағалайды және қошемет көрсетеді.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Ұшақ туралы жан-жақты түсініп, ұшқыш туралы білімін бекітті.
Түсінеді
Ұшақ пен тікұшақтың айырмашылығын, жалпы көліктер туралы негізгі мәліметтерді меңгерді.
Қолданады
Ұшақ туралы ойын жүйелеп айтып, сурет салу дағдысын қолданды.
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
«Балдырған» бөбекжай-бала бақшасы
Жоғары санатты тәрбиеші: Капажанова Жанаргул Айбарқызы