Оқушылардың есепті құрастыруы Оқушы түсінігінің кеңеюі

Мақсаты

Негізгі бағыт

  • Есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілерін ажыратуға қолайлы жағдай жасау.
  • Оқушы білімін жинақтау, жүйелеу және тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Жаңа технология ретінде Блум таксономиясы арқылы есептің белгілері мен құрылымын анықтауға ықпал ету.

Нақты дағды

Қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді формулаға қойып шығарып үйрену.

Назар аудару

Қозғалыс есептерінде негізгі тірек ұғымдар: жол (S), жылдамдық (v), уақыт (t).

Білім

Бұл деңгейде оқушы есептің белгілерін, құрылымын және мазмұнын анықтайды; объектілер арасындағы қатынастарды ажыратады.

2-сынып

Объектілер

Жол, жолаушы, көліктер.

Жолаушы жолда 32 сағат болды. Оның ішінде 1 тәулік пойызбен және 5 сағат автобуспен жүрді. Қалған уақытта ұшақпен ұшты. Жолаушы ұшақпен неше сағат ұшты?

3-сынып

Объектілер

Нысаналар, бағыт, көліктер.

Сызба бойынша есептер құрастырып, оларды шығарыңдар.

4-сынып

Мазмұн

Нысаналар, бағыттардың әртүрлілігі, процесті сипаттайтын шамалар.

Арақашықтығы 20 км екі ауылдан бір мезгілде велосипедші мен жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ, велосипедшінікі 15 км/сағ. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі?

Түсіну

Бұл кезеңде оқушы шешім жолын іздестіреді: есепті талдайды, шартын және сұрағын бөліп көрсетеді, мазмұнда не туралы айтылғанын анықтайды, қолданылатын амалдарды таңдайды.

2-сынып (шартты бөлу)

  • Жолда болды — 32 сағ
  • Пойызбен — 1 тәулік
  • Автобуспен — 5 сағ
  • Ұшақпен — ?

3-сынып (берілгендер)

  • Жүк көлігі — 280 км
  • Жеңіл көлік — 40 км артық
  • Екі ауыл арасы — ?

4-сынып (таңбалау)

S

20 км

v1

5 км/сағ

v2

15 км/сағ

t

?

Қолдану

Оқушы өзіне ыңғайлы көрнекілікті қолданады: тірек-сызба, заттық модель, жағдаят арқылы көрсету. Есептің қысқаша шартын құрастырады.

2-сынып

Сурет арқылы түсінік қалыптастырады.

3-сынып

Қысқаша шарт құрастырады:

  • Жүк көлігі 280 км
  • Жеңіл көлік ? (40 км артық)
  • Екі ауыл арасы ?

4-сынып

Қозғалыс шамаларын схемаға түсіреді және формулаға дайындайды.

Талдау

Оқушы есептің шығару тәсілін таңдайды, салыстырады және топтастырады, кеткен қателерін жылдам табады, шешу жолын дәлелдеп түсіндіреді.

2-сынып (уақытты табу)

1 тәулік 24 сағ

Өрнек

32 − (24 + 5) = 3

Ұшақпен ұшқан уақыты: 3 сағат.

3-сынып (қашықтық)

Жеңіл көлік жүрген жол

280 + 40

Екі ауыл арасы

280 + (280 + 40)

4-сынып (қарама-қарсы қозғалыс)

Қосынды жылдамдық

v = v1 + v2

Уақыт

t = 20 : (5 + 15)

Жинақтау

Оқушы тапсырманы еркін түсініп, өз бетімен орындайды; есеп құрастырады; түсінігі кеңейеді.

2-сынып

Екі ауылдың арасы 86 км. I жолаушы соның 52 км-ін жүрді. II жолаушы неше км жүреді?

3-сынып

Асан мектептен үйіне дейін велосипедпен 2 км жүрді, ал жаяу одан 3 есе артық жүрді. Мектеп пен үйдің арасы неше км?

4-сынып

Бірінші көліктің жылдамдығы 50 км/сағ, екіншісінікі 60 км/сағ. 4 сағат өткеннен кейін екі ауылдың арақашықтығы неше км болады?

Бағалау

Мақсат

Таным мен ойлаудың жоғары деңгейіне жету; есеп нәтижесіне қатысты өзіндік пікір білдіру.

Іске асыру жолы

  • Критерийлер арқылы бағалау.
  • Талқылау туғызатын (дәлелдеуді қажет ететін) сұрақтар қою.
  • Сабақ соңында түйін сөз айту.

Сабақ соңындағы түйін

Оқушы есепті дұрыс оқып, шартын нақтылап, негізгі шамаларды таңбалай алады; тиімді амал мен формуланы таңдап, шешімін түсіндіреді және нәтижеге баға береді.