Бағалау критериі

Критериалды бағалау: оқушы білімін нақты бағалау

Критериалды бағалау — оқушының білімін нақты, әділ әрі түсінікті бағалауға мүмкіндік беретін тәсіл. Мұнда бағалау алдын ала анықталған критерийлер мен дескрипторларға сүйенеді, сондықтан оқушы өз нәтижесінің неліктен дәл солай бағаланғанын анық түсінеді.

Негізгі идея

  • Баға — пікір емес, өлшенетін талаптар негізіндегі нәтиже.
  • Критерийлер алдын ала белгілі болса, бағалау ашық болады.
  • Дескрипторлар оқушыға «қалай жақсартамын?» деген сұраққа нақты бағыт береді.

Топқа бөліну: «Санамақ ойыны» әдісі

Топтық жұмысқа жылдам әрі әділ бөліну үшін «Санамақ ойыны» әдісін қолданыңыз.

1-қадам

Ойын бастаушы қатысушыларды 1-ден N-ге дейін санайды.

2-қадам

N-ші болған адам бірінші топқа барады.

3-қадам

Келесі N-ші адам екінші топқа барады, әрі қарай осылай жалғасады.

Практикалық тапсырма: оқушы жұмысын бағалау

Сізге сынып оқушылары туралы келесі ақпарат ұсынылған деп есептеңіз: үй тапсырмасы, сыныптағы тапсырмалар, қосымша тапсырмалар, оқушының сабаққа дайындық деңгейі және басқа да деректер. Осы ақпаратқа сүйеніп, әр оқушының жұмысын бағалап көріңіз.

Талқылау сұрақтары

Неліктен осы бағаны қойдыңыз?

Өзіңіз таңдаған критерийге қандай дәлелдер сәйкес келді?

Бағалау кезінде қандай сезімде болдыңыз?

Бағалау объективті болды ма, әлде эмоция әсер етті ме?

Оқушылар бағаны не үшін алғанын біле ме?

Олар талаптарды алдын ала көрді ме және түсінді ме?

Қалай және қайдан біледі?

Критерий, дескриптор, кері байланыс немесе рубрика арқылы ма?

№1: Оқушылардың білім деңгейі туралы жалпы ақпарат

Берілген деректерді қарап, әр оқушыға критерийлер бойынша баға қойып, шешіміңізді қысқаша негіздеңіз.

Сергіту сәті: критерий мен дескриптор

Қолдарыңыздағы парақты слайдтағы ақпаратпен толықтырыңыз: бағалау критерийі және дескриптор.

Бағалау критерийі

Оқушыдан күтілетін нәтижені және бағалау талаптарын көрсетеді.

Дескриптор

Критерийдің орындалуын нақтылайтын өлшемдер: оқушы не істей алатынын айқын сипаттайды.

Қайта бағалау тапсырмасы

Дайындалған дескрипторды пайдаланып, берілген критерийлер бойынша алдыңғы оқушылардың жұмыстарын тағы бір рет бағалап көріңіз. Алғашқы бағамен салыстырып, айырмашылық болса, себебін анықтаңыз.

Рефлексия

Аты-жөніңіз

Жұмыстың екі ұнаған тұсы

Нені жақсарту керек деп санайсыз?

Автор: Алтынгүл Ботаева (Жақанова)