Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдырып, амалдарды орында
Сабақ тақырыбы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Бұл сабақ оқушылардың ондық бөлшектермен амалдар орындау дағдысын жүйелеуге, есептеулерді дұрыс әрі ұқыпты жүргізуге бағытталған.
Сабақ типі
Аралас сабақ
Өткізу формалары
Жеке, жұптық, ұжымдық, топтық, деңгейлік
Құралдар
Слайдтар, кеспе қағаздар, бағалау парағы, саралап оқыту
Мақсаттар (білімділік)
- Ондық бөлшектерге қатысты ережелерді есептеулерде тиімді қолдану.
- Өткен тақырыптарды жүйелеп, білімді бекіту.
- Алған білімді есеп шығаруда қолдануға дағдыландыру.
Мақсаттар (тәрбиелік және дамытушылық)
- Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.
- Ойлау, танымдық қабілет және логикалық сауаттылықты дамыту.
- Пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру, ойын сауатты жеткізуге үйрету.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу.
- Оқушылардың дұрыс отыруына және жұмысқа дайын болуына назар аудару.
- Сыныпты топтарға бөлу (I, II, III топ), әр топқа спикер тағайындау.
- Бағалау парақтарын тарату, топ ережелерін еске түсіру.
Ереже: бір-бірімізді тыңдаймыз, тыныштық сақтаймыз, еркін әрі нақты сөйлеуге тырысамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Өтілген тақырыптарды қысқаша сұрақтар арқылы қайталаймыз:
- Ондық бөлшек дегеніміз не?
- Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
- Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
- Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
- Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі таңбалар саны қалай анықталады?
- Бес бүтін мыңнан он сегіз санын ондық бөлшек түрінде жазыңдар және түсіндіріңдер.
- Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 13,55 санына мысал келтіріңдер.
- Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?
- Ондық таңба деген не?
1-тапсырма. Математикалық диктант
A) Ондық бөлшектерді жазыңдар
- Отыз бүтін оннан үш
- Бес бүтін жүзден он алты
- Нөл бүтін мыңнан он үш
Ә) Аралас сан түрінде жазыңдар
- Үш бүтін жүзден он жеті
- Бес бүтін мыңнан жиырма жеті
- Алты бүтін оннан үш
Б) Сандарды оқыңдар
- а)0,4
- ә)2,04
- б)3,111
2-тапсырма. Топтық жұмыс
Әр топқа бөлек тапсырма беріледі. Есептеулерді дәл орындап, нәтижені тексеріңдер.
I топ
- 0,07 + 13,23 =
- 3 − 1,175 =
II топ
- 4 + 8,4 =
- 18,07 − 6,03 =
III топ
- 6,37 + 13,23 =
- 1 − 0,75 =
3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
1) Баған түрінде орында
- 8,763 + 0,445 =
- 567,03 + 0,7241 =
- 541 − 0,897 =
- 98,00659 − 0,059 =
2) Шифр-тапсырма
Кестедегі жауаптардың астына сәйкес әріптерді қойсаң, б.з.д. 187–212 жылдары өмір сүрген философ әрі физик ғалымның аты шығады.
- 0,25 + 0,46 =
- 13,123 + 5,024 =
- 38,4 + 2,06778 =
- 0,83 + 1,6079 =
- 5,607 + 0,193 =
- 9,004 + 13,8 =
- 0,251 + 47,749 =
3) Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып орында
Жауаптарын өсу ретімен орналастырсаң, XI–XII ғасырлардағы шығыстың ірі математиктерінің бірі, ақын, астроном әрі философтың аты шығады.
4) Баған түрінде есепте
5) Амалдарды орында
II деңгей
1) Берілген a мәндері үшін өрнекті есепте
(a + 1,37) + (a − 0,16)
- a = 3,85
- a = 2,36
- a = 3,741
- a = 0,32
2) Теңдеулерді шеш
Теңдеулерді дұрыс шешіп, Вавилонның ең белгілі патшасының атын табыңдар.
Кілт сандар
III деңгей
1) Үтірді дұрыс қой
Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жерлеріне үтір қойыңдар:
- а) 4 3 + 1 7 = 6
- ә) 5 + 9 9 9 = 14 9 9
- б) 3 7 + 5 8 6 = 9 5 6
- в) 8 3 − 3 8 = 7 9 2
- г) 9 9 5 − 1 9 5 = 8
- ғ) 6 4 − 4 = 2 4
2) Ребусты шеш
Ш 2' ”7 ң = ‘1’ 1’ тп ‘5 №1026
3) Есеп (мәтіндік)
Назира бір сан ойлады. Ол ойлаған санға 14,8-ді қосып, шыққан қосындыдан 3,56-ны азайтқанда 75,29 шықты. Назира қандай сан ойлады?
Бағалау критерийлері (10 ұпай)
- 2 ұпай: есеп шартын дұрыс жазу
- 2 ұпай: сұрағын нақты көрсету
- 1 ұпай: амалдардың орындалу тәртібін сақтау
- 2 ұпай: теңдеу құру
- 3 ұпай: жауабын дұрыс жазу
Бағаға аудару
- 10 ұпай5
- 8–9 ұпай4
- 6–7 ұпай3
- 6 ұпайдан төмен2
(Критерий бойынша өзара бағалау)
Сергіту сәті (логикалық сұрақтар)
- Жылдың 12 айында 30 және 31 күн кезектеседі. Ал 28 және 29 күн қай айда кездеседі?
- Қосарланып жегілген ат арбамен Сәкен 10 шақырым жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
- Ағашта 10 торғай отыр еді. Аңшы бір торғайды атып алды. Неше торғай қалды?
Бекіту сұрақтары
- Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
- Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
- Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
- Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі таңбалар саны қалай анықталады?
- Бес бүтін мыңнан жеті санын ондық бөлшек түрінде жазыңдар және түсіндіріңдер.
- Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына мысал келтіріңдер.
V. Бағалау, рефлексия және үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Ондық бөлшектерге байланысты 5 есеп құрастырып келіңдер.
Рефлексия
Сабақ ұнады ма? Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңдар:
- Білемін:
- Білдім:
- Білгім келеді:
- Үйрендім: