Жаңа сабақтың тақырыбы - Қыз Жібек жырындағы Жібек бейнесі

Сабақтың тақырыбы

«Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жібек бейнесін теориялық тұрғыдан талдау арқылы жыршының образ жасаудағы шеберлігін таныту, көркемдік тәсілдердің қызметін ұғындыру.

Тәрбиелік

Адалдыққа, асыл сөзді құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сөйлеу мәнерін жетілдіру, шығармашылық қабілетті дамыту, тіл байлығын молайту.

Сабақтың әдісі

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Проблемалық сұрақ арқылы іздендіру
  • Мәнерлеп оқу

Сабақтың түрі

Талдау сабағы

Сабақтың жабдығы

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер, слайдтар
  • Теледидар, бейнемагнитофон
  • Кестелер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақ бөлімдерімен таныстыру:

1. Жыр-сандық

Жырдан «шашу» шашайық.

2. Ой-сандық

Ойды ортаға салайық.

3. Сыр-сандық

Сырымызды ақтарып, тыңдап-ойлайық.

Жыр-сандықтан жырдан шашу шашайық,
Ой-сандықтан ойды ортаға салайық.
Сыр-сандықтан сырымызды ақтарып,
Тыңдап, ойлап, мейірленсін халайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Қыз Жібек» жырындағы Төлеген бейнесі бойынша жұмыс:

  1. 1) Төлегеннің өмірге келуі, өскен ортасы

    Төлеген бейнесі (жаттау, 1-қатар).

  2. 2) Төлегеннің анасының сөзі

    Анасының сөзі (жаттау, 2-қатар). Анасының бұлай сөйлеуінің себебі неде?

  3. 3) Төлеген неге алыс әрі азабы мол жолға бел буады?

    Оны қандай арман жетелейді? Төлегеннің Көкжорға атпен Жібекке келуі (жаттау, 3-қатар).

III. Жаңа сабақ

Төлеген Көкжорға атпен Жібекке жетеді. Ендеше, ой-сандығымызды ашайық.

Тақырып

«Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі

Слайд

Жібекті іздеп келген жігіттерге анасының берген жауабы.

Жыр мазмұны бойынша Жібек бейнесін талдау

Сұрақ

Төлеген Қыз Жібектің күймесіне келгенде, одан жауап ала алды ма?

Жауап: Жоқ.

Себебі: Жібек намысқой, тектілігі мен бекзаттығы бар.

Сұрақ

Төлеген Жібектің жүзін қалай көреді?

Жауап: Қаршыға арқылы.

Оқулықпен жұмыс

Жібектің кескін-келбеті суреттелетін тұсты мәнерлеп оқыту.

Талдау сұрақтары

  • Жібектің келбетін суреттеуде жыршы шеберлігі неден көрінеді?
  • Портрет жасауда қандай көркемдегіш құралдар қолданылған?

1-қатар

Теңеуді табу

2-қатар

Эпитетті табу

3-қатар

Метафораны табу

Слайд

«Басыр, басыр, басыр-ау…» деп басталатын Төлегеннің сөзі.

Жібектің қимыл-қозғалысын суреттеудегі көсемшенің рөліне жырдан үзінді оқыту арқылы назар аударту.

Жырдағы салт-дәстүр және Жібек болмысы

  • Әдет-ғұрып, салт-дәстүр: түс көру, түс жору, бата, теріс бата, ырым-жоралғылар.
  • Жібектің сезімталдығы мен мейірімділігі.
  • Қайтыс болғаннан кейінгі Жібектің жан күйініші (монолог).
  • Жібектің Хорен ханды айлакерлігімен жеңуі (жырдан үзінді).

Жырда Жібек

Слайд арқылы салыстыру

Сүйген жарына қосыла алмай, өксіп-өксіп жылады. Ғашық болсаң, сондай бол.

Кинода Жібек

«Қыз Жібек» фильмінен үзінді

О, дариға, құдай!
Керегені құшақтап,
Етпетінен құлады.

Өмірмен байланыс

Жібек пен Төлегенді біз көзімізбен көрген жоқпыз. Алайда «Қыз Жібек» фильмі арқылы Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков қазақ киносы тарихында кіршіксіз махаббаттың қайталанбас үлгісіне айналды.

Үш сандыққа қайта оралу

Жыр-сандық

Жыр жолдарын жатқа айтамыз.

Ой-сандық

Жібек бейнесін талдаймыз.

Сыр-сандық

Ұшқыр ой, қиялмен жыр жолдарын жалғаймыз.

IV. Шығармашылық жұмыс

«Жадымда жыр боп жатталды Жібек бейнесі…» деген жолды жалғастырып, өлең шумағын құрастыру.

Оқушылардың жұмысы тыңдалып, тексеріледі.

V. Сабақты қорытындылау

Төлеген — Құман Тастанбеков

«Мәңгі жас Төлегенде арман жоқ. Төлегенше сүюден қорықпаңдар».

Жібек — Меруерт Өтекешова

«Халық санасынан өшпес орын алған ару Қыз Жібек пен Ер Төлегеннің ұрпағы болғанымызды біз мақтан етіп өстік».

Жадымда жыр боп жатталды Жібек бейнесі,
Көшпенен ұзап барады әне күймесі.
Бабадан қалған осынау асыл мұраның
Мәңгілік сақтар — сендерсің, енді иесі.

VI. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талдауы және шығармашылық жұмысы бойынша бағаланады.