Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу

«Дарабоз» зияткерлік ойынының мақсаты

Мақсаты: оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін әрі нақты жеткізуге үйрету; ой-өрісін, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту; шығармашыл, белсенді тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, сызбалар, сандар.

Түрі: зияткерлік ойын.

Сайыстың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар, білім нұры шашылар.
Ақылы, тілі дамыған — үлгі алайық, балалардан!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы — білімді, талапты жастар. Осы мақсатта 3-сынып оқушылары арасында «Дарабоз» атты зияткерлік ойынды өткіземіз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар — бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер, бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Қатысушы топтар

  • 1-топ: «Жігер»
  • 2-топ: «Болашақ»
  • 3-топ: «Білім»

Әділқазыларға сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Кіріспе сөз: тілдің құндылығы

Тіл — адам ойын жеткізетін ең маңызды құрал. Халқымыздың тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бізге ана тіліміз арқылы жетеді.

Қазақ тілі — бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.

Ойын құрылымы: 6 бөлім

I кезең

«Қас-қағым сәтте»

II кезең

«Тұлғаны тани біл»

III кезең

«Сандар сыры»

IV кезең

«Мақал — сөздің мәйегі»

V кезең

«Көкпар»

VI кезең

«Ойлы болсаң, озып көр!»

Білген сайын келеді біле бергім — біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет, білімді әрі білікті жас жеткіншек!

I кезең: «Қас-қағым сәтте»

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен бағаланады.

1-топ: «Жігер»

  1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
  2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бір нәрсенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
  3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
  4. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)
  5. Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан ағартушы)

2-топ: «Болашақ»

  1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
  2. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)
  3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
  4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
  5. Кез келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы)

3-топ: «Білім»

  1. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, бұлт)
  2. Көбейтудің қасиеттерін ата. (терімділік, үлестірімділік, орын ауыстырымдылық)
  3. Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
  4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанатын бөлік)
  5. Үш биді ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

II кезең: «Тұлғаны тани біл»

Бұл кезеңде көрсетілген тұлғалар туралы білетін мәліметтеріңді айтасыңдар. Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.

Мысал тұлғалар

  • Шәмші Қалдаяқов
  • Мұхтар Әуезов
  • Серік Сәпиев
  • Роза Рымбаева
  • Бауыржан Момышұлы
  • Тоқтар Әубәкіров
  • Шәкен Ниязбеков
  • Абылай хан
  • Әйтеке би
  • Әлия Молдағұлова
  • Илья Ильин

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

III кезең: «Сандар сыры»

Берілген сандарды еліміздің мерекелік, атаулы күндерімен сәйкестендіріңіздер. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

11 16 1 22 12 15 9 30

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

IV кезең: «Мың бір мақал»

Бұл турда мақал-мәтелдің бірінші жартысы оқылады, ал сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Әр топқа 5 мақал-мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жалғасын тап

  • Ананың көңілі балада, …
  • Қына тасқа бітеді, …
  • Досы көпті жау алмайды, …
  • Ақыл — тозбайтын тон, …
  • Өзге елде сұлтан болғанша, …
  • Білекті бірді жығар, …
  • Туған жердің күні де ыстық, …

Жалғасын тап

  • Еңбектің наны тәтті, …
  • Бірлік болмай, …
  • Туған жердей жер болмас, …
  • Оқу — білім бұлағы, …
  • Төртеу түгел болса, …
  • Ырыс алды — …
  • Еңбек етсең ерінбей, …
  • Білім қымбат, …

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

V кезең: «Көкпар»

Қажу бар ма тұлпарға, талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда — салсын бәрін ортаға.

Тапсырма: «қанағаттанарлық» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.

Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

VI кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына 3 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай.

Тапсырмалар жиынтығы 1

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болса, екі аяғымен тұрса салмағы қанша? (3 кг)
  2. Үстел беті төртбұрышты. Бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

Тапсырмалар жиынтығы 2

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
  3. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)

Тапсырмалар жиынтығы 3

  1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық)
  2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Қанша кг картоп әкелінді? (300 кг)
  3. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда барлығы қанша бала? (6 бала)

Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Қорытынды және марапаттау

Тауды биік деме сен — талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен — білімді болсаң, шығарсың.

Енді сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаз топ анықталып, дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.