Адамға қойылатын сұрақты көрсет
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Мажитова Алтынгүл Кабиденовна
Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр №4 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Пән / сынып
Қазақ тілі — 2 сынып
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Зат есімнің сөйлеу процесіндегі ерекше орнын ұғындыру; зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.
Тәрбиелік
Сабақтағы белсенділікке, жазба жұмыстарын ұқыпты орындауға, нақты жауап беруге және білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
СТО әдістерін қолдана отырып, оқушыларды жан-жақты, терең ойлауға және шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдістер
- СТО әдістері: топтастыру, «Сиқырлы қорапша»
- Жұмбақ, сөзжұмбақ
- Суретпен жұмыс
Көрнекілігі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Біз ақылды баламыз,
Біз тәртіпті баламыз.
Соғылады қоңырау,
Сабаққа біз дайынбыз!
Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағы ерекше түрде өтеді. Сабақта белсенді болған оқушыға бағалау ұпайының орнына не беретінімді жұмбақты дұрыс шешсеңдер білесіңдер.
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
Өзі тәтті, түрлі дәмді.
Қызыға көп жесең,
Ауыртады тамақты.
Жауабы: балмұздақ
II. Өткенді бекіту
3 минут«Доптың саған сұрағы бар» ойыны
- Сөз дегеніміз не?
- Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ деген не?
- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
Қате тұжырымдарды түзету
- «Кім? не?» сұрақтарына заттың санын білдіретін сөздер жауап береді — дұрысы: «Кім? не?» сұрақтарына заттың атын білдіретін сөздер жауап береді (зат есім).
- «Не істеді? қайтті? не қылды?» сұрақтарына заттың сынын білдіретін сөздер жауап береді — дұрысы: бұл сұрақтарға қимыл-әрекетті білдіретін сөздер жауап береді (етістік).
- «Қандай? қай?» сұрақтарына қимылды білдіретін сөздер жауап береді — дұрысы: бұл сұрақтарға сынды білдіретін сөздер жауап береді (сын есім).
- «Қанша? неше?» сұрақтарына заттың атын білдіретін сөздер жауап береді — дұрысы: бұл сұрақтарға санды білдіретін сөздер жауап береді (сан есім).
Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, етістік және т.б.
III. Дәптермен жұмыс
5 минут1) Бүгінгі күнді жазу
Ақпанның 8-і, дүйсенбі. Сынып жұмысы.
2) Сөздік диктант
Жоғалған әріпті тауып, сөздерді көшіріп жаз:
с...тушы, қай...қ, б...та, қонж...қ, ұст...з, к...тап, па...та, кер...к, д...рігер, түлк..., т..рақ.
Өзара тексеру, бағалау.
IV. Жаңа сабақ
3 минут1) Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Сөзжұмбақты шешу нәтижесінде сабақтың тақырыбы анықталады: Зат есім.
2) Суретпен жұмыс: сұрақ қою
Суреттегі заттардың атауына сұрақ қойылады:
- Қыз — кім?
- Оқушы — кім?
- Сәуле — кім?
- Ағаш — не?
- Көбелек — не?
- Гүл — не?
- Күн — не?
- Қарлығаш — не?
Ереже
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
V. Жаңа сабақты бекіту
5 минутОқулықпен жұмыс: 1-жаттығу (131-бет)
Бағында бұл балалар
Іні, әпке, аға бар.
Ойыншықтар мол онда:
Машина, арба, шана бар.
С. Оспанов
Тапсырма
«Кім?» және «не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жазыңдар. Неліктен екі түрлі сұрақ қойылады?
Түсіндіру: адамға — кім?, жануарлар мен заттарға — не? сұрағы қойылады.
2-жаттығу: топтық жұмыс
А3 қағазына орындалады, топтар қорғап шығады (5 минут).
1-топ
Берілген сөздерді сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазыңдар. Екі сөзден сөйлем құрастырыңдар: ата, кірпіш, шыны, апа, сағат, ағатай, қант, інішек, тауық, кептер.
2-топ
Суретте бейнеленген заттардың атауын жазыңдар. Екі сөзден сөйлем құрастырыңдар.
3-топ
Сөздерді кімдер? және нелер? сұрақтарына жауап беретіндей етіп екі топқа бөліп жазыңдар. Екі сөзден сөйлем құрастырыңдар.
Сергіту сәті
2 минутҚысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Өздік жұмыс: 3-жаттығу
5 минутСұрақтардың орнына тиісті зат есімдерді тауып жазыңдар:
- 1) (Кім?) ______ отын жарды.
- 2) (Кім?) ______ көйлек тікті.
- 3) Аспанда (нелер?) ______ көрінеді.
- 4) Орманда биік (нелер?) ______ өседі.
- 5) (Кімдер?) ______ серуенге жиналды.
Тақтамен жұмыс: «Сиқырлы қорап» ойыны
5 минутҚорап ішіндегі қима қағаздарға жазылған зат есімдерге сұрақ қойып, сөз құрамына талдайды:
VI. Сабақты қорытындылау
3 минутСөздерді оқып, олардың зат есім екенін дәлелдеңдер: Айдын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.
Дәлелдеу үлгісі
Айдын — зат есім, өйткені заттың атын білдіреді. Кім? деген сұрақ қойылады.
VII. Бекіту: тест тапсырмалары
5 минут1) Зат есімді тап:
A) күн Ә) ойна Б) ыстық
2) «Кім?» сұрағына жауап беретін сөзді көрсет:
A) өлең Ә) күй Б) әнші
3) «Не?» сұрағына жауап беретін сөзді көрсет:
A) ақын Ә) жер Б) адам
4) Жан-жануарға қойылатын сұрақты көрсет:
A) кім? Ә) не? Б) кімдер?
5) Адамға қойылатын сұрақты көрсет:
A) не? Ә) кім? Б) нелер?
VIII. Үй тапсырмасы
2 минут5-жаттығу, 132-бет.
IX. Бағалау
2 минутБелсенді қатысқан оқушыларға ұпай орнына «балмұздақ» арқылы бағалау жүргізіледі:
11–13 балмұздақ
Баға: 5
8–10 балмұздақ
Баға: 4
5–7 балмұздақ
Баға: 3