Сабақтың тақырыбы: y ax ² bx c функциясының графигіСілтеме

Сабақтың тақырыбы

y = ax² + bx + c функциясының графигі.

Сілтеме

Математика, 8-сынып (А. Әбілқасымова), слайдтар, сабақ жоспары.

Мұғалім

Құрманғазы атындағы ШЖЖ орта мектебі, математика пәні мұғалімі — Тулекова Айсұлу Турганбекқызы.

Жалпы мақсаты

Оқушыларға y = ax² + bx + c функциясының графигін түсіндіру, координаталық түзуде оң және теріс сандардың кескінделуін көрсету.

Оқушылардың өз бетімен қорытынды шығаруына, ойын ашық айтуына мүмкіндік беру және ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық және тапқырлық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
  • Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімін тиімді пайдалана отырып түсіндіру.
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешуге үйрету.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сындарлы бағалауы арқылы тақырыпты пысықтайды.
  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындау дағдысы қалыптасады.
  • Оқушы өзін және сыныптастарын бағалауға дағдыланады.
  • Ереже қолдану дағдысы, математикалық тілде сөйлеу және есеп шығару мәдениеті дамиды.

Сабақтың түрі және әдіс-тәсілдері

Ұйымдастыру форматы

Топпен жұмыс, жұптық жұмыс.

Оқыту тәсілдері

Диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық.

Ойлау және талдау

Блум таксономиясы, сыни тұрғыдан ойлау, «БББ» кестесі.

Сабақтың көрнекілігі

  • Проектор.
  • Слайдтар.
  • Топтарға арналған тапсырма парақтары.
  • Үлестірме тапсырмалар.

Ұйымдастыру кезеңі

Лездемелік сұрақтар

Оқушылардың тақырыпқа кірігуін қамтамасыз ету үшін қысқа, нақты сұрақтар қойылады.

Топқа бөлу

Оқушылар суреттің бөліктерін біріктіру арқылы екі топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері

Өзіндік оқу

Өз бетімен білім алуы және оқу стратегияларын қолдануы.

Дербес жұмыс

Тапсырманы өздігінен орындауы және жауапкершілігі.

Жұптық жұмыс

Тыңдау, келісу, дәлелдеу және бірлесіп шешім қабылдауы.

Математикалық білім

Негізгі ұғымдарды дұрыс қолдануы және есептеу дәлдігі.

Математикалық тіл

Тұжырымды нақты айтуы, белгілеулер мен терминдерді орынды қолдануы.

Бағалау

Өзін және сыныптастарын әділ әрі дәлелді бағалауы.