Сандар сыры Қажетті санды қойып, толықтырып айту
«101 жұмбақ, 1001 мақал» интеллектуалды сайысы
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен және ана тілін қаншалықты меңгеруімен өлшенеді. Ана тілінде еркін әрі сауатты сөйлеуде тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің орны айрықша екенін ұғындыру — сайыстың басты мақсаты. Сондай-ақ әркімнің өз тіліне деген құрметін ана тіліне, өз ұлтына және өз Отанына деген құрмет деп тануға тәрбиелеу, ізеттілік пен сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру көзделеді.
- Түрі
- Интеллектуалды сайыс
- Барысы
- Таныстыру және 4 кезең
Сайыстың құрылымы
-
0
Таныстыру
Әр қатысушы өзін қысқаша таныстырады.
-
1
Тапқырлық
Жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге қатысты мақал-мәтел айту.
-
2
Мақал — сөздің мәйегі
Мақал-мәтелдің жалғасын табу. Ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады.
-
3
Сандар сыры
Қажетті санды қойып, мақалдың мазмұнын толықтыру.
-
4
Ойлан, тап
Тұрақты тіркестердің мағынасын ашып түсіндіру.
І кезең: Тапқырлық
Жұмбақтың жауабын шешіп, сол сөзге байланысты мақал-мәтел тауып айтыңыз.
1
Үңгір түбінде жалбырап, өсіп тұр жалғыз жапырақ.
Жауабы: Тіл
2
Бір ғажап бар, тілі жоқ; сөйлесем десең, міні жоқ.
Жауабы: Кітап
3
Күміс қасықтың асы — алтын.
Жауабы: Тіл мен сөз
4
Жел соққандай жайқалып толқиды, оқысаң — тұла бойың балқиды.
Жауабы: Өлең
5
Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем.
Жауабы: Аспан мен жер
6
Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ күледі.
Жауабы: Бұлақ
7
Бес жанды бір жансызға мінгеседі, үстінде ақ тақырдың із кеседі.
Жауабы: Бес саусақ, қалам
8
Мінсең — желдей жүйткиді, көңілің таудай өседі. Алып ұшар алысқа, ер қанаты деседі.
Жауабы: Ат
9
Жауырғанды күлдірер, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер.
Жауабы: От
10
Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен. Бұл не өзі — тауып ал.
Жауабы: Түйе
ІІ кезең: Мақал — сөздің мәйегі
Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз. Бұл кезеңде ұпайы ең аз қатысушы сайыстан шығады.
1. Жылай-жылай құдық қазсаң,
… күле-күле су ішерсің.
2. Жолдасы жақсы жолды болар,
… жолдасы жаман қолды болар.
3. Сабырлы жетер мұратқа,
… асыққан қалар ұятқа.
4. Ағасы бардың жағасы бар,
… інісі бардың тынысы бар.
5. Жаздың бір күні
… қыстың мың күнін асырар.
ІІІ кезең: Сандар сыры
Қажетті санды қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
-
Анаңды … рет Меккеге арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
-
Жақсы әке жаман балаға … жыл азық.
-
… атасын білмеген — жетесіз.
-
Жігіттің … жұрты болады.
-
Қыздың … жаны болады.
IV кезең: Ойлан, тап
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып түсіндіріңіз.
1. Сақал сипап қалу
2. Қаймағы бұзылмау
3. Базары тарқату
4. Көз жазып қалу
5. Бит қабығынан биялай тоқу
6. Асығы алшысынан түсу
7. Тақияда тамтығы қалмау
8. Шүйдесін көрсету
9. Шашасына шаң жұқпау
10. Ұстараның жүзінде отыру
Қорытынды сөз
Біздің тіліміз — ең қымбат қазынамыз. Ғ. Мүсірепов айтқандай, қазақ тілі — бай әрі оралымды тіл. Ендеше ана тілімізді шұбарламай, ең алдымен өз тілімізде еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана жастардың тілді сақтауға және дамытуға қосқан нақты үлесі айқын болады.
Сайыс соңында қазылар алқасы жеңімпаз топтарды анықтап, белсенді қатысқан оқушыларды марапаттайды.