Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту
Сабақтың тақырыбы
Сызықтық алгоритм
Сабақтың типі
Жаңа материалды хабарлау
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, ағылшын тілі, сызу
Оқыту құралдары
Топшамалар, нұсқаулық парақ, компьютер, электронды оқулық
Сабақтың мақсат-міндеттері
Сабақ оқушыларды алгоритм түрлерімен таныстыруға, алгоритм типтерін құрастыру дағдыларын дамытуға және алгоритм құруға қызығушылығын жан-жақты қалыптастыруға бағытталады.
Құзыреттіліктер
- Ақпараттық құзыреттілік
- Коммуникативтік құзыреттілік
- Проблеманы шешу құзыреттілігі
Педагогикалық технологиялар мен әдістер
Технологиялар
- Ынтымақтастыққа негізделген оқыту
- Білім беруді ізгілендіру және демократияландыру
Әдістер (білім алу көзіне қарай)
- Сөздік
- Көрнекілік
- Практикалық
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқытушының әрекеті
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа дайындықты тексеру
Оқушының әрекеті
- Мұғаліммен амандасады
- Сабаққа дайындалып отырады
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың назары сабаққа шоғырланады.
II. Өткен материалды қайталау (жаңа тақырыпқа дайындық)
Топшамалармен жұмыс арқылы өткен тақырыптар бекітіледі және жаңа материалды қабылдауға дайындық жасалады.
Тапсырма 1
Екі санның қосындысын табатын программа құрыңыз.
Program kosindi;
Var a, b, x: integer;
Begin
Write('a, b сандарын енгіз: ');
Readln(a, b);
x := a + b;
Writeln('x = ', x);
End.
Тапсырма 2
Екі санның бөліндісін табатын программа құрыңыз.
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Write('a, b сандарын енгіз: ');
Readln(a, b);
x := a / b;
Writeln('x = ', x);
End.
Нәтиже
Оқушылар өткен тақырып бойынша білімін жетілдіреді.
III. Жаңа материалды түсіндіру
Алгоритм құрылымына қарай бірнеше типке бөлінеді. Осы сабақта сызықтық алгоритм қарастырылады.
Анықтама
Әрекеттердің бірінен кейін бірі ретімен орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Негізгі идея
Командалар тізбекті түрде орындалады. Бұл орындау түрі кейде табиғи тізбектілік деп те аталады.
Тізбектілік құрылымы
- 1-әрекет
- 2-әрекет
- ...
- N-әрекет
Оқушының әрекеті
Оқушылар жаңа тақырыпты түсінуге назар аударады.
IV. Жаңа білімді бекіту
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгергенін көрсетеді.
1-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарды табыңыз.
Сұрақтар
- Графикалық ақпараттың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы
- Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама
- Дыбыс шығаратын құрылғы
- Санау жүйелерінің қандай түрлері бар?
- Конъюнкция — бұл қандай логикалық амал?
- Windows сөзінің аудармасы
- Мәліметтерді енгізу пернесі
- Компьютер деген не?
- Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі
- Пернетақта қандай құрылғы?
- «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
- Компьютер жады нешеге бөлінеді?
- Бір килобайтта қанша байт бар?
- Монитор түрлері
- Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал
Жауаптар
- Сканер
- Word
- Колонка
- Екілік, сегіздік, ондық, оналтылық
- Көбейту (AND)
- Терезе
- Enter
- Ақпаратты өңдеу құралы
- Delete
- Мәліметтерді енгізу құрылғысы
- Латын
- 2
- 1024
- Электронды түтікшелі, сұйық кристалды, плазмалық
- Модем
V. Үй тапсырмасы және қорытынды
Үй тапсырмасы
Сызықтық алгоритм тақырыбы бойынша тест жұмысын құрастыру.
Қорытынды
Сызықтық алгоритм — командалар тізбегі ретімен орындалатын, құрылымы қарапайым алгоритм түрі.