Жүргізушілер тобы Көлік құрастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім салалары
Әлеуметтік орта, Таным, Шығармашылық
Білім бөлімдері
Қоршаған орта, құрастыру, жапсыру
Тақырыбы
Көліктер
Мақсаты

Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік қорын молайту.

Көлік туралы білімін қалыптастыру, атауларын және түрлерін ажыратуға үйрету.

Көрнекіліктер
Көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машиналар, бағдаршам, слайд

Сөздік жұмыс және билингвальды компонент

Сөздік жұмыс

  • Машина
  • Ұшақ
  • Пойыз
  • Қайық

Билингвальды компонент

Қазақша Орысша Ағылшынша
Машина Машина Car
Ұшақ Самолет Plane
Пойыз Поезд Train
Қайық Лодка Boat
Көлік Транспорт Transport

Сабақтың құрылымы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Тәрбиеші: «Балалар, сендер күннен-күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Барлық жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсуіміз керек, солай ма? Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастайық».

Жылулық шеңбер

  • Сәлем саған, алтын күн!
  • Сәлем саған, көк аспан!
  • Сәлем саған, жер-ана!
  • Сәлем саған, достарым!
  • Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

2) Ұйымдастырушы-ізденуші кезең

Балалармен «көлік» ұғымы төңірегінде әңгіме жүргізіледі: сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіледі.

Сұрақтар

  • Көлік дегеніміз не?
  • Көлік адамға не үшін қажет?
  • Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?

Жұмбақтар

  1. Тізбектелген көп үйлер, көшіп жүрген көк үйлер.
  2. Құс сияқты құс емес, жүрсе де тым биікте. Қақпайды бір қанатын, жүрсе де тым биікте.
  3. Қос күрекпен еседі, су көлігі деседі.
  4. Жүргізуші жүргізеді, төрт аяқты батырды.

Әңгіме: «Көліктер»

Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынау үшін пайдаланады. Көліктердің негізгі төрт түрі бар.

Әуедегі көліктер

Ұшақ, тікұшақ, әуе шары

Судағы көліктер

Қайық, кеме

Жердегі көліктер

Машина, автобус

Теміржол көліктері

Пойыз, трамвай

Ерте заманда адамдар алысқа жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Уақыт өте келе жерде жүретін көліктер (машина, автобус), кейін теміржол көліктері (пойыз, трамвай) пайда болды.

Адамдар құс сияқты ұшуды армандап, әуелі әуе шарын, кейін моторы бар ұшақтар мен тікұшақтарды ойлап тапты.

Суда қатынау үшін ертеде адамдар бөренелерді пайдаланған, кейінірек қайық пен кемелерді жасап шығарған.

Сергіту сәті және дидактикалық ойын

Көшедегі қимыл-қозғалысты реттеу үшін не қажет? Балалар бағдаршам және жол ережелері туралы ой бөліседі.

Талқылау сұрақтары

  • Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?
  • Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
  • Машина туралы тақпақты кім айтады?

«Бағдаршам» ойынының шарты

  • Бір бала — «бағдаршам» рөлінде тұрады.
  • Қызыл түсті көтерсе — балалар бір адым артқа шегінеді.
  • Сары түсті көтерсе — балалар орнында қозғалмай тұрады.
  • Жасыл түсті көтерсе — балалар бір адым алға жылжиды.

Ойын арқылы балалар көліктердің түрлерін ажыратып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтайды. Көрсетілім слайд арқылы жүргізіледі.

Қызметтік көліктер және мамандықтар

Жедел жәрдем

Көмек қажет адамдарға қызмет көрсетеді.

Жол полициясы

Жол қауіпсіздігін қадағалайды, тәртіпті реттейді.

Өрт сөндіру көлігі

Өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарына көмектеседі.

Қоғамдық және алысқа қатынайтын көліктер

Автобус, пойыз, ұшақ адамдарды бір жерден екінші жерге жеткізу үшін қажет.

Көлік жүргізетін адам — жүргізуші. Пойызды жүргізетін маман — машинист. Ұшақты басқаратын маман — ұшқыш.

Құрастыру және жапсыру жұмысы

Балалар 4 топқа бөлінеді, әр топ өз атауымен жұмыс жасайды. Мақсат — дайын қиылған көлік бөлшектерін үлгі бойынша құрастыру және геометриялық пішіндерден машина жапсыру.

1-топ

Теңізшілер

2-топ

Теміржолшылар

3-топ

Ұшқыштар

4-топ

Жүргізушілер

Ұжымдық жұмыс

Геометриялық пішіндерден машина жапсырылады. Жұмыс барысында балалардан түстері мен пішіндері сұралады: тіктөртбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.

3) Рефлексивтік-түзетуші кезең (қорытынды)

  • Көліктің қандай түрлері бар?
  • Көлік адамға не үшін қажет?
  • Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
  • Бүгін қандай көлік құрастырдыңдар?

Сабақ соңында балалар мадақталып, белсенді қатысқаны үшін алғыс айтылады. Бүгінгі іс-әрекет аяқталды.