Сүйінбай Алатаудай атым дардай, Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай

Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен
аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсін қасиетін,
Жаман ойға келгенде талғамайсың.
Қиял мінез, тымырық, от пен жалын,
Қайтейін, осыныңа арланбайсың.
Сүйінбай Алатаудай атым дардай,
Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай.
Еңбегімен екі ауыз із қалмастан,
Көктемдегі жер тартты кеткен қардай.
Ақылымды қараңғы қалған басып,
Сау күнімде құдайым еске салмай.
Ауру билеп, бойымнан әлім кетті - ау
Бауырсаққа илеген кескен нандай.



Ұқсас жұмыстар

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Сөзден жеңілген төре
Төле би және оның заманы
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жетісу ақындық, жыраулық дәстүрі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты
Қазақтың ақын жыраулары
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Сүйінбай шығармашылығы
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ
Таңдайымыз өрісті оймен татымақ
Мен 3 - сынып оқушысымын, атым - Әсемай
Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Білесің ғой, шынында екеуін көрсем мейірімденіп қуанам
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 1898, сонда) - айтыс ақыны
Балаларды жылата бересің ғой енді
Қолың сынып қалмайды ғой одан
Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898) - 19 - шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны
Болыпты ғой мына қыз