Ауаның қасиеттерімен таныстыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Құрық ауылының №1 орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бағдагүл Қожайқызы Аймағанбетова
Сабақ тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік мақсат
- Ауаның қасиеттерімен таныстыру.
- Ауа туралы бастапқы ұғым қалыптастыру.
- Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
2) Дамытушылық мақсат
- Тәжірибе жасау арқылы оқушының танымын кеңейту.
- Қызығушылығын оятып, зерттеушілік дағдысын дамыту.
3) Тәрбиелік мақсат
- Қоршаған ортаны қорғауға баулу.
- Экологиялық тәрбие беру.
- Сарамандық жұмысты орындаудың алғышарттарын үйрету.
Сабақтың құрылымы
Әдістер
Сабақ түрі
Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы
Психологиялық ахуал
2 минутШаттық шеңберіне арналған өлең
Қоршаған орта — табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау — парасат,
Білейік мұны жамағат.
Ұйымдастыру
- Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу: Күн, Бұлт, Ағаш.
- Топ ережесін еске түсіру.
- Оқушылар шеңберге жиналып, сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру
5 минутСұрақтар
- Тұсбағар дегеніміз не?
- Сурет деген не?
- Сұлба деген не?
- Масштаб деген не?
Оқушы әрекеті
Оқушылар үй тапсырмасының мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылықты ояту
5 минутМәтін: «Көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім күнделікті кездеседі. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің.
Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың ұйытқып, жылжып бара жатқанын көресің — оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің.
Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Ол сені үнемі қоршап тұрады, сенімен бірге жүреді.
Жұмбақ
Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың. (Жауабы: ауа)
Дәптермен жұмыс және БББ
- Күннің жадын және тақырыпты дәптерге жазу.
- БББ парақшасы: «Ауа туралы не білемін?», «Не білгім келеді?» бөлімдерін толтыру.
Негізгі ұғымдар (қысқаша)
Ауа көзге көрінбейді, бірақ оның бар екенін қозғалысынан байқаймыз (мысалы, желпуішті желпігенде немесе сабын көпіршіктерін ұшырғанда).
Ауа — физикалық дене.
Ауа — газдардың қоспасы.
Газдардың ішінде оттегі және көмірқышқыл газы маңызды: ағзалар оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі.
Мағынаны тану
10 минутМәтінмен жұмыс
- Мәтінді оқушылар өз бетінше оқып шығады.
- 1 оқушы мәтінді дауыстап оқиды.
Тәжірибелер (топтық жұмыс)
- 1-топ: оқулық, 35-беттегі тәжірибе.
- 2-топ: оқулық, 36-беттегі тәжірибе.
- 3-топ: шарды үрлеу тәжірибесі.
Шарды үрлеу арқылы қорытынды
Шардың ішіне не толды? Ауа — демек, ауа орын алады.
Ауа қайдан келді? Адамның тыныс алуынан.
Қорытынды сұрақ: Тәжірибелер арқылы ауаның қандай қасиеттерін байқадық?
Сергіту сәті
«Көңілді күн» әуенімен қимыл-қозғалыс жасау: оқушылардың ойы сергіп, шаршауы басылады.
Ой толғаныс және бекіту
1-топ
Ауаның қасиеттерін топтастыру.
2-топ
Ауаны ластаушы көздерді анықтау.
3-топ
Адам өміріне қажетті жағдайларды ретімен орналастыру.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту
- Адам немен тыныс алады? Ауамен.
- Қызыл шардың ішінде қандай ауа бар? Түссіз ауа.
- Ауа таза болуы үшін не істеу керек? Ластамау, табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс жинау, жасыл желекті көбейту.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік? Ауаның қасиеттері мен маңызын.
Ауаның негізгі қасиеттері
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
Мәтінді мазмұндау (күнделікке жазу).
Бағалау
Смайлик түстері арқылы бағалау:
- Қызыл — 5
- Жасыл — 4
- Сары — 3
Кері байланыс
- БББ парақшасын толық аяқтау.
- «Тілек ағашына» стикерге әсерін жазып жапсыру.