Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты
Диалогтің маңызын ашу және әңгімелесуді сабақта оқыту нысаны ретінде енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету және сынып өміріне белсенді қатысу қабілеттерін арттыру үшін әр оқушыны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.
Оқыту нәтижелері
Коучинг соңында мұғалімдер:
- Оқыту мен оқуда тілдің басты рөлін түсінеді.
- Әңгімелесуді (мысалы, сұрақ-жауап және шағын топта жұмыс) оқушыға жеке көңіл бөлуді күшейтетін әдіс ретінде тиімді қолдану туралы түсінігін қалыптастырады.
- Білім алу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізеді.
- Сыныптағы диалогтік тәсілдердің тиімділігін бағалай алады.
- Диалогтік әдістердің оқуға қалай көмектесетінін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар
- Диалог — мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
- Сұрау және топтық жұмыс — диалогтік тәсіл арқылы оқыту сапасын арттырудың тиімді құралы.
Коучингтің барысы
Кіріспе (стикер арқылы пікір жинау)
Қатысушылар кірген кезде әрқайсысына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап ретінде стикерді «Иә» немесе «Жоқ» бөліміне жапсырады.
1) Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Өзгеру»
Қатысушыларға ұшу аппаратын жасау тапсырмасы беріледі.
Дайын болғаннан кейін әр қатысушы оны нысанаға дәл тигізіп көреді.
Соңында ортақ қорытынды жасалады.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Біз өзгеруіміз керек пе?
- Нені өзгертер едіңіз?
- Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
2) Бейнематериал
Қатысушыларға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» атты бейнефильм ұсынылады.
Екінші деңгей бағдарламасының мазмұны (7 модуль)
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
3) Коучинг тақырыбын нақтылау
Коучинг тақырыбы: «Оқытудағы жаңа тәсілдер». Коучинг — сөзбе-сөз аударғанда тәлім алу, дайындау, жаттықтыру.
4) Топқа бөліну
Жұмысты жалғастыру үшін қатысушылар «шашу» әдісі арқылы топтарға бөлінеді: алынған кәмпиттің қағазына қарап, өз тобы анықталады. Әр топ өзін таныстырады.
5) Топ ережесін қабылдау
Қатысушылар бірлескен жұмысқа қажетті ортақ ережелерді келісіп, қабылдайды.
6–7) Бейнефильмді көру және талқылау
Топ мүшелері бейнефильмді көреді және мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?
- Үш бейнежазбаның айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
8) Диалогтік оқыту ұғымы
Диалогтік оқыту — оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен мақсатты әңгімелесу арқылы білімді бірлесіп құрастыруына мүмкіндік беретін тәсіл.
9) Мерсер негіздемесі бойынша диалогтің үш түрі
- 1 Әңгіме-дебат
- 2 Кумулятивті әңгіме
- 3 Зерттеушілік әңгіме
10) Тапсырма: түрлерін ажырату
Қатысушыларға диалогтік оқытудың үш түрінің сипаттамасы беріледі. Сол сипаттамаға сүйене отырып, бейнежазбалардың қайсысы қай әңгіме түріне жататынын анықтайды және топ ішінде талдайды.
Қосымша талқылау: осы үш түрдің қайсысы ең маңызды және неге?
11) Сергіту сәті
Қатысушылардың белсенділігін арттыруға арналған қысқа сергіту жаттығуы орындалады.
12) Диалогтік оқытудағы сұрақ қою
Диалогтік оқытуда сұрақ қою ерекше маңызды орын алады. Сұрақтар деңгейіне қарай төмен және жоғары деңгейлі болып бөлінеді.
Түрткі болу
Сұрақты қарапайым түрде қою, өткенді пысықтау, ойды ілгерілету.
Сынақтан өткізу
Толық жауап беруге және ойын нақтылауға итермелейді. Мысалы: «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»
Қайта бағыттау
Сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды. Мысалы: «Көмектесе алатындарың бар ма?»
13) Топтық жұмысқа арналған сұрақтар
- Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
- Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
- Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы қандай?
14) «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды: екі ұнаған тұсын («жұлдыз») және бір ұсынысын («тілек») жазады. Жазбалар постерлерге жапсырылады.
15) Сауалнама
Қатысушыларға қысқа сауалнама жүргізіледі (кері байланыс және қажеттілікті анықтау үшін).
16) «Тілек ағашы»
Қатысушылар «тілек ағашын» толтырады. Соңында Алматыдан әкелінген шағын сыйлық ұсынылады.
17) Қорытынды: «Иә» тренингі
Коучинг «Иә» тренингі арқылы қорытындыланады: қатысушылар келесі қадамға дайын екенін бекітіп, ортақ позитивті шешімге келеді.