Мәтінді іздеу операциясы
Сабақ жоспары
Құрал-саймандар тақтасы, мәзір және мәтін теру дағдылары
Бұл жоспар WordPad ортасында мәтінмен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін ойын тапсырмаларымен ұштастырып, оқушының жылдам әрі сауатты теру, көшіру, қиып алу және орналастыру дағдыларын бекітуге бағытталған.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу және түгендеу
- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуды тексеру.
- Сыныптың дайындығын, жұмыс орнының қолайлылығын ұйымдастыру.
Сабақтың бағыт-бағдары
- Құрал-саймандар тақтасы және мәзір жолымен жұмыс жасау.
- Алдыңғы сабақта не үйренгенімізді нақтылау: «Не білеміз?» және «Нені білуіміз керек?» сұрақтарын тақтаға жазу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ребус пен кроссворд
Оқушылар құрастырған ребус пен кроссвордтарды бір-біріне шешкізу арқылы қайталайды.
Фронтальді сұрақтар
- 1)WordPad қандай редактор?
- 2)Қандай пакетке енеді?
- 3)Іске қосу реті қандай?
- 4)Мәзір жолында не орналасқан?
- 5)Мәтінді терудің қандай ережелері бар?
III. Негізгі бөлім
Білім тексерілгеннен кейін оқушылар компьютерге отырады. Тапсырмалар ойын түрінде ұйымдастырылады: әр ойын белгілі бір дағдыны бекітеді (мәтінді енгізу, көшіру, қиып алу, буфер арқылы орын алмастыру, сұрақ-жауап).
1) «Ненің түбі не?» танымдық ойыны
Кестедегі сұрақтарға мақал-мәтелдердің көмегімен жауап беріп, мәтінді компьютерде теру қажет. Мақал-мәтелдер тақтаға ілінеді.
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| Еңбек түбі не? | Береке |
| Көптің түбі не? | Мереке |
| Кәсіп түбі не? | Нәсіп |
| Бейнет түбі не? | Зейнет |
| Ынтымақ түбі не? | Игілік |
| Ұрлық түбі не? | Қорлық |
| Уайым түбі не? | Тұңғиық |
| Тәуекел түбі не? | Желқайық |
2) «Өзің таңда» деңгейлік ойыны
Оқушылар деңгейіне сай тапсырманы таңдайды. Мақсат: өлең жолдарының көшірмесін алып, қиып алу (Cut) және қою (Paste) батырмалары арқылы жолдардың орнын ауыстырып, өлеңді дұрыс ретпен құрастыру.
5-тік деңгей
А. ҚұнанбаевКәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Дүниеге алған сайын тоя ма екен.
Қанша тірі жүрсе де өлген күні,
Болады екен бірдей-ақ өзге көзбен.
4-тік деңгей
Бұхар жырауЕр жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
3-тік деңгей
С. ТорайғыровСүйемін туған тілді, ана тілді,
Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
3) «Бильярд» ойыны (сұрақ-жауап)
Топ мүшелері таңдаған түстерді шариктердің түсіне сәйкес ұяшыққа енгізеді. Ол үшін әр шариктегі сұраққа жауап беру қажет.
- 1)Файл дегеніміз не?
- 2)Қапшық (бума) дегеніміз не?
- 3)Себеттің (Recycle Bin) қызметі қандай?
- 4)Мәтіннің көшірмесін алу операциясы қалай орындалады?
- 5)Мәтіннің орнын алмастыру операциясы қалай орындалады?
- 6)Мәтінді іздеу операциясы қалай орындалады?
- 7)Құжатқа графиктік объектіні кірістіруді қалай жүзеге асырамыз?
- 8)WordPad терезесінің негізгі элементтерін ата.
- 9)Стандартты бағдарламаларға қандай қолданбалар жатады?
Көзге жаттығу
Компьютермен жұмыс барысында қысқа сергіту сәтін жасап, көз бұлшықеттерін босаңсыту ұсынылады.
4) «Ауылым — алтын бесігім» (Paint + WordPad)
Paint редакторында боялған шеңбердің ішіне келесі сөздерді енгізу керек: 1) Ауылым, 2) Алтын, 3) Бесігім. Дайын суретті WordPad мәтіндік редакторына кірістіру қажет.
Үй тапсырмасындағы мәтінмен жұмыс (WordPad)
Мәтінді теріп болғаннан кейін төмендегі форматтау тапсырмаларын орындаңдар:
- 1)Алғашқы сөйлемнің астын сыз.
- 2)Әр сөйлемдегі кілтті сөздерді жартылай қалың қаріппен ерекшеле.
- 3)Мәтінді сол жақ шеті бойынша турала.
- 4)Екінші сөйлемнің қаріп өлшемін 16 етіп орнат.
- 5)Бұрын жасалған «Тарих» файлындағы алғашқы сөйлемді қиып алып, өз мәтініңе енгіз.
- 6)Файлды 7-сынып бумасына «Ауылым» атауымен сақта.
5) Тест тапсырмалары
-
1. WordPad мәтіндік редакторын қосу жолын көрсет.
-
2. (Белгіше) батырмасының міндеті қандай?
- А) Жаңа құжат құру
- Б) Құжатты сақтау
- Ә) Құжат ашу
- В) Баспаға шығару
-
3. (Белгіше) батырмасының міндеті қандай?
- А) Жаңа құжат құру
- Б) Құжатты сақтау
- Ә) Құжат ашу
- В) Баспаға шығару
-
4. (Белгіше) батырмасының міндеті қандай?
- А) Жаңа құжат құру
- Б) Құжатты сақтау
- Ә) Құжат ашу
- В) Баспаға шығару
-
5. (Белгіше) батырмасының міндеті қандай?
- А) Жаңа құжат құру
- Б) Құжатты сақтау
- Ә) Құжат ашу
- В) Баспаға шығару
-
6. Бұл қандай қатар?
- А) Мәзір қатары
- Б) Маркерлер
- Ә) Құрал-сайман тақтасы
- В) Қалып-күй қатары
-
7. Солдан оңға қарай өшіру үшін қай перне қолданылады?
- А) Shift
- Б) Backspace
- Ә) Del
- В) Alt
-
8. Оңнан солға қарай өшіру үшін қай перне қолданылады?
- А) Shift
- Б) Backspace
- Ә) Del
- В) Alt
-
9. Бас әріппен жазуға арналған перне.
- А) Shift
- Б) Backspace
- Ә) Del
- В) Alt
-
10. WordPad мәтіндік редакторының өмірдегі қажеттілігі қандай?
(Оқушы өз жауабын негіздеп жазады: мәтін теру, қарапайым құжат рәсімдеу, форматтау, сурет кірістіру, файл сақтау және баспаға дайындау.)
IV. Сабақты қорытындылау (рефлексия)
- 1)Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- 2)Бұл білім бізге не үшін қажет?
- 3)Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғымыз келеді?
V. Үйге тапсырма
«Менің мектебім» тақырыбында мәтін құрастыру.
VI. Бағалау
Бағалау парағы бойынша оқушылардың нәтижелері қорытындыланып, бағалары қойылады.
Негізгі дағдылар: көшіру, қиып алу, қою, орын алмастыру, форматтау, сурет кірістіру.