Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Мектеп
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі
Пән / Сынып
Қазақ тілі, 2-сынып
Мұғалім
Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырып
Зат есім
Мақсаты
-
1
Сөз таптары туралы, соның ішінде зат есім туралы түсінік беру; зат есімнің сұрақтарын меңгерту; сөйлемнен сұрақ қою арқылы зат есімді табуға үйрету.
-
2
Оқушылардың білімін, сауаттылығын және сөздік қорын дамыту.
-
3
Ұқыптылыққа, әдептілікке, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Қызығушылықты ояту
- Топтастыру
- Талдау
- Жинақтау
- Топтық жұмыс
- Семантикалық карта
- Өзіндік бағалау
Көрнекіліктер мен ресурстар
Интерактивті тақта
Слайд
Жіп (ойынға)
Мысал жазылған карточкалар
Өзін-өзі бағалау кестесі
Түрлі-түсті жұлдызшалар, жетондар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтсін күніміз!
II. Үй жұмысын тексеру
«Өрмекші торы» ойыны
Мақсаты: бір оқушыға сұрақ қойылады. Ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қойып, жіпті бір-біріне жалғастыру арқылы тор құрастырады. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы 1 жетон алады.
III. Жаңа сабақ
Оқушылар жұлдызшаны таңдау арқылы топқа бөлінеді және түстеріне сәйкес орындарына отырады.
Қызығушылықты ояту: «Тез есепте!» ойыны
Мақсаты: оқушыларға мысал жазылған карточкалар беріледі. Дұрыс жауап тапқан сайын әріптер ашылып, сол әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
Ашылатын сөз
З — А — Т — Е — С — І — М
Мағынаны тану: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен тапсырмалар
1-тапсырма: Сиырдың тапсырмасы
Берілген сөздерді топқа бөліп орындау:
Сөздер тізімі
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, тасқын, сатушы, шелек, мұғалім, қоңыз, кесе, бұршақ, жүргізуші, боран, ара, есепші, найзағай, тәрелке.
1-топ
Табиғат құбылыстарының атауларын теріп жазыңдар.
2-топ
Мамандық атауларын жазыңдар.
3-топ
Жәндік атауларын жазыңдар.
4-топ
Ыдыс-аяқ атауларын жазыңдар.
Бағалау: сұраққа жауап берген оқушы 1 жетон алады.
2-тапсырма: Ағаштың тапсырмасы
Ережені оқушылардың өздеріне қорытындылап шығартады.
Ереже
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
IV. Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма: Қыздардың тапсырмасы
1-жаттығу
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
2-жаттығу
Суреттегі заттардың атауын жаз. Сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
V. Сергіту сәті
4-тапсырма: Дүкеншінің тапсырмасы
3-жаттығу: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жаз.
5-тапсырма: Тауықтың тапсырмасы
4-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.
VI. Сабақты бекіту
6-тапсырма: Тышқанның тапсырмасы
Семантикалық картаны толтыру.