Көп рахмет құрметті ұстаздар

Ұстазға арналған жыр

Данышпан да, дана да — оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жандар,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.

Жүргізушілердің құттықтауы

1-жүргізуші

Армысыздар, бармысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар!

2-жүргізуші

Ұстаз — ғаламның жарық күні. Ұстаз — адамның анасы. Бүкіл әлем оның еңбегін мойындайды: сен де адам болып қалыптасуға сол еңбектің арқасында қадам бастың.

Ұстазыңды терең түсінсең, ол да сенің бағын өрлеткен қуанышыңа бірге кенеледі.

Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкіртке сондай нұр береді.

«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, шәкіртінің өзінен озғанын тілейтін ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Музыкалық тарту

Ән

«Ардақты ұстазым»

Орындайтын: Сансызбаева Светлана

Ән

«Ұстазым»

Орындайтын: Қоныспаева Альмара

Ән

«Алғашқы ұстаз»

Орындайтын: Айару мен Диляра

Ұстаздық туралы ой

Шын ұстаздың болмысы

Меніңше, кез келген мұғалім ұстаз бола бермейді. Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Өнерлі болу әр адамға бірдей қона бермейді.

Сондықтан шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштасуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Ғафу Қайырбековтің жыры

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ұстаз жүгі — ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — нағыз шеберлік.

Ардагер ұстаздарға құрмет

Ұстаз шәкіртін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие береді, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар ұсынады. Бұл — өлшеусіз еңбек.

Қонақтар

  • Ескалиева Нұрсұлу Ескалиқызы
  • Аралова Сәуле Ғалымқызы
  • Кабиева Латипа Ғазизқызы
  • Жаксылыкова Орынғаным Жаксылыққызы

Сұхбат сұрақтары

  1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Бұл жүрек қалауыңыз болды ма, әлде белгілі бір оқиға әсер етті ме?
  2. «Ұстаз болу — жүректің батырлығы» дейді. Сіздіңше, бұл мамандықты таңдауда қандай қасиеттер қажет?
  3. Өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден бүгін қандай өзгерістерді байқадыңыз?
  4. Мектебіңізге айтар тілегіңіз қандай?

Аяулы да мейірімді ұстаздар, сіздерге көп рақмет! Өздеріңізге арналған сый-құрметті қабыл алыңыздар.

  • 4-сынып қыздары сыйлық ұсынады.
  • 2-сынып оқушысы Өтепқали Шұғыла анасының тартуын табыстайды.
  • Қонақтарға өнер тарту: «Орыс биі».

Көркем сөз бен би

Жүрекке жақын жолдар

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған мұғалімді барша жан ардақтайды. Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы, жемісі жер жүзіне тарайды. Бала десе өз қамын ойламайды, шәкіртінің өзінен озғанын қалайды.

Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар! Жанарға нұр сыйлаған, күндей күлімдеген жарықсыздар.

Сахналық нөмірлер

  • Би: «Бақытым менің» — 6-сынып қыздары
  • Жастар биі — 6-сынып
  • Ортаға шақыру: Хасанова Анар

Ұстаз туралы нақыл сөздер

Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ұстазға қарап шәкірт өседі.
Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ұстазы жақсының — ұстамасы жақсы.

Ұстаз туралы қанша мақтау айтсақ та, тауыса алмаймыз. Ендеше, ендігі кезекте шәкірттердің жүректен шыққан өлең шумақтарына орын берейік.

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Нұр жүзіне сүйсіне қарайсың.
Білім беріп, содан бақыт табасың,
Мәңгі жас боп жүректе қаласың.

2-оқушы

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын үйде қалдырып,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Өнерлі сөзін үлгі етем әрдайым.
Мұғалімнің мұғалімін танимын —
Көкіректе көретін бір көзім бар.

3-оқушы

Ұстаздарға мың алғыс — алғысым көп менің,
Асыл анам — мектебім!
Үйреткені адалдық, ұсынғаны адамдық,
Текті міне даналық.

Бар ұстазға тілейміз: бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы

Мұғалім — ұстазың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі бірдей жеткізе алмас бағалардың.

Талай бала өтті алдыңнан жылдар бойы,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сананы.
Ақылшы да, тәрбиеші де болдың аға,
Еңбегіңнің салмағы — үлкен аманат.

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
«Ұстазым!» деп басымды иіп тұрамын.

Ән

«Мектебім»

Орындайтын: Талап Зиба

Би

«Сылқым қыздар»

4-сынып

Флешмоб

2-сынып

Ұстаздарға арналатын ортақ тарту

Мектеп басшысының құттықтауы

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілек білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Ерментаева Меруерт Сатқанқызын шақырамыз.

Қажет қасиеттер

Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық қажет.

Ән

«Ұстазым»

Орындайтын: Шалқыма мен Диана

Би

Өзбек биі

6-сынып қыздары

Ән

«Мектебім»

Орындайтын: 6-сынып қыздары

Сахнадан әзіл: «Түсіндірме сөздік»

Каникул

Жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік

Үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика

Мен түгіл, әкемнің де тісі батпайтын жаңғақ.

Дос

Бақылау жұмысында дәптеріне жазғанын бақылатып отыратын қыз не ұл.

Сабақ

Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

«Апайға айтам»

Қыздардың негізгі қаруы.

Ән

«Мұғалім — ол біздің»

Орындайтын: Жарқын мен Жалғас

Ұстаздарға арналған «емтихан»

Мұғалімдер емтихан алғанды жақсы көреді. Осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан «сынақ» алып көрейік: бүгін ұстаздар оқушы болсын, ал біз мұғалім болып, сұрақ қояйық.

Шар ішіндегі жұмбақ сұрақтар

  1. Домбырада — жетеу, сырнайда — алтау, қобызда — бесеу. Бұл не? (Әріп)
  2. Бұл санда қанша әріп болса, сонша сан бар. Ол қай сан? (Жүз)
  3. Жел соққанда тау ық бола ма? (Ық болады)
  4. Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ тас)
  5. Ертістің ортасында не бар? («Т» әрпі)
  6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. (Тұз)

Билет сұрақтары

  1. №1 билет — Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болуы керек пе?
  2. №2 билет — Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
  3. №3 билет — Сабаққа жиі кешігесіз бе?
  4. №4 билет — Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
  5. №5 билет — Сабақта анекдот айтқан күніңіз болды ма?

Құрметті ұстаздар, көп рақмет! Барлығыңыз «емтиханнан» сүрінбей өттіңіздер.

Мақал-мәтелді түзетейік

Мақал-мәтел — халық даналығы. Төмендегі сөйлемдерде сөздер әдейі шатастырылған. Дұрысын табуға көмектесейік.

Дұрысы: Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Дұрысы: Біліп тұрсаң да, сұрап ал.

Дұрысы: Көп біл, аз сөйле.

Дұрысы: Көрместүйені де көрмес.

Дұрысы: Өнер алды — қызыл тіл.

Дұрысы: Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.

Қанша есейсек те, бәрібір сіздер үшін баяғы шәкірт баламыз. Ұстаздың әр сөзіне енді ерекше құлақ түреміз — қадірін уақыт өте тереңірек түсінеміз.

Ән

«Ұстазым»

Орындайтын: Еламан мен Рысбек

Қорытынды: Ұстазға тағзым

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, еңбек адамы да, диқан да, шопан да, тіпті көк күмбезін бағындырған ғарышкер де — бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Көңілді күй ойнап, сахнаға оқушылар шығып, ұстаздарға біркелкі бас иеді. Сыйлықтар табысталады.