Әке мен бала әңгімесінің авторы кім
«Білімді отбасы» — зияткерлік сайыс
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі Білім апталығы аясында жоғары сынып оқушыларына арналған «Білімді отбасы» сайысына қош келдіңіздер.
ХХІ ғасыр — білім ғасыры. Қоғам күн сайын күрделеніп, жаңа дәуірдің талабы арта түсуде. Бүгінгі жастардан ептілік, шығармашылық және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше таным қажет.
Осындай заманға сай тұлға тәрбиелеу — мектептің ғана емес, отбасының да ортақ міндеті. Мектеп — білім ошағы болса, отбасы — тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие — ажырамас егіз ұғым.
Тәрбиенің өзегі — отбасы
«Бақытты отбасы — келешектің кепілі. Тәрбие — отбасының шешімі. Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету — әрқашан үлкендердің міндеті» деген ойды терең түсінген ата-аналар бүгінгі сайыста баласының қиялына қанат бітіріп, өнегелі отбасының үлгісін көрсетуге ниетті.
Сайыскерлер
Ардақ Сайлауова
9-сынып
Мінезі ашық, достарына әрқашан көмектесуге әзір. Әсем биімен мектептегі көптеген шаралардың сәнін келтіріп жүр.
Ұстанымы
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»
Жақсы көретін ісі: ән салу, би билеу.
Сайысқа әкесі Ерболат және анасы Гүлнұрмен қатысады.
Шынар Мұқанова
10-сынып
Қай істі де алғырлықпен атқарады, білімділігімен ерекшеленеді. Бос уақытында өлең шығарғанды ұнатады.
Ұстанымы
«Тек қана алға»
Сайысқа нағашы апасы Флора және ағасы Дәулетпен қатысады.
Молдаш Амиров
11-сынып
Арманы — елінің білімді азаматы болып, дамуына үлес қосу. Физика пәнін ерекше жақсы көреді, Эйнштейннің жаңашылдығын үлгі тұтады.
Мектеп түлегі, «Алтын белгі» үміткері. Мұғалімдер ұжымы үлкен сенім артады.
Сайысқа ата-анасының достары — Альфия апай мен Мәлік ағаймен қатысады.
Барлық сайыскерлерді қол соғып, қошеметтеп қояйық!
Сайыс кезеңдері
-
1-тур
Бәйге
-
2-тур
Полиглот
-
3-тур
Эрудит ата-ана
-
4-тур
Не? Қайда? Қашан?
-
5-тур
Жорға
Сарапшылар алқасы
- Қайырқұл Шынар Самиғоллақызы
- Урбисенова Алия Қабдырахиқызы
Алғашқы сөз мектеп директоры Шотанов Шәрәпи Тәжібайұлына беріледі.
1-тур: «Бәйге»
Жүсіп Баласағұн: «Білімдіге — биік орын». Осы сөзді бағдар етіп, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
Әр топқа қағазға жазылған 10 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап — 1 балл.
Сұрақтар мен жауаптар
- 1. Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыкалық топ қалай аталады?
- Оркестр
- 2. «Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім?
- Ы. Алтынсарин
- 3. Адамзат тарихында қолданылған алғашқы антибиотик қалай аталады?
- Пенициллин
- 4. Ежелгі Римдегі ең ірі құлдар көтерілісінің көсемі кім?
- Спартак
- 5. Төрт адамнан тұратын музыкалық топ қалай аталады?
- Квартет
- 6. Мемлекеттік рәміздер күні қай күні аталып өтеді?
- 4 маусым
- 7. «Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
- Ы. Алтынсарин
- 8. «Көксерек» қай жанрға жатады?
- Повесть
- 9. Шерлок Холмсты дүниеге әкелген жазушы кім?
- Артур Конан Дойл
- 10. Ауа райын зерттейтін ғылым қалай аталады?
- Синоптика
Сайыскерлер жауаптарын тапсырғанша, Маратов Елдостың орындауында «Әкелер әні» ұсынылады.
2-тур: «Полиглот»
Тіл — қай ұлтта, қай елде болсын қадірлі құндылық. «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген сөзге сүйене отырып, бұл тур сайыскерлердің тілдік білімін анықтауға бағытталған.
Мақалда түсіп қалған сөздің қазақша, орысша және ағылшынша нұсқасын айту керек. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
| Мақал | Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|---|
| 1. Елу жылда ел _____ | жаңа | новый | new |
| 2. Өнер алды — қызыл _____ | тіл | язык | language |
| 3. Тіл тас жарады, тас жармаса _____ жарады | бас | голова | head |
| 4. Отан оттан да _____ | ыстық | горячий | hot |
| 5. Жігіттің екі сөйлегені — _____ | өлгені | умирать | die |
| 6. Адамды адам еткен — _____ | еңбек | труд | labour / work |
3-тур: «Эрудит ата-ана»
Білім — адамзатқа ортақ қазына. Сократтың «Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ» деген нақылы — үздіксіз ізденіске шақыратын ой.
Бұл кезеңде ата-аналардың білімі сыналады. Сұрақтар төрт тақырыпқа бөлінеді: Салт-дәстүр, Жалпы білім, Мақал — сөздің азығы, Мәдени мұра. Қиындық деңгейіне қарай 10/20/30 балл беріледі. Жауап тек ата-ана тарапынан қабылданады.
Салт-дәстүр
-
10 балл: «Құдайы қонақ» деген кім?
Шақырусыз, кенеттен келген қонақ.
-
20 балл: «Бастаңғы» деген не?
Үй иелері сапарға кеткенде жастардың бас қосуы.
-
30 балл: «Қой басты» қандай дәстүр?
Киіз басу кезінде әйелдер жиналып, киізді домалатып «қой басты» деп дауыстайды. Үй иесі оларды тәтті тағам ұсынып, қонақ етеді.
Жалпы білім
-
10 балл: «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
Ы. Алтынсарин.
-
20 балл: Н. Ә. Назарбаевтың лауазымдық атауы қандай?
Президент.
-
30 балл: 22 қыркүйек қандай мереке?
Тілдер мерекесі.
Мақал — сөздің азығы
-
10 балл
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
-
20 балл
Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
-
30 балл
Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.
Мәдени мұра
-
10 балл: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің авторы кім?
Абай Құнанбаев.
-
20 балл: 2001 жылы Голливудта бас жүлде алған топ?
«Ұлытау» тобы.
-
30 балл: Н. Ә. Назарбаев басты кейіпкер болатын көркем фильм?
«Менің балалық шағымның аспаны».
Кезекті музыкалық тарту: аналар құрметіне арналған «Анаға сый» әні (орындаушы — Салимов Дәурен).
4-тур: «Не? Қайда? Қашан?»
Жан-жақты білім мен жылдам ойды талап ететін кезең. Сұрақтар төрт бөлім бойынша қойылады: Тұлғалар, Мәдени мұра, Әдебиет, Жалпы білім. Әр дұрыс жауап — 5 балл.
Тұлғалар
-
Кім? ХХ ғасырдың басында Парижде ән салған әнші?
Ә. Қашаубаев.
-
Қашан? Д. А. Қонаевтың 100 жылдығы қашан аталып өтті?
2012 жыл (12 қаңтар).
-
Қайда? Қайрат Рысқұлбеков оқиға кезінде қайда оқыды?
Алматы қаласы, Сәулет-құрылыс институтында.
Мәдени мұра
-
Не? Диаметрі 22 м, салмағы 300 т, хамелеон әйнегінен жасалған шарымен танылған құрылыс?
Бәйтерек монументі.
-
Қашан? Орал қаласының негізі қашан қаланды?
1613 жыл.
-
Қайда? «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші қай қалада орнатылды?
Алматы қаласында (2006).
Әдебиет
-
Кім? Абайдың шәкірті, «Ләйлі — Мәжнүн» аудармашысы, «Мұтылғанның өмірі» өлеңінің авторы?
Ш. Құдайбердіұлы.
-
Қашан? Махамбет Өтемісұлы қашан дүниеге келді?
1803 жыл.
-
Қайда? «Қалқаман — Мамыр» оқиғасы қай жерде болды?
Абай елінде, Тобықты жерінде.
Жалпы білім
-
Кім? π санын 3,14 деп көрсетіп, бөлуде қос нүктені алғаш қолданған математик?
Джонс.
-
Қашан? Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды?
1992 жыл, 30 қаңтар.
-
Қайда? Вашингтон қаласы қай өзеннің бойына орналасқан?
Потомак.
Сайыскерлердің нәтижесін тыңдау үшін сөз сарапшыларға беріледі.
5-тур: «Жорға»
Соңғы, шешуші кезең: 15 сұрақ оқылады. Жауап жылдам әрі нақты болуы керек. Әр дұрыс жауап — 1 балл.
I топ — сұрақтар
- 1) Дұрыс жазылуды қарастыратын ғылым: орфография
- 2) Үш арыс: Сәкен, Ілияс, Бейімбет
- 3) Қазақ тілінде жалғау саны: 4
- 4) «Сарыарқа» күйінің авторы: Құрманғазы
- 5) «Синус», «компьютер»: термин сөздер
- 6) Жаздың соңғы айы: тамыз
- 7) Киіз үй қабырғасы: кереге
- 8) Түркия астанасы: Анкара
- 9) Атмосфераның ең төменгі қабаты: тропосфера
- 10) Аққудың балапаны: көгілдір
- 11) Абайдың шын аты: Ибраһим
- 12) Жыл атауынан құр қалған жануар: түйе
- 13) «Әке мен бала» авторы: Ы. Алтынсарин
- 14) «Невада — Семей» қозғалысын ұйымдастырған: О. Сүлейменов
- 15) «Тонның ішкі бауындай» мағынасы: тату
II топ — сұрақтар
- 1) Дұрыс айтылуды зерттейтін ғылым: орфоэпия
- 2) Үш би: Төле, Қазыбек, Әйтеке
- 3) Қазақ тілінде септік саны: 7
- 4) «Аққу» күйінің авторы: Н. Тілендиев
- 5) «Керует», «самаурын»: кірме сөздер
- 6) Қыстың екінші айы: қаңтар
- 7) Киіз үй төбесі: шаңырақ
- 8) Қытай астанасы: Пекин
- 9) Жердің ауа қабаты: атмосфера
- 10) Африкалық түйеқұс: страус
- 11) Ш. Уәлихановтың шын аты: Мұхаммедқанафия
- 12) Жыл санауға кірген құс: тауық
- 13) «Таза бұлақ» авторы: Ы. Алтынсарин
- 14) Кеңес үкіметін орнату жолында күрескен большевик: Т. Бокин
- 15) «Жұлдызы қарсы болу» мағынасы: араз
III топ — сұрақтар
- 1) Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым: фонетика
- 2) Үш жүздің басын қосқан ұлы хан: Абылай
- 3) Сан есімнің түрге бөлінуі: 4
- 4) «Күй атасы»: Құрманғазы
- 5) Бір мағына беретін тіркес: тұрақты сөз тіркесі
- 6) Күздің екінші айы: қазан
- 7) Жердің су қабаты: гидросфера
- 8) Франция астанасы: Париж
- 9) Наурызда балалардың топталып айтатын әні: жарапазан
- 10) Балаға арналған тайға салынатын ер: ашамай
- 11) Абайдың әжесі: Зере
- 12) Қалталы жануар: кенгуру
- 13) «Көксерек» авторы: М. Әуезов
- 14) Алаш Орданың тұңғыш төрағасы: Ә. Бөкейханов
- 15) «Жүрегі зу етті» мағынасы: кенет қобалжу, селт ету
Сарапшылар қорытынды шығарғанша, Мырзахметов Данияр ағайдың орындауында «Асыл ана» әні ұсынылады.
Қорытынды бөлім
«Білімді отбасы» зияткерлік сайысы мәресіне жетті. Қорытынды сөз мектеп директоры Шотанов Шәрәпи Тәжібайұлына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз Қайырқұл Шынар Самиғоллақызына беріледі.
Ізгі тілек
Жанұяның тірегі — әке болсын,
Шаңырақтың шуағы — ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Түйін сөз
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл — шырақ қара түнді ашатын,
Білім — жарық нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда — ақылдың бұлағы,
Білімді сөз — шырын, жанның құнары.
Ендеше, баршамыз білімді де білікті болайық.