Наурыз өлеңдері
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Наурыз өлеңдері
- Өткізген
- Алпысбаева К. К.
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Білім беру
- Әдіс-тәсілдер
- Деңгейлеп-саралап оқыту
- Көрнекіліктер
- Мақал жазылған плакат, Наурызға байланысты суреттер, карточкалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту.
- Сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру.
- Сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету.
- Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық
- Наурыз туралы түсініктерін кеңейту.
- Бата мен тілектердің мәнін таныстыру.
- Өз білгенін жүйелі әңгімелеуге жетелеу.
- Шығармашылық белсенділікті арттыру.
Тәрбиелік
- Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.
- Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Отанды сүюге бағыттау.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру және жұмыс ырғағын қалыптастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып: «Малдың баласын сүюі». Оқушылар өлеңді жатқа айтып, сұрақтар арқылы мазмұнын талдайды.
Түсінік сұрақтары
- Торпақ деген не?
- «Қоңыр» деген қай төл?
- «Боташым» деген не? Ол қай малдың төлі?
- Лақ қай малдың төлі?
- Құлын ше?
Талдау сұрақтары
- Қой баласын қалай сүйеді?
- Сиыр баласын қалай сүйеді?
- Түйе баласын қалай сүйеді?
- Ешкі баласын қалай сүйеді?
- Жылқы баласын қалай сүйеді?
- Сендерге қай малдың төлі ұнайды? Неліктен?
Жауаптардан кейін оқушылар қысқаша әңгімелеу арқылы өз ойларын толықтырады.
3) Жаңа сабақ: «Наурыз өлеңдері»
Оқушыларға бүгінгі оқылатын мәтіннің халық ауыз әдебиетіне жататыны сұрақ-жауап арқылы анықталады: тұрмыс-салт жырлары.
Тұрмыс-салт жырларының түрлері
- Төрт түлік малға байланысты жырлар
- Наурыз жыры
«Наурыз» сөзі парсы тілінен енген: «нау» — жаңа, «рыз» — күн. Яғни мағынасы — «Жаңа күн».
Сұхбат сұрақтары
- Наурыз қашан болады?
- Бұл күн елімізде қалай аталады?
- Наурыз күнін қалай мерекелейміз?
Негізгі ой
Наурызда адамдар бір-біріне жақсылық тілеп, жыл бойы молшылық болуын сұрайды. Үйде Наурыз көже пісіріліп, бата-тілек айтылады.
4) Кітаппен жұмыс
Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды. Одан кейін 3 оқушы кезекпен оқып шығады.
5) Сөздік жұмысы
Оқушылар мәтіннен түсініксіз сөздерді анықтап, сөз тіркестерінің мағынасын талдайды.
6) Сұрақ-жауап арқылы түсінуін тексеру
- Наурыз қандай мейрам?
- Халық Наурыз мейрамын қалай атаған?
- Ұлыс күні кәрі-жас бір-біріне қалай амандасқан?
- Адамдар бір-біріне не айтқан?
- Үлкен адамдар не берген?
- Наурыз күні қандай тағам жасалады?
- Оны неге мол қылып, «толы» етіп жасайды?
Тіркестердің мағынасын талдау
- «Ақ мол болсын!»
- «Төрт түлік ақты болсын!»
Тілдік тапсырма
«Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен» тіркесіндегі антонимдерді табыңдар: кәрі — жас.
7) Дәптермен жұмыс
Мақал:
Батамен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер.
Мақалды оқып, мағынасын түсіндіру: бата — елдің берекесін арттыратын ізгі тілек, ал жаңбыр — жердің құтын келтіретін табиғи ырыс.
8) Бекіту: деңгейлік тапсырмалар
3-деңгей
Өлеңнен малдардың берген батасын тауып, оқыңдар.
2-деңгей
Қай өлеңде тілек айтылғанын тауып оқыңдар және мағынасын түсіндіріңдер.
1-деңгей
Наурыз туралы өз білгендеріңді және мейрамды қалай өткізгендеріңді әңгімелеңдер.
9) Қорытынды
- Наурыз өлеңдері халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
- Наурыз қандай мейрам?
10) Үй тапсырмасы
А) Жаттау
«Наурыз өлеңдерінен» өзіңе ұнаған бөлігін жаттап келу және сұрақтарға жауап дайындау.
Ә) Шығармашылық жұмыс
Наурыз тақырыбына сурет салып келу.