Ежелгі Қазақстан қалаларына саяхат

Сабақтың тақырыбы

ІХ ғ. – ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өткен тақырыптарды қайталату арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін жан-жақты сұрақ-жауаппен тексеріп, түсіндіріп, қорытындылау.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; тарихи ұғымдарды талдау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Отан тарихын зерттеуге үлес қосуға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

II. Өткен тақырыпты қайталау

5 минут
  • «Футбол ойыны» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды атау.

Сабақтың жоспары

  1. 1) Ежелгі Қазақстан қалаларына саяхат

    Қалалардың орналасуы, саны, көлемі және қалалық мәдениеттің ерекшеліктері.

  2. 2) Діни наным-сенімдер

    Ежелгі дәуірден исламға дейінгі сенімдер жүйесі және негізгі ұғымдар.

  3. 3) Х–ХІІ ғасырлардағы кесенелер

    Сәулет ескерткіштері мен олардың ерекшеліктері бойынша талдау.

  4. 4) «Тұлғаны танып-біл»

    Ортағасырлық ойшылдар мен ғалымдардың мұрасын еске түсіру.

Ежелгі Қазақстан қалалары

Қалалардың тарихи атаулары

Иасы
Түркістан
Испиджаб
Сайрам
Сунақ
Сығанақ
Фараб
Отырар
Талас
Тараз

Археологиялық деректер

  • Оңтүстік Қазақстан: 30 қала, кейін 37 қалаға дейін артқан.
  • Оңтүстік-Батыс Жетісу: 36 қала.
  • Солтүстік-Шығыс Жетісу: 70 қала жұрты анықталған.

Қалаларды көлемі бойынша бөлу

30 гектардан асатын қалалар

Испиджаб, Отырар, Сауран

10–30 гектар аралығы

Бурух, Хурлуг және т.б.

10 гектарға жетпейтін қалалар

Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан

Х–ХІІ ғасырлар қалаларындағы басты жаңалықтар

  • 1

    Мешіттердің салынуы

    Қалалық діни өмірдің тұрақтануы мен қоғамдық кеңістіктің қалыптасуын көрсетеді.

  • 2

    Шығыс моншалары

    Тараз бен Отырардан табылған моншалар тұрмыстық мәдениеттің деңгейін айқындайды.

Тапсырма

Берілген қате сөйлемдердің дұрыс нұсқасын табыңдар.

Діни наным-сенімдер

Ежелгі сенімдер

Діни наным-сенімдер ежелгі дәуірден бастау алып, бүгінгі күнге дейін кейбір элементтері сақталған.

  • Ұмай анаға табыну
  • Отқа табыну
  • Ата-баба аруағына табыну
  • Күнге табыну
  • Жер-суға табыну

«Миға шабуыл» сұрақтары

  1. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?
  2. Ислам діні қашан қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
  3. «Фран» сөзі қандай мағына береді?
  4. Отбасыңда қандай дінді ұстанасыңдар?

Негізгі ұғымдар

Зороастризм

Ежелгі шығыс халықтарының дуалистік діні.

Тотем

Адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын сенім.

Ұмай ана

Ежелгі түрік тайпаларындағы құт-береке ұғымымен байланысты киелі бейне (тотем).

Ислам

Дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі.

Құран

Мұсылман қауымының қасиетті кітабы.

Х–ХІІ ғасырлардағы кесенелер

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

Кесенелер мен сәулет терминдерін сипаттама бойынша анықтаңдар.

  1. 1. Орта ғасырлық сәулетте құдықтың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер кездеседі. Бұл құрылыс қалай аталады?

    Сардоба

  2. 2. Көне Отырар қаласының батыс жағынан 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан; Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазының басына тұрғызылған кесене.

    Арыстан баб кесенесі

  3. 3. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан кесене.

    Алаша хан кесенесі

  4. 4. Сығанақ маңындағы Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене.

    Көккесене

  5. 5. Бабаджа-қатын кесенесі Х–ХІ ғасырларда салынған ескерткіштер қатарына жатады. Бұл кесененің тұрғызылғанына қанша жыл шамасында болды?

    Шамамен 1000–1100 жыл

  6. 6. Далалық сәулет өнері үлгісінде салынған; кіреберіс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлауық есігін еске түсіреді; өрнекті кірпішпен қос сызықша етіп өрілген ерекше композициясы бар кесене.

    Айша бибі кесенесі

  7. 7. Бабаджа-қатын кесенесі.

«Тұлғаны танып-біл»

Негізгі тұлғалар

Қожа Ахмет Ясауи Махмұд Қашғари Жүсіп Баласағұни Әбу Насыр әл-Фараби Ахмет Иүгнеки Әбу Райхан әл-Бируни

«Жұлдызды сәт» сұрақтары

  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
  2. Әбу Райхан әл-Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
  3. Махмұд Қашғари еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
  4. Қожа Ахмет Ясауидің әулиелігі неде?
  5. Қожа Ахмет Ясауиден қалған ұлы мұра қандай?
  6. Отырарда туған шығыстың аса көрнекті ғалымы кім?

«Сиқырлы сандықша» (жедел сұрақтар)

  • Мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат қалай аталады?

    Мешіт

  • Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштерді ата.

    Бабаджа-қатын, Айша бибі

  • Айша бибі кесенесі қай жерде орналасқан?

    Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде

  • Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы кім?

    Арыстан баб

  • Археологиялық қазбалар барысында көптеген қалалардан қандай нысандар табылды?

    Шығыс моншалары

  • Түркістан қаласындағы Шығыс моншасы қай жылға дейін жұмыс істеген?

    ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін

  • Х–ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыс түрлері ерекше дамыды?

    Діни кешендер

  • Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?

    Кесене

  • Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алды?

    Қытайдан

Термин сөздер

Қоржын үйлер

Бір-бірімен өзара байланыстырылған үйлер.

Ташнау

Канализацияның қарапайым түрі.

Сардоба

Су сақтау және белгі мақсатында тұрғызылған күмбезді құдық.

Тест сұрақтары (деңгейлер бойынша)

I деңгей

  1. 1) Қалалар көлемі бойынша нешеге бөлінеді?

    а) 3   в) 4   с) 6

  2. 2) Оңтүстік-батыс Жетісудан неше қала жұрты табылды?

    а) 45   в) 70   с) 36

  3. 3) Х–ХІІ ғғ. қалаларындағы басты жаңалықтардың бірі?

    а) ташнау   в) мешіт салынуы   с) сардобалар

  4. 4) Ташнау деген не?

    а) мал қора   в) тандыр   с) канализацияның қарапайым түрі

  5. 5) Төртбұрышты ошақтың ауданы?

    а) 40×40   в) 30×30   с) 50×30

II деңгей

  1. 6) 70 қала жұрты ашылған аймақ?

    а) Сырдария бойы   в) Жетісудың шығысы   с) Солтүстік-шығыс Жетісу

  2. 7) Қаланың үшінші сыртқы бөлігі қалай аталған?

    а) рабат   в) цитадель   с) шахристан

  3. 8) Қоржын үйлер қай қалада табылған?

    а) Отырар   в) Иасы   с) Құйрықтөбе

  4. 9) Лавар, Алмалық қалалары қай топқа жатады?

    а) 1   в) 2   с) 3

  5. 10) Сырдарияға құяр жеріндегі қалалар орталығы?

    а) Фараб   в) Сығанақ   с) Отырар

III деңгей

  1. 11) Көлемі 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалаларды ата.

  2. 12) Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр және Кеңгір өзені бойындағы қалаларды ата.

  3. 13) Х–ХІІ ғғ. қалалардың басты жаңалықтарын атап жаз.

  4. 14) Қай ғасырдан бастап бөлмелер саны көбейе бастады?

  5. 15) Жетісу қалаларының ортаңғы ашық алаңында не болған?

Сөзжұмбақ тапсырмасы

Сұрақтар

Х–ХІІ ғасыр қалалары мен тұлғаларына қатысты сұрақтар бойынша сөзжұмбақты шешіңдер.

  1. Х–ХІІ ғғ. қалалардың басты жаңалығы қандай?
  2. Түркістанда ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жұмыс істеген, сәнділігімен көзге түскен құрылыс қандай?
  3. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
  4. Жуынды су ағатын құдық (жер астымен қыш құбыр арқылы қала сыртына шығарылған жүйе) қалай аталған?
  5. Махмұд Қашғари қай тілді зерттеген?
  6. Әбу Насыр әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?

Үйге тапсырма

Оқу

Тақырыпты оқып келу.

Жазба жұмыс

«Ежелгі Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

Қорытындылау және бағалау

Сабақ соңында негізгі ұғымдар мен дәлелдерді жинақтап, оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.