Окушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, кұрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер кұрастыра білуге үйрету
Сабақтың тақырыбы
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, құрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық
Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Тиянақтылыққа, зейінді тұрақты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Қайталау
- Салыстыру
- Көрнекілік
- Ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі
- Кесте
- Кубизм әдісі
- Интерактивті тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу.
III. Өткен сабақты бекіту
Қайталау сұрақтары
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.
- Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем қалай аталады?
Нақтылау
- Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
- Баяндауыш көбінесе қандай сөз табынан жасалады?
IV. Жаңа материалмен жұмыс
Ой ширату
Балалар, тақтадағы бағандарда берілген сөздерге назар аударып, оқып көрейік. Әр бағандағы сөздердің ішінен қай сөз артық деп ойлайсыңдар?
| 1-баған | 2-баған | 3-баған | 4-баған |
|---|---|---|---|
| Қысқа | жазды | ұзын бойлы | алты |
| Ұзын | оқыды | қара торы | тоғыз |
| Қара | көріп тұр | ала торы | екі жүз |
| Ақ сары | естіді | бойшаң | алпыс |
| Жуас | ұшты | қызыл ала | сексен |
Бағдар сұрақтар
- Бүгінгі сабағымыз не туралы болады?
- Осы сабақтан нені білуіміз керек?
Салыстыру тапсырмасы
Сөйлемдерді салыстыр: ұқсастығын және айырмашылығын тап.
- Айгүл мектепке барды.
- Айгүл мектепке бара жатыр.
- Серік Сәпиев — атақты чемпион.
- Серік чемпион атанды.
Дәптермен жұмыс: көркем жазу минуты
Жазу барысында е мен л әріптерінің байланысына назар аудар.
V. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Екі қатардағы сөйлемдерді оқып, қарамен берілген сөздерге сұрақ қою арқылы талда. Сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. Кейін сөйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Жұп 1
- Аула тазартылды.
- Аула іші тазартылды.
Жұп 2
- Алматы — оңтүстіктегі әсем қала.
- Алматы қаласы — Қазақстанның бұрынғы астанасы.
Жұп 3
- Жаңбыр жауды.
- Жаңбыр жауа бастады.
Жұп 4
- Әсел үйге кірді.
- Әсел үйге кіріп келді.
2-жаттығу
Мәтінді оқы. Алғашқы 2–3 сөйлемді тақтаға жазып, талда. Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тауып, астын сыз.
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақтар жиналды. Асқа әнші, балуан, ақындар жиналды. Менің Жамбылды көргім келді.
К. Әзірбаев
Сергіту сәті: “Бір әріптің ізімен” ойыны
Ойын шарты: сөйлемдегі сөздер тек бірдей әріптен басталсын. Сөйлемдегі сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін анықтап, сөйлем мүшесіне талда.
Мысал
Орман отқа оранды.
Мысал
Дәурен допты домалатты.
Бір оқушы сөйлем құрастырады, екінші оқушы талдау жасайды.
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Мазмұнын талқыла. Қарамен берілген сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта.
Дала баласы
Бес жасында ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын —
Мен баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін —
Мен баласы даланың!
М. Әлімбай
5-жаттығу
Жұмбақтарды оқы. Шешуін тап. Сын есімнен жасалған күрделі мүшелерді анықта.
Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал.
VI. Сабақты бекіту
“Дұрыс па, бұрыс па?”
- Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
- Сөйлем мүшесі — сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
- Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
- Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.
- Бастауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
- Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
Қате тап
Қажымұқан Мұңайтпасов, атақты балуан.
Түзету үлгісі: Қажымұқан Мұңайтпасов — атақты балуан.
VII. Сабақты қорытындылау
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?
- Нені үйрендіңдер?
- Сөйлемнің қандай мүшелері болады?
Негізгі түйін
- Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден жасалады?
- Күрделі мүше қандай белгілерімен ажыратылады?
VIII. Үйге тапсырма
- Сөйлемдердегі күрделі баяндауыштарды тауып, астын сыз.
- Ережелерді түсініп, жаттап кел.
IX. Бағалау
Бағалау өлшемдері
- Дара және күрделі мүшелерді дұрыс ажыратуы.
- Сұрақ қою арқылы сөйлем мүшесін дәл анықтауы.
- Сауатты әрі көркем жазуы.
- Топтық/жұптық жұмыста белсенділігі.