Мәңгі бақи шырқалады, Республика әнұраным

Тәуелсіздік — 26 жыл Патриоттық тәрбие Рәміздер

Тәуелсіздік — бабалар аманаты

Бұл материал — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған ашық оқу қызметінің мазмұны. Мақсат — балалардың туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, елін қадірлейтін, егемендікті бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Мақсаты

Отанға, туған жерге сүйіспеншілікті ояту; патриот болуға баулу; ел егемендігін сақтай білуге, елдің «бір кірпіші» болып қалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сөздік қорды молайту, тіл дамуын қолдау, өз ойын анық әрі әсерлі жеткізуге ынталандыру.

Тәрбиелік

Болашақ ұрпақ бойына елін сүю, қорғау, ынтымақ пен бірлік құндылықтарын орнықтыру.

Педагогтің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Бабалар аманаты — Тәуелсіздік!» атты ашық оқу қызметіне қош келдіңіздер!

«Шаттық шеңбері»

Сәлем бердік, туған елім,

Тал бесігім, туған жерім.

Сәлем бердік бәріңізге,

Өскен ортам, еркін елім.

Тәуелсіздік туралы түсіндіру

Биыл — үлкен мереке. Қазақстан тәуелсіздік алғанына 26 жыл толды. Тәуелсіздік — біздің ең басты бақытымыз.

1991 жылғы 16 желтоқсан — тарихтағы ұлы күн. Дәл осы күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістікке жетіп, еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтарды нығайтты.

Азаттық — қазақ халқының ежелгі арманы. Ол жолда талай қиындық кездессе де, халқымыз ешқашан мойымаған: күресе білді, бірлігін сақтады.

Тәуелсіздік — қасиетті ұғым.

Оның арқасында халқымыз еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздіктің бергені ұшан-теңіз, ал берері одан да мол.

Тәуелсіздіктің алғашқы қастерлі нышандарының бірі — Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң. Сол жерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздік монументі орнатылды. Монумент жобасын белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов әзірледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, оны ешкім аяп бере салмады.
Тәуелсіздік — Қайрат, Ләззат, Ерболдың ерлігі, Желтоқсандағы жанқияр күресі.

Музыкалық бөлім

Балалардың орындауында: Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Сұрақ-жауап

Педагог:

Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан Республикасы.

Педагог:

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Балалар:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Педагог:

Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:

Тәуелсіз мемлекет.

Педагог:

Қазақстанның астанасы қай қала?

Балалар:

Астана.

Педагог:

Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар:

Қарағанды.

Педагог:

Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қалай аталады?

Балалар:

Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мемлекеттік рәміздер — ел рухы

Мақтансаң, мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаңды. Елтаңба, Туың, Әнұран — тәуелсіздікке тән ұран. Қасиетті осы рәміздерде елдің рухы мен мәні бар. Иесі — біз!

Балалардың тақпақтары

  1. Мейіржан

    Әнұраным — жан ұраным,
    Айтар әнім, сөйлер сөзім.
    Мәңгі бақи шырқалады,
    Республика Әнұраным.

  2. Амина

    Қатар шапқан қос тұлпар,
    Ай астында киіз үй.
    Қалықтаған қос қыран,
    Шарықтаған туа күй.
    Елтаңбасы елімнің —
    Елдігімнің белгісі.

  3. Алтынай

    Айнымайды аспаннан
    Біздің тудың бояуы.
    Оны халық қашанда
    Биікке іліп қояды.

Музыкалық бөлім

Балалардың орындауында: «Ақ көгершін» әні.

Тәуелсіздікке арналған көріністер

Слайд

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына — 26 жыл.

Би

«Шаңырақ» биі.

Жер шары: жылы лебіздер

Құрметті қонақтар, қазір балалардың көмегімен жер шарын орналастырып, сол жер шарына өз Тәуелсіз мемлекетіміз — Қазақстанды белгілейміз. Балалардың жылы тілектерін тыңдайық:

  • Нұрхан

    Аспанымыз ашық болсын!

  • Алдияр

    Күніміз әр кез жарқырай берсін!

  • Айғаным

    Тәуелсіз еліміздің әр таңы шаттыққа толы болсын!

  • Амина

    Қазақ елі аман болсын, Елбасы жасай берсін!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 26 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ел тыныш, жұрт аман болып, мемлекетіміз одан әрі көркейіп, берекелі, бай ел болсын!

Би

Балалардың орындауында: «Батырлар» биі.

Қорытынды ән

Балалардың орындауында: «Атамекен» әні (қолдарында кішкентай жалаушалар).