Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Үш би

Сабақ типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Әңгімелеу

Жаңа технология

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Бүктеме
  • Суреттер
  • Суретті сызба
  • Тірек сызба

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға би және шешен ұғымдарын жан-жақты меңгерту, өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық

Сөздік қорды молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға баулу.

Тәрбиелік

Жан-жақты дамыған, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Психологиялық дайындық

Сандар мен бағалар арқылы ой қозғау

  • Сұрақ: «Тақтаға не жазылды?» — сандар, цифрлар.
  • Сұрақ: «Бұл цифрлардың біз үшін маңызы қандай?» — бағалар.
  • Сұрақ: «Қандай баға жақсы?»

Бағалардың мәні туралы өлең

Бір дегенім — жаман баға,

Алады оны жаман бала.

Екі дегенім — нашар баға,

Інішегім нашарлама.

Үш дегенім — орта баға,

Сапасы да орта ғана.

Төрт дегенім — жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

Бес дегенім — үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

Қорытынды: сабаққа белсенді қатысып, үздік нәтижеге ұмтылу.

III. Білімді жан-жақты тексеру

Топтастыру әдісі

Суретті сызба бойынша «гүл» тақырыбында сұрақтар қойып, сөздерді топтастыру:

Не?

гүл

Қандай?

ақ, әдемі

Нешеу?

бір

Ережелерді еске түсіріп, қосымша мысалдар келтіру.

Оқулықпен жұмыс

  • 136-жаттығу: 11, 12, 13, 14 сандарын сөзбен жазу.
  • Сұрақтар: «Бұлар қандай сандар?», «Екі таңбалы сандар қалай жазылады?», «Қалай сұрақ қоямыз?»
  • 137-жаттығу: сұрақтарға ауызша жауап беру.

Сұхбат сұрақтары

Атың кім?
Неше жастасың?
Қай сыныпта оқисың?
«Балаларға» сұрағын тағы қандай сұрақпен алмастыруға болады?

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

IV. Жаңа сабақ: «Үш би»

Қызығушылықты ояту

Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу: «Үш би».

Мағынаны тану

«Би» және «шешен» сөздерінің мағынасы талқыланып, оқушылардың ой-пікірі тыңдалады.

Негізгі ұғымдар

Қазақ халқына тән ең қастерлі өнердің бірі — шешендік өнер. Шешен деп алғыр ойлы, тапқыр тілді, әсерлі үнді адамды айтады. Би-шешендер елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға, жерін қорғауға, ұлттық намыс пен салт-дәстүрді ұлықтауға зор еңбек сіңірген.

Ел аузындағы нақыл:

«Төле тауып айтады, Қазыбек қазып айтады, Әйтеке жарып айтады»

  • Төле би — ақылды, әділ тұлға.
  • Қазыбек би — шешен, тапқыр, батыл тұлға.
  • Әйтеке би — шешендігімен қатар ел басқарған тұлға.

Үшеуі де — халық қамын ойлаған кемеңгерлер.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру.

Тектану сұрағы

Оқушыларға ата-тегін білу туралы сұрақ қойылады: қай рудан, қай жүзден екені анықталады.

  • Төле би — Ұлы жүз
  • Қазыбек би — Орта жүз
  • Әйтеке би — Кіші жүз

Ой толғаныс: Sinkuein (бес жолды өлең)

Оқушылар ұйқас құрау арқылы бес жолды өлең жазады. Мұғалім бастаманы береді:

Үлгі жолдар:

Төле биден — Ұлы жүз,

Қазыбектен — Орта жүз,

Әйтекеден — Кіші жүз,

Бабалар салған асыл із.

V. Қорытынды

«Бәйтерекке көмектес» ойыны

Қазір қай мезгіл? Көктемде табиғат жасыл түске енеді. Ал бәйтеректің жапырақтары сарғайып тұр. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бәйтеректі «жасылдандырады».

  1. 1. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
  2. 2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
  3. 3. «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім?
  4. 4. Бес асыл қасиетті ата.
  5. 5. Бес дұшпанды ата.
  6. 6. «Өнерлі жігіт» әңгімесі кім туралы?
  7. 7. «Ойыншық», «бауырмал», «қоңырау» сөздерін буынға бөл.
  8. 8. Оқу-білім туралы мақал айт.

Үй тапсырмасы

  • 138-жаттығу: көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазу.
  • «Үш би» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
  • Мақалды жаттау.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының нақтылығы бойынша бағалау жүргізіледі.