Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы

Мұқағали Мақатаев: «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын».

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Ақпарат көздері арқылы ақынның өмірі туралы мәліметті тереңдету.
  • Өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралап, саралап, ерекшеліктеріне назар аударту.
  • Шығармалардың идеялық-көркемдік мазмұнын ашу.

2) Дамытушылық

  • Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға дағдыландыру.
  • Оқушыны шығармашылыққа баули отырып, ауызша және жазбаша түрде еркін, көркем сөйлеуге үйрету.
  • Өз пікірі мен эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

  • Оқушыны болашаққа сеніммен қарауға баулу.
  • Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
  • Табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • 1.

    М. Мақатаевтың өмірі мен өлеңдері туралы толық мәлімет алады.

  • 2.

    Ақынның негізгі идеясын түсінеді.

  • 3.

    Шығармалар бойынша өз пікірін еркін білдіреді.

  • 4.

    Өлеңді жатқа оқуға машықтанады.

  • 5.

    Отанға деген сүйіспеншілігі артады.

  • 6.

    Табиғатты сүюге және қорғауға дағдыланады.

Бағалау өлшемдері

1) Сюжеттік талдау

Оқушының мәтінді түсінуі мен талдау қабілеті сюжеттік талдау арқылы бағаланады.

2) Тапсырмаларды орындау

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау нәтижесі ескеріледі.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Алдыңғы білімді еске түсіру (сұрақтар)

  1. Мұқағали қандай ақын?
  2. Оның қандай шығармаларымен таныспыз?
  3. «Фантазия» өлеңі не туралы? Нені түсіндік?
  4. «Фантазия», «фантастика» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
  5. Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
  6. «Фантазия» өлеңін кім мәнерлеп жатқа айта алады?

Ескерту: Өлеңді жатқа сұрау.

I. Қызығушылықты ояту

Интервью-тест.

1) Мұқағалидың туған күні, жылы

  • A.1931 жыл, 18 наурыз
  • Ә.1931 жыл, 9 ақпан
  • Б.1931 жыл, 23 қаңтар

2) Мұқағалидың әкесінің аты

  • A.Сүлеймен
  • Ә.Ахмет
  • Б.Мақатай

3) Ақынның азан шақырып қойған есімі

  • A.Мұқанғали
  • Ә.Мұқағали
  • Б.Мұқаметқали

4) Ақынның анасы

  • A.Зере
  • Ә.Нағиман
  • Б.Ұлжан

5) 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы

  • A.«Шуағым менің»
  • Ә.«Аманат»
  • Б.«Мавр»