Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас селолық округі, М. Қабылбеков атындағы орта мектепМатематика пәнің мұғалімі Тлеулесова Алия ТасболатовнаТақырыбы
Автор және оқу орны туралы мәлімет
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас селолық округі, М. Қабылбеков атындағы орта мектеп.
Математика пәні мұғалімі: Тлеулесова Алия Тасболатовна.
Тақырыбы
Ондық бөлшек
Оқу мақсаты
Қайталау • Түсіндіру • Дамыту • Тәрбиелеу
Мақсаты
1) Білімді тексеру және бекіту
Ондық бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдануды қайталау. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі мен білімінің тиянақтылығын тексеру.
2) Түсіну мен ойлауды дамыту
Әртүрлі есептер шығарту арқылы ондық бөлшектердің мағынасын терең түсіндіру. Оқушыларды жоғары нәтижеге ұмтылдыру, логикалық ойлауын және шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.
3) Тұлғалық және командалық дағдылар
Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу; топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру; өз бетімен жұмыс жасауға, жауапкершілікке және шапшаңдыққа баулу.