Әдептілік белгісі

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Форматы

Сынып сағаты

Әдісі

Сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Көрнекілік

Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер

Мақсаты

  • Оқушыларға әдептіліктің ең алғашқы белгісі — сәлемдесу екенін ұғындыру, сәлемнің өзінде терең мағына барын сезіндіру.

  • Ойлау қабілетін дамыту, сыйластық қасиетін нығайту, үлкенге құрмет пен ізеттілікке баулу.

  • Адамгершілікке, әдептілікке және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ой шақыру

«Сәлем» сөзінде қандай сыр бар? Неліктен халық «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді?

Сәлем — әдептіліктің белгісі

Сәлемдесу — адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышын бөлісіп, тілдесуі. Бұл — ізеттілікті, құрметті және адамдық қарым-қатынасты білдіретін ең қарапайым, бірақ ең маңызды қадам. Сәлем беру мәдениеті адамның тәрбиесін, ішкі дүниесін, кішіпейілдігін аңғартады.

Сәлемдесудің түрлері

Сәлеметсіз бе! Армысыз! Қош келдіңіз! Ассалаумағалейкум! Аман-есенсіз бе? Сәлем!

Оқушы пікірлері: сәлемнің мәні

Үлкен адамға сәлем беру — кішінің міндеті. Сәлем беру — имандылық пен мәдениеттіліктің белгісі.
Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы сыйлап сәлем беру — ата дәстүріміз.
Әдептілік дегенің — әрқашанда керегің. Көршілерді көргенде сыйлап сәлем беремін.
Кім үлкенді сыйласа, кім үлкенді тыңдаса — сыйлы болар өзі де, үлкен болған кезінде.

Нақыл сөздер

  • Сәлем — сөздің анасы.

  • Сәлем — әдептілік белгісі.

  • Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

  • Сәлем беру де — парыз, сәлем алу да — парыз.

  • Жақсы сөз — жарым ырыс.

Мағынаны ашу: көріністер мен қорытынды

Көрініс

«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»

Негізгі ой

Ұлық болсаң — кішік бол. Кішіпейілдік — адамды кішірейтпейді, керісінше қадірін арттырады.

Армандап ап бетке, көгер қане көкте. Кімді көрсең дағы, сәлем бермей өтпе.
Сәлем — тілек шыңы, сөзімнің бұл шыны. Ұлттық салтты сақтау — кісіліктің құны.
Сыйла үлкен кісіні, қамқорлыққа ал кішіні. Сәлем жасамай өтпегін — әдепті қыл бұл ісіңді.

«Жалғасын тап» ойыны

1

Әдепті бала — арлы бала, ...

2

... — сөздің анасы.

3

Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...

4

Сәлем беру де — парыз, ...

5

Әдептілік белгісі — ... бергені.

Көрініс: дәстүрді танытатын бір сәт

Көрініс атауы

«Алты жасар Дәуреннің ауылға келуі және алпыс жастағы қарияның амандасуы»

Түйін

Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген аталы сөз бар. Ауылға алғаш келген адамға жасына қарамай, үлкендер өздері келіп сәлем береді.

Ой

Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің — қадірің артады.

Суретпен жұмыс: әдепті және әдепсіз әрекет

Әдепті

  • Үлкенге бірінші болып сәлем беру
  • Жылы жүзбен, анық үнмен амандасу
  • Құрмет көрсетіп, орын беру, сөзін бөлмеу

Әдепсіз

  • Көре тұра амандаспай өтіп кету
  • Сәлемді селқос, салғырт айту
  • Үлкеннің сөзін тыңдамау, құрмет танытпау

Қорытынды: сұрақтар мен ой түю

Сұрақ 1

«Сәлемі түзу екен» дегенді қалай түсінесің?

Сұрақ 2

Сыныпта амандаспайтын оқушыға не айтар едің?

Сәлемдесе білу де — өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Сәлем беру — өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлемдесуден жалықпайық.
Сәлем беру — кішіліктің белгісі.

Мұғалімнің түйіні

Сәлемдесу — ынтымақ пен бірлікке шақыратын игі дәстүр. Адамдықтың белгісі — сәлемдесу екенін ұмытпайық. Сәлеміміз түзу болсын, амандасар адамымыз көп болсын!

Үй тапсырмасы

«Мен әдепті баламын» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Рефлексия

  • Бүгін мен сәлемдесудің маңызын қалай түсіндім?
  • Қай ой мені ерекше ойландырды?
  • Енді өзім қандай әдетті тұрақты ұстанамын?