Компьютерлік дискілерді ата

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі: Маханова Гульназ Абдіхалыққызы

Құрметті ұстаздар, әділқазылар, оқушылар! Сіздермен бірге «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдығын ортаға салып, алған білімдерін пысықтау және өз мүмкіндіктерін сынау.

Дамытушылық

Компьютерді тиімді пайдалану арқылы шығармашылықты, ойлау қабілетін дамыту; пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру; компьютерлік сауаттылықты жетілдіру.

Тәрбиелік

Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға және даралықты дамытуға тәрбиелеу.

Сайыстың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу
  • Назарды сайысқа аудару
  • Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыру

Ойын толқын — айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайыс кезеңдері (5 кезең)

  1. 1 Өзім туралы — таныстыру сайысы
  2. 2 Бәйге — жылдам сұрақ-жауап
  3. 3 Ғажайып алаң — ұяшықтардағы сұрақтар
  4. 4 Сурет салу — компьютерде орындау
  5. 5 Сен маған, мен саған — өзара сұрақ қою

Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз. Шыңдарға биік қона беріңіздер!

1-кезең — «Өзім туралы» таныстыру

Қатысушылар өздерін таныстырады. Бұл кезеңді әділқазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлар тақтаға жазылады.

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туысқа емес, досқа емес, сыныптасқа емес —
Қол соғыңыз білімді жас талантқа!

2-кезең — «Бәйге»

Ортақ сұрақтар қойылады. Қол көтеріп жауап бересіздер.

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

1. Информацияның өлшем бірлігі?

Жауабы: бит, байт

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

Жауабы: интерфейс

3. Компьютердің «ақыл-ойы»?

Жауабы: процессор

4. Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын құрал?

Жауабы: компьютер

5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады?

Жауабы: 256

6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?

Жауабы: пернетақта

7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

Жауабы: бит

8. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама?

Жауабы: антивирус

9. Ақпаратты шығару құрылғысы?

Жауабы: принтер

10. Бос орын қалдыру пернесі?

Жауабы: пробел

11. Мәтін жазуға арналған редактор?

Жауабы: Word

Мәңгі есте қалар ғажайып бір кеш болсын!
Білімдірек шәкірт озар, қиынырақ сұрақ болсын!

3-кезең — «Ғажайып алаң»

Бұл кезеңде информатика пәні бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар нөмірленген ұяшықтарда көрсетіледі, ал ұпай саны ұяшық ішінде жасырылған. Қорытынды ұпайлар тақтаға жазылады.

1.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

2.

Бит дегеніміз не?

3.

Принтердің түрлерін ата.

4.

1 байтта қанша бит бар?

5.

Пернетақтада қанша перне болады?

6.

Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс істейді?

7.

Компьютердің атасы кім?

8.

Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.

9.

Бос орын қалдыру пернесі?

10.

«Орта» деген сөзде неше байт бар?

11.

1 символда неше бит бар?

12.

Компьютерлік дискілерді ата.

13.

Флешка дегеніміз не?

14.

Өшіріп, қайта жазуға болатын диск қалай аталады?

15.

Компакт-дискіні оқитын құрылғы?

16.

«Диск» сөзінде қанша бит бар?

Білімнің ұшқырлығын таныт сен,
Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр —
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

4-кезең — Сурет салу сайысы

Алдарыңызда 6 нұсқа жасырылған ұяшықтар ұсынылады. Қалаған ұяшықты таңдап, жасырылған суретті компьютерде орындауыңыз қажет. Компьютерге отырмас бұрын электрондық есептеуіш құралдарымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіреміз.

Жасырылған нұсқалар

  • Желкенді кеме
  • Аққала
  • Тұрғын үй
  • Автокөлік
  • Қыс бейнесі
  • Орман бейнесі

Бұл кезеңді әділқазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлар тақтаға жазылады.

Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс —
Жеңілемін деп ойлама.

5-кезең — «Сен маған, мен саған»

Бұл кезеңде оқушылар үйден 3 сұрақтан дайындап келеді. Сұрақтарын қалаған қарсыласына қояды.

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Ұпайлардың қорытындысы тақтаға жазылады.

Жеңімпазды анықтау және марапаттау

III. Марапаттау

Әділқазылар алқасы әр қатысушының жинаған ұпайын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Ең көп ұпай жинаған оқушы «Үздік информатик» атағына ие болады. Құттықтаймыз!

Жеңімпаз оқушылар марапатталады.

IV. Қорытындылау

Бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Рахмет!