Балықтың суреті
Сабақтың мақсаты
Оқыту
Сұйылтылған бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету.
Дамыту
Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ұқыптылықты қалыптастыру.
Тәрбиелеу
Бояумен жұмысқа қызығушылық ояту және өз еңбегіне қуану сезімін қалыптастыру.
Тіл түзету мақсаты
Дыбыстардың анық әрі дұрыс айтылуын қадағалау. Кезекші дыбыстармен жұмыс жүргізу.
Қажетті көрнекілік және құрал-жабдықтар
Көрнекілік
- Балықтың суреті
- Аквариум
- Түрлі-түсті бояулар, қылқалам, қима қағаздар
Әр балаға
- Майлы қарындашпен алдын ала салынған балық бейнесі бар парақ
- Көгілдір бояу, қылқалам
- Су құятын ыдыс, қол сүрткіш
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сұрақтар: «Қазір жылдың қай мезгілі?», «Далада ауа райы қандай?», «Тобымызда кім жоқ?»
II. Кезекші дыбыспен жұмыс
Кезекші дыбыстар: А – О – У. Буындар: ПА – ПО – ПУ.
1) Хормен айту
ПА, ПО, ПУ
2) Жеке айту
Әр баламен жеке жұмыс
Тақырыппен жұмыс
Балаларға қағаз бетіне салынған балықтың суретін көрсетемін және аквариум туралы әңгімелеймін.
Жұмбақ-өлең
Қызыл түсті, мөлдір сулы.
Сары түсті, тасты құмды.
Жасыл түсті балықтар,
Әйнек үйде қалықтар.
Ол не, балалар?
Жауабы: аквариум.
Сұрақ
Сендер балықты қайдан көрдіңдер?
Тапсырма
Ұнаған аквариумды таңдап, оның ішіне судың суретін салыңдар. Қағаз бетін толық бояңдар.
Бояу техникасы және қауіпсіз дағды
- Қылқаламды темір бөлшегінен төмен, ағаш тұсынан үш саусақтың арасына қыспай, жеңіл ұстау.
- Қиналған балаларға қолдау көрсету: қолынан ұстап, бағыттап көмектесу.
- Аквариумды бояғанда балықтың бейнесіне бояуды тигізбей, ұқыпты жұмыс істеуді қадағалау.
- Майлы қарындашпен салынған балықтар өз қалпында сақталады.
Сергіту сәті
Өзенге біз барайық,
Балық аулап алайық.
Ұстап алған балықты,
Аквариумға салайық.
Қорытынды әңгіме
Балалардың жұмыстарын қарап, нәтижесін атап өтемін: «Аквариумдарың өте әдемі шықты!»
Сұрақ
Кімге сыйлағыларың келеді?
Балалар өз жұмыстарының анасына немесе достарына сыйлық болатынын айтады.
Күтілетін нәтиже
Жасайды
Бояуды қолдана отырып, қылқаламмен сурет салады.
Түсінеді
Балықтың суда өмір сүретінін түсінеді және аквариумдағы балыққа қамқорлық көрсетеді.
Қолданады
Дайын балық бейнесі бар парақты бояп, композицияны аяқтайды.
Мекеме және автор
Мекеме
Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты (КММ).
Тәрбиеші
Оспанова А. Д.