Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл өзгерістер оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі жаңарулармен тікелей байланысты. Себебі білім беру парадигмасы өзгеріп, мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пен жаңаша қарым-қатынас орнығуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, ақпарат ағынының күшеюі жағдайында білім беру мекемелерінің басты міндеті — оқушының ақыл-ой әлеуетін қалыптастырып, қабілеті мен талантын дамыту.
Бүгінгі басты талап
- Әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді ұйымдастыру
- Дербестікке, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу
- Жаңартылған педагогикалық технологияларды мақсатты түрде меңгеру
Бұл жаңару білім беру кеңістігінде ауадай қажет. Ол оқытушының қажымас ізденісі мен шығармашылық еңбегінің нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан оқу үдерісін мемлекеттік білім стандарты деңгейінде ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі — оқыту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінде оқытушылар инновациялық және интерактивті әдістемелерді сабақта қолдану арқылы оқытудың сапасын арттырып, сабақтың қызықты өтуіне ықпал етуде.
“Инновация” ұғымының түсіндірмелері
“Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея.”
“Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімін күтеміз.”
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 1980-жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселенің түйіскен тұсында пайда болып, жаңа мақсаттарды шешуге бағытталады және педагогикалық үдерісті үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
“Жаңару” туралы түсінік
Р. Масырова мен Т. Линчевская “жаңару” ұғымын былай түсіндіреді: жаңару — белгілі бір адам үшін жаңа ма, әлде ескі ме дегенге тәуелді емес; ол идеяның ашылған уақытына емес, алғаш қолданылған сәтіне қарай анықталатын жаңа идея.